Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/973hlg_yJPg1SQ 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.