АШМ Кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары сотталды

АШМ Кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Ауыл шаруашылығы министрлігінің кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары Б. Жолтайға қатысты үкім шығарды.

Ол үлестес компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тарту арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 3,2 млн теңге сомасында залал келтірді.

Оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

ТЕЛЕАРНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/nda8vjRUOy1LMQ

Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

_ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.