Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БҰҰ ЕжҚБ-ның жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының жаһандық операциялық желісі – GlobE Network шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда.
20-22 мамырда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұ.С. Сарқұлов бастаған делегация Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында өткен осы желінің VI Пленарлық отырысына қатысты.
Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарды, прокуратура органдарын және халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, 92 елден 120 мемлекеттік мекеменің 300-ден астам өкілін біріктірді.
Отырыстың негізгі мақсаттары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволармен халықаралық деңгейде бейресми ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде GlobE желісінің мүшелері арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру және мәліметтер алмасу.
Отырыс аясында 100-ден астам адам сөз сөйлеп, 20-дан астам тақырыптық пікірталас өткізілді. Сондай-ақ, GlobE желісінің 2024 жылғы қызметі туралы есеп тыңдалып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, қатысушы елдер арасында тікелей ақпарат алмасу үшін басшылық қағидаттар мен пайдаланылатын нысандар талқыланды.
Панельдік пікірталастардың бірінде Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі банк шоттарын қатыру және қылмыстық активтерді, оның ішінде шетелдік юрисдикцияларда тыйым салу бойынша тәжірибені таныстырды.
Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Корея, Аргентина, Бразилия және басқа да бірқатар елдердің өкілдерімен бірлесіп жемқорлыққа қарсы және салық органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың ықтимал тәсілдерін талқылады.
Қазақстан шетелдік әріптестерімен жедел және стратегиялық мәселелер бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.