Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желілерде Агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар мен парақшалар құруды жалғастыратын алаяқтар туралы тағы да ескертеді.
Сонымен, Facebook әлеуметтік желісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағалидің атынан жалған парақша ашылу жағдайы тіркелді (жалған парақшаның сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=61569342687027 ).
Бұл Төрағаның жеке парақшасы емес екенін ескертеміз.
Қазіргі уақытта мұндай жалған парақшаны бұғаттау жұмыстары жүргізілуде.
Facebook пен Instagram-дағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасының ресми парақшасы келесі сілтемелер бойынша қолжетімді екенін хабарлаймыз: https://www.facebook.com/ashatzhumagali, https://www.instagram.com/askhatzhumagali79?igsh=OXV6Y3Z1dThjcDc3.
Төрағаның атынан шығатын немесе күдікті мазмұнды тарататын басқа парақшалар мен аккаунттарға сенбеулеріңізді сұраймыз.
Мұндай жағдайлар мен хабарламалар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауларыңызды сұраймыз.
Агенттіктің аумақтық департаменттерінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларға сілтемелер:
Астана қаласы
Facebook: https://www.facebook.com/share/v/16WxbNwdiX/?mibextid=wwXIfr
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.astana?igsh=OHB1ejZ1eWprMThx
Алматы қаласы
Facebook: https://www.facebook.com/share/1Lnuwgtgnz/?mibextid=wwXIfr
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.almaty.qalasy?igsh=MWVwZmNtMDlzd3Zkbg==
Шымкент қаласы
Facebook: https://www.facebook.com/share/1GGwoYMbyd/?mibextid=wwXIfr
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.shymkent?igsh=MWc4YXVjajk2ejJ2Yg==
Абай облысы
Facebook: https://www.facebook.com/share/15SNL4yo2k/?mibextid=wwXIfr
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.abai?igsh=MXduYTBxeDRpeHlndA==
Ақмола облысы
Facebook:https://www.facebook.com/share/156e9FHBVev/?mibextid=wwXIfr
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.aqmola?igsh=MXF0bnNuc3Q4Yjh5bw==
Ақтөбе облысы
Facebook: https://www.facebook.com/share/16Nheo6n6x/?mibextid=wwXIfr
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.aqtobe?igsh=MTdidGxsZHRnMDE2eA==
Алматы облысы
Facebook:
https://www.facebook.com/share/1AQ67kCkW2/?mibextid=wwXIfr
Instagram:
https://www.instagram.com/antikor.almaty.obl/profilecard/?igsh=MWhxNjFiajJxZ2lxcQ==
Атырау облысы
Facebook: https://www.facebook.com/share/19CBmVfnYJ/?mibextid=wwXIfr
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.atyrau?igsh=MTlkZjA2MDdtZjczbA%3D%3D&utm_source=qr
БҚО
Facebook: https://www.facebook.com/share/1C44UrY31o/?mibextid=wwXIfr
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.bqo?igsh=NWtqaGl6dzBqbmRi
Жамбыл облысы
Facebook:
https://www.facebook.com/profile.php?id=100089637463404&mibextid=LQQJ4d
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.zhambyl? igsh=MTRlYzA0YnIyZWhjOQ%3D%3D&utm_source=qr
Жетісу облысы
Facebook: https://www.facebook.com/share/19Cm6j7H6p/?mibextid=wwXIfr
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.zhetysu?igsh=MXNjZ216d2xydDVlMw==
Қарағанды облысы
Facebook: https://www.facebook.com/share/1Eu43CePpJ/?mibextid=wwXIfr
Instagram:
https://www.instagram.com/antikor.karaganda?igsh=YnQweHk0cDdqNWk3
Қостанай облысы
Facebook: https://www.facebook.com/share/1HSKAxVeyS/?mibextid=wwXIfr
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.kostanay?igsh=cjR2YTM1ejg1MW92
Қызылорда облысы
Facebook: https://www.facebook.com/share/1AgDqPQHdJ/?mibextid=wwXIfr
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.qyzylorda?igsh=bHN0ZHp5bjd3a2l6
Маңғыстау облысы
Facebook: https://m.facebook.com/100038456293312/
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.mangystau.obl?igsh=MXE4cXl0N2t1c29uNQ==
Павлодар облысы
Facebook: https://www.facebook.com/share/1CCGs4NfQZ/
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.pavlodar?igsh=MW5peGFvMHd1ZXo0NQ==
СҚО
Facebook: https://www.facebook.com/b.b.mahmud
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.sqo/
Түркістан облысы
Facebook: https://www.facebook.com/murat.toleubaev.24.08.1974?locale=ru_RU
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.turkestan?igsh=MWNwN2V0YXhmeHo4dg==
ШҚО
Facebook: https://www.facebook.com/share/16j4nP99kR/?mibextid=wwXIfr
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.vko?igsh=MXNsOTdpNGh5a3EybQ==
Ұлытау облысы
Facebook:https://www.facebook.com/share/19RNK4qe1L/
Instagram: https://www.instagram.com/antikor.ulytau?igsh=MWpyZ2U5NTFrZDhydQ==
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Тараз қаласының сотымен Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т.Смағұлов, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС Бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М. Асан сотталды.
Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Смағұлов, Полатбеков және Асан жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл салуға сотталды.
Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Сонымен қатар Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/K1DZ2JOUMRidbQ
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Қазақстан ГРЕКО-ның Страсбургтегі 100-ші пленарлық отырысында бағалаушы елдің рөлін атқарды.
Еуропа Кеңесінің ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 100-ші пленарлық отырысы өтті, оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдардың орындалуын бағалаудың бесіншіраунды шеңберінде Қазақстан Республикасы бағалаушы ел ретінде алғаш рет қатысты.
ГРЕКО Хатшылығының шешімі бойынша Қазақстанға Чехия Республикасының Құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты ұсынымдарды орындауын бағалау тапсырылды.
Бағалау бойынша серіктес Финляндия болды, ол Чехияның орталық мемлекеттік органдарына қатысты ұсыныстардың орындалуын талдауға жауапты болды.
Отырыста Қазақстан атынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова қатысты.
Ұлттық сарапшы ретінде ол талдау нәтижелерін таныстырды, оның қорытындысы бойынша есеп мақұлданды. Чехияға келесі 18 ай ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.
Қазақстанның бағалаушы ел болып тағайындалуы еліміздің халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықсаласындағы беделінің артып келе жатқанын көрсетеді.
Пленарлық отырыс шеңберінде қатысушылар ГРЕКОұсынымдарын іске асырудың озық тәжірибелерін, оларды енгізудің үлгілік қиындықтарын, сондай-ақ одан әрі жұмыстың перспективалық бағыттарын талқылады.
Азаматтық қоғамның қатысуымен субұлттық (өңірлік) деңгейде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне баса назар аударылатын бағалаудың алдағы алтыншы раундына ерекше назар аударылды.
Бұл раундтағы алғашқы бағалар Эстония, Словакия, Люксембург және Словениядан өтеді. Сондай-ақ, Қазақстанның бағалаушы
ел ретінде алтыншы раундқа қатысу мүмкіндігі талқыланды, бұл халықаралық аренада парасаттылық пен транспаренттілікті нығайтудағы еліміздің дәйекті саясатының қисынды жалғасы болады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Ағымдағы жылдың 20 мамырында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотымен қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Өсербаев сотталды.
Ол «Suberpro-com» ЖШС өкілінің «Церебралдық сал ауруы» диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шарт жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 3,6 млн теңге сомасында ақша қаражатын жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Өсербаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 27 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Сонымен қатар Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
2025жылғы 30 мамырында жыл сайынғы «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.
«Халық заңгері» – бұл мемлекеттік органдардың өкілдері, білікті заңгерлер менадвокаттар түрлі мәселелер бойынша тегін құқықтық көмек көрсете отырып, азаматтарды қабылдауды жүргізетін ауқымды қоғамдық маңызы бар іс-шара болып табылады.
Биыл мұндай көмекті мемлекеттік органдардың 1000-ға жуық қызметкері мен құқық саласындағы жетекші сарапшылар көрсетті.
Консультациялар азаматтарға ыңғайлы жерлерде – сауда орталықтарында, ХҚКО-тарында, сондай-ақ жоғары оқу орындарының алаңдарында өткізілді.
Іс-шараны өткізу географиясы еліміздің 200 елді мекенін қамтыды.
Нәтижесінде 100 мыңнан астам азамат заңгерлік кеңес алды.
Іс-шараға кәсіби қауымдастықтар: аймақтық адвокаттар алқалары, заң кеңесшілері палаталары, нотариустар және жеке сот орындаушылары айтарлықтай қолдау көрсетті. Сонымен қатар, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға 100-ге жуық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті студенттер қатысты.
Агенттік дәстүрлі түрде Әділет министрлігімен және Zakon.kz. желілік басылыммен бірге акцияны ұйымдастырушылардың бірі болып табылады.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайтудың қажетті шарты ретінде қарастырылады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі негізде әлеуметтік сезімтал салаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі дәйекті саясатты іске асыруды жалғастыруда.
Денсаулық сақтау жүйесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ең осал болып қала береді және қоғамның ерекше назарында.
Соңғы үш жылда бұл салада 134 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, олар бойынша 57 адам сотталды.
Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері азаматтардың сеніміне нұқсан келтіріп қана қоймай, медициналық қызметтердің тиімділігінің төмендеуