Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру саласындағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Талдықорған қалалық соты «Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А. Мұратова мен А. Қалабаеваға, «Қазпошта» АҚ аудандық учаскесінің бастығы А. Такенге, «Айдана» бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м.а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығарды
Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Бұған дейін, ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментініңдиректоры М. Жолдыбаевтың үкімін жариялады.
Ол орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңге
жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Жолдыбаевқа5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Қадағалаушы прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.
Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот залында сотталған адам қамауға алынды.
Үкім заңды күшіне енді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше болып табылатын «Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы — филиалының лауазымды адамдарының өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Бас директор мен филиал қызметкері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында Тараз қаласындағы акционерлік қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмендетілген құны бойынша мемлекетке 460 млн теңгеден астам сомаға залал келтіре отыра іске асырды деп күдіктенуде.
Қабылданған шаралармен жылжымайтын мүлік объектісі мемлекеттік меншікке берілді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Қабылданған шаралар мен тетіктер кешені қойылған міндеттерді тиімді іске асыруға және заңдылықтың бұзылуына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.
Мәселен, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС бөлім басшысы Б.Қ. Базарбекке қатысты үкім шығарды.
Ол Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшылығы үшін мердігерлік ұйым директорының 103 млн теңге сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.
Базарбек 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру саласындағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ол мемлекеттік аттестаттаудан өтуге жәрдемдескені үшін білім беру мекемелерінің басшыларынан бірнеше рет пара алды деп күдіктенеді.
Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылорда қаласының білім бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол өзінің туысын ведомстволық бағынысты ұйымның педагогы ретінде жұмысқа орналастырғаны үшін қала тұрғынынан 1 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласының білім бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ол өзіне артық белгіленген норманың жалақысын негізсіз аудару арқылы 4,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық соты Балқаш ауданының білім бөлімінің басшысы Д. Ақмолдаеваға және осы бөлімнің 8 бухгалтеріне қатысты үкім шығарды.
Олар 129,6 млн теңге сомасында бюджет қаражатын өзіне артық жалақы аудару арқылы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Ақмолдаева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 3 жылдан 10 жылға дейін қызмет атқаруға тыйым салынып, 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру және шектеу жазасы тағайындалды.
Талдықорған қалалық соты «Талдықорған қаласының №12 орта мектебі» КММ бас бухгалтері Г. Салпиноваға және осы мектептің бухгалтері Н. Юсуповқа қатысты үкім шығарды.
Олар 24,5 млн теңге сомасында бюджет қаражатын өзіне белгіленген нормадан жоғары жалақы аудару арқылы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Салпинова мен Юсуповқа тиісінше 8 және 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.
Жымқыру тәуекелдерін азайту мақсатында барлық дерлік өңірлерде тәуекелдерді басқару жүйелері бар бухгалтерлік бағдарламаларға бірыңғай техникалық талаптар көзделген, олар жоғары жалақы мен «Өлі жандарды» есептей отырып, алаяқтықты уақтылы тоқтатуға, жалған деректердің енгізілуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, «Бұлтты бухгалтерия» жобасы іске асырылуда, ол бухгалтерлік есептің барлық жүйелерін орталықтандыруды және мемлекеттік органдардың, оның ішінде қазынашылықтың дерекқорларымен интеграциялауды көздейді.
Жоба бюджетті жоспарлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем құжатына жалған деректерді енгізу тәуекелдерін және басқа да қаржылық бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазір әкімдіктер ай сайын білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылық есептерімен автоматты түрде салыстырып отырады. Кез келген сәйкессіздіктер екі рет тексеріледі.
Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық департаменттері ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап жалақыны негізсіз аудару тұрғысынан төлемдерді камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Барлық күдікті операциялар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, білім басқармасына және аударым жасаған ұйымның өзіне талдау жасау үшін түседі.
Бұл барлық күдікті операцияларды бақылауға және құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Ақшалай төлемдерді алушылардың дербес деректерінің дұрыстығына төлем құжаттарын автоматты тексеру тетігін енгізу инновациялардың бірі болып табылады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Жол картасының 9-тармағын іске асыру шеңберінде қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйесін интеграциялау жүргізілді
Мәселен, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Жол картасының 9-тармағын іске асыру шеңберінде қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйесін Әділет министрлігінің жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау жүргізілді. Енді мұғалімдерге төленетін барлық төлемдер - жалақы, іссапар, сыйлықақылар және демалыс ақысы ЖСН және ТАӘ бойынша ресми деректерге сәйкестігі автоматты түрде тексеріледі.
Қосымша, екінші деңгейдегі банктер ЖСН бойынша түскен төлемдерді банк шотының деректерімен салыстырады. Бұл үшінші тұлғаның банктік шоты қазіргі жұмысшының атымен көрсетілген кезде жалған мәліметтер бойынша қаражат аудару мүмкіндігін толығымен жояды.
Енгізілген тетік тек білім беру ұйымдарына ғана емес, қазынашылық жүйесі арқылы төлемдерді жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік мекемелерге де қолданылатынын атап өткен жөн.
Қазірдің өзінде біз үлкен өзгерістер туралы айта аламыз және қабылданған шаралардың әсерін көреміз.
Егер 2023 жылы осы саладағы жымқыру 17 млрд теңгеден асса, 2024 жылы жаңа жымқыру шараларының арқасында 22 миллион теңгеге дейін айтарлықтай азайтылды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі міндеттерінің бірі.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында «follow the money» қағидаты бойынша жүргізілуде және мемлекеттік институттарға деген қоғамның сенімін нығайтуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.
2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,12 трлн теңгеден астам актив қайтарылды.
Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат пен мүлікті іздеу жұмыстары ел ішінде де, шетелде де жүргізілуде.
Бұл мақсатта Қаржы мониторингі агенттігінің қаржылық барлау бөлімшесімен, сондай-ақ халықаралық әріптестермен тығыз ынтымақтастық орнатылған. «GlobE», «CARIN», «ARIN» және басқа да бейресми байланыс арналары пайдаланылып, активтерді жедел анықтауға және қайтаруға мүмкіндік беруде.
Осыған ұқсас жұмыстар өңірлік департаменттер тарапынан да жүргізілуде.
Мысалы, Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іске қатысты күдіктінің үйінде тінту жүргізу барысында шетелдік банктің реквизиттері көрсетілген қаржылық құжаттарды анықтады.
Қаржы мониторингі агенттігінің қаржылық барлау бөлімшесімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде ұрланған қаражаттың бір бөлігі көрсетілген шетелдік банктегі шоттарға аударылғаны туралы ақпарат алынды.
Кейіннен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің байланыс офицері «GlobE» халықаралық желісі арқылы шетелдік әріптестерімен байланыс орнатып, күдікті мен оның туысына тиесілі шоттар мен қаржылық операциялардың бар екенін растады.
Олар сондай-ақ ақша қаражатын алушы болған ҚР-ның резиденті емес тұлғаға қатысты деректерді ұсынды. Ақшалай қаражатқа тыйым салу және оларды кейін ықтимал тәркілеу мақсатында шет мемлекеттің құзыретті органдарына құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды.
Өзара іс-қимыл жалғасуда.
Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.
Жалпы, қаржылық тергеу жүргізу кезінде күдіктілердің туыстарына, сенімді адамдарға және жиі номиналды меншік иелері ретінде пайдаланылатын басқа тұлғаларға рәсімделген активтер тексеріледі. Әдетте, олар мүлік пен оны сатып алуға жұмсалған қаражаттың заңды шығу тегін дәлелдей алмайды, ал олардың ресми табысы активтердің құнынан едәуір төмен.
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті тұлға қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған автокөлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдеген.
Шымкентте мемлекеттік қызметкер ұрланған ақшаға зайыбына электромобиль сатып алған.
Жетісу облысында жүргізілген қаржылық тергеу нәтижесінде жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын мүлік, соның ішінде ақша қаражаты, алты автокөлік және бір пәтер анықталып, тәркіленді.
Бұл – бірегей жағдайлар емес.
Мұндай барлық активтерге тыйым салынып, олардың тәркіленуі бойынша шешімді сот үкім шығарған кезде қабылдайды.
Активтерді іздеу, тыйым салу және қайтару бойынша жұмыстарды жүргізу барысында олардың түпкілікті меншік иелерін анықтау, қажетті мәліметтер мен дәлелдерді алу бойынша Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитетімен және басқа да құқық қорғау органдарымен, соның ішінде шетелдік құқық қорғау органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.
Мысалы, Активтерді қайтару комитетімен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен мемлекет пайдасына 5 млрд теңгеден астам қаржы, зергерлік бұйымдар және қымбат мүліктер қайтарылды.
Жүргізілген тергеу іс-шаралары мен жиналған материалдарды талдау барысында бұл активтердің сатып алыну көздерінің заңдылығына негізді күмән анықталды. Сондай-ақ олардың құны заңды табыс көлеміне немесе өзге де заңды қаржы көздеріне сәйкес келмейтіні анықталды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлардан тәркіленген барлық қаржы әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталуда.
«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы қайтарылған 153,3 млрд теңге есебінен 89 мектептің құрылысына қаржы бөлініп, нәтижесінде елдің түрлі өңірлері мен ірі қалаларында 100 мыңға жуық оқушы орны жасақталды.
Осы 89 мектептің 61-і (74,4 мың орын) салынып, пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық жерлерде орналасқан.
Бұл шара 6 үш ауысымды, 2 апатты және 1 тозығы жеткен мектептің мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
2024 жылы 25 жаңа мектеп салынды, олардың басым бөлігі Астана қаласында, сондай-ақ Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, оқушылар үшін қолайлы жағдай жасалған.
Ағымдағы жылы 22 мың оқушыға арналған тағы 28 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған.
Қаржыландырудың өзге көзі «Арнаулы мемлекеттік қор» болып табылады, ол мемлекет меншігіне қайтарылған мүлікті сатудан алынған түсімдер мен қаражат есебінен, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күштерімен толықтырылады.
Ақшаның бір бөлігі ауылдық жерлердегі 7 мектепті (Атырау, Түркістан облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында), 2 спорт кешенін (Ақмола және Алматы облыстарында), 1 жатақхананы (Шымкент қаласында) және 2 балабақшаны (Ақтөбе және Петропавл қалаларында) қоса алғанда, 12 нысан салуға бағытталды.
Сонымен қатар, елордада Арнайы мемлекеттік қор қаражатына Қ. Мұнайтпасова атындағы 3598 орындық жаңа стадион салынады.
Сондай – ақ денсаулық сақтау саласындағы 105 объект (Риддер қаласындағы көпфункционалды аурухана кешені, жедел жәрдем станциялары, медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, зертханалар), 162-сумен жабдықтау жүйелері (су құбыры және тарату желілері, су тарту және қысым-реттеу құрылыстары) мақұлданды.
Арнайы мемлекеттік қордан еліміздің әртүрлі өңірлерінде 223,9 млрд теңгеге 280-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысандарды инвестициялауға қолдау көрсетілді.
Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Ағымдағы жылдың 17 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Асхат Жұмағалидің төрағалығымен жеке құрамның қатысуымен жедел кеңес өтті.
Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының нұсқаулары мен тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Орган жұмысының негізгі векторы Президент жариялаған «Заң және Тәртіп» идеологиясын кеңінен енгізуді жалғастыру.
Оның белсенді іске асырылуы қоғамда құқық бұзушылықтарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыруға ықпал ететін болады.
«Адал азамат» тұжырымдамасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуға, патриоттық және білімді ұрпақты тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажет.
Өткен жылы Агенттік 900 мыңнан астам азаматты қамти отырып, осындай 7,5 мыңға жуық іс-шара өткізді.
Процестерді цифрландыру және жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Мысалы, «цифрлық теңге» арқылы «ақшаны бояу», білім беру саласында бұлтты бухгалтерияны енгізу, «е-Спорт», «е-Qurylys» ақпараттық жүйелері және т.б. сияқты жобалар мемлекеттік қаражатты жымқыру және мақсатсыз пайдалану фактілерін барынша азайтуға ықпал ететін болады.
Энергетика, агроөнеркәсіптік сектор, көлік және туризм салаларындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелеріне баса назар аударылды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, дәл осы салалардың Қазақстанның тұрақты ілгерілеуіне зор мүмкіндіктері бар.
Олардың кейбіреулері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыртқы талдаулар жүргізіп, елеулі жемқорлық тәуекелдерін анықтап, оларды жою бойынша ұсынымдар енгізді.
Сондықтан талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және осы тәуекелдерді жою жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Президент айтқандай, жыл сайын инвестициялық жобалар іске қосылады, айтарлықтай бюджет қаражатын бөлу жоспарлануда.
Мұнда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет нысаналы пайдалану, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар салаларда олардың мониторингін қамтамасыз етуге бағдарланған.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Агенттік азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жұмысты жалғастырады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қазіргі жағдайда кез-келген мемлекеттік орган қоғамның қолдауымен ғана жетістікке жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жұмыс тек халықтың белсенді қатысуының арқасында мүмкін болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түрлі байланыс арналары арқылы ашықтық қағидатын іске асырады.
Біздің жұмысымыздың алғышарттары ретінде «транспаренттілік» және «ашықтық» қағидаттары тұр.
Агенттік жұмысының негізгі бағыттарының бірі азаматтармен жедел және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Call-орталықты ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді.
Операторлар Агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша шағымдарды, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды.
Орталық сыбайлас жемқорлық фактілері, оның ішінде орын алған немесе жоспарланып жатқан құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жағдайлары туралы телефон хабарламаларына тәулік бойы ден қояды.
Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі операторы құқық бұзушылық жасады деген күдік туралы қоңырау түскен кезде абонентті хабарламаға тіркейтін және жедел ден қою шараларын қабылдайтын Агенттіктің кезекші офицерімен дереу байланыстырады.
Осылайша, әрбір хабарлама уақтылы тексеріледі.
Жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа дейінгі тергеу басталады.
2024 жылы Call-орталыққа 26 мыңнан астам өтініш түсті:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәселелері бойынша 5,8 мыңнан кеңес берілді;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері бар 862 хабарлама;
Call-орталық арқылы келіп түскен хабарламалардың нәтижелері бойынша ашылған қылмыстық істердің саны артып келеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, біржолғы ақшалай сыйақы төленетінін еске саламыз.
Сыйақы қағидалармен регламенттелген және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және азаматтық қоғамды осы қауіпті әлеуметтік құбылысқа қарсы күреске тарту жөніндегі пәрменді ынталандырушы тетік болып табылады.
Сыйақы 10%-ға дейін, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды. Яғни, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы сенімді ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы көзделген.
2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалпы сомасы 35,5 млн теңгеге 104 азаматты көтермеледі, оның ішінде 38 мемлекеттік қызметші грамоталармен марапатталды.
Өтініштердің көпшілігінде мынадай фактілер бар: қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін пара алғаны, өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, патронаттығы, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар және лауазымды тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттері.
Сыйақы алған адамдардың ең көп саны Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерге тиесілі, онда 6-дан 10 адамға дейін сыйақы алды.
Мемлекеттік қызметшілердің хабарламалары да артып келеді.
2024 жылы Шымкент қаласында 6 млн теңге, яғни пара сомасының 10% - на «Т» және «Б» азаматтарының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесуге көмектескені үшін «Б» азаматы сыйақы алды.
Астана қаласы бойынша департаменті 3 млн теңге сомасына полиция қызметкерлеріне пара беруге итермелеген екі азаматқа қатысты сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін «Т» азаматына сыйақы берді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз етеді. 2023 жылғы 3 қаңтардан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғаудың кешенді бағдарламасына түсті.
Енді сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдарға қатысты физикалық қол сұғылмаушылық ғана емес, сонымен қатар құпия ақпаратты және олардың еңбек құқықтарын қорғау шаралары күшейтілді. Енді сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдарды комиссия құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің қатысуынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартуға, жұмыстан шығаруға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды. Ал сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдар туралы құпия ақпарат жария етілген жағдайда қылмыстық жауаптылық көзделген.
Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік, сондай-ақ азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау үшін жаңа WhatsApp-чат-бот Антикор 1424 құралын іске қосты.
Енді әрбір азамат сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады немесе WhatsApp мессенджері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады.
Ол үшін 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті.
WhatsApp чат-бот Антикор 1424 арқылы не істеуге болады?
✅ Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау
✅ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алу
Біз өтініштің толық құпиялылығына кепілдік береміз.
Барлық хабарламалар міндетті түрде қаралады және құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.
Алайда, сыбайлас жемқорлық туралы жалған хабарлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске саламыз.
Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат 1424 телефоны бойынша 24/7 жұмыс істейтін Антикор Call-орталығына немесе WhatsApp-чат-бот Антикор 1424: 8 777 000 1424, сондай-ақ аумақтық Antikor Ortalygy-ге бара алады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат болған жағдайда 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа жүгінуге шақырады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қаржы мониторингі агенттігі виртуалды активтерге байланысты қылмыстық істерді тергеу бойынша бірлескен семинар өткізді.
Оның негізгі мақсаты - криптовалютаны анықтау және тәркілеу кезінде құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.
Семинарда цифрлық активтерді пайдалану арқылы жасалған заңсыз әрекеттерге байланысты қылмыстық істердің мысалдары қарастырылды.
Сарапшылар жеке және заңды тұлғалар өздерінің активтерін, соның ішінде Қылмыстық жолмен алынған активтерді криптовалютада сақтау тәсілін таңдайтынын атап өтті. Бұл Қазақстанда ресми төлем құралы болып табылмайтынына қарамастан, оларды еркін айырбастау, тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ банктік шоттар арқылы айырбастау және қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкіндігі бар екендігіне байланысты айтылды.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, виртуалды активтер пара нысанасына айналып қана қоймай, қылмыстық кірістерді жасыру, оларды заңдастыру (жылыстату) және басқа да заңсыз операциялар үшін қолданылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиімді жұмысының нәтижесінде қазіргі уақытта 110 мың АҚШ долларынан астам сомаға цифрлық активтер тәркіленді.
Бұл виртуалды активтермен байланысты қылмыстарды анықтау және тергеу тетіктерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ құзыретті органдардың бақылауы мен өзара іс-қимылын күшейту қажеттілігін көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеулерде озық технологиялар мен халықаралық тәжірибені енгізе отырып, осы саладағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастырады.
2024 жылы жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске шабыттандыра отырып, «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Республикалық қашықтықтан балалар суреттері конкурсы және «Жемқорлықпен бірге күресеміз!» атты екі маңызды конкурс өтті. Бұл іс-шаралар өнер арқылы адалдық пен парасаттылыққа деген көзқарастарын білдірген жас суретшілер мен шығармашылық авторлардың белсенді қатысуын көрсетті.
«Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» республикалық байқауы
Конкурсты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен Білім министрлігінің Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Ол жас қатысушылардың өздерінің өнер туындыларын ұсынған www.ziyatker.org порталында өтті.
2024 жылдың 4 қарашасында әділқазылар алқасы байқауды қорытындылады. Финалдық кезеңге түскен 3 500 суреттің 2 481-і өтті, ал 564 қатысушы жеңімпаз атанды. Жұмыстар бес балдық шкала, алты критерий бойынша бағаланды, бұл олардың ең жақсысын көркемдік шеберлік пен идеялық мазмұн деңгейі бойынша анықтауға мүмкіндік берді.
Конкурс номинациялары және ұсынылған жұмыстар саны:
- «Әділетті Қазақстан!» - 373 жұмыс;
- «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем» - 1 803 жұмыс;
- «Мен және заң» - 305 жұмыс.
Конкурста Қарағанды облысының (197 жұмыс), Жамбыл облысының (252 жұмыс) және Алматы қаласының (387 жұмыс) оқушылары белсенділік танытты. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, олардың тәлімгерлері алғыс хаттар алды, ал барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Байқау қорытындысы www.ziyatker.org. ресми сайтында жарияланды.
«Жемқорлықпен бірге күресеміз!» халықаралық байқауы
2024 жылғы 9 желтоқсанда беделді халықаралық әлеуметтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы жарнама «Жемқорлықпен бірге күресеміз!» байқауының жеңімпаздары жарияланды. Конкурсты РФ Бас прокуратурасының қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңес ұйымдастырды.
2024 жылы іс-шара өтінімдер саны бойынша рекордты жаңартты - 11 елден: Армения, БАӘ, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Таиланд, Мьянма, Бразилия, Беларусь, Ресей және Тәжікстаннан келген жас қатысушылардан 41 000-нан астам жұмыс ұсынылды.
Қазақстаннан келген жас таланттар жеті жүлделі орынға ие болып, 2023 жылы екі жүлдемен салыстырғанда айтарлықтай жетістікке қол жеткізді.
Қазақстанның жеңімпаздары:
Үздік сурет:
1 орын – Амирова Д. (Қостанай облысы);
3 орын – Қазиева Г. (Маңғыстау облысы).
Үздік бейне:
1 орын – Нұрланұлы Д. (Қызылорда облысы);
3 орын – Амангелдин И., Серікпай Н., Базарбай А. (Ақтөбе облысы, ұжымдық жұмыс).
Үздік постер:
2 орын – Сағидоллақызы А., Нұрасыл М. (Қызылорда облысы);
2 орын – Авдеев Н. (Солтүстік Қазақстан облысы).
Байқау жеңімпаздарына Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы медальдар мен кәдесый өнімдерін жіберді, оларды аумақтық департаменттердің басшылары аймақтық және республикалық БАҚ-та жарияланумен салтанатты рәсімде табыстады.
Лауреаттардың жұмыстары да онлайн-көрмеге кіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық материалдарды жасау үшін пайдаланылатын болады.
Жеңімпаздардың толық тізімі келесі сілтеме бойынша қол жетімді: anticorruption.life/results. Бұл байқаулар жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын тәрбиелеу және қоғамдағы адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту үшін маңызды платформаға айналды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 арқылы шұғыл хабарлаңыз.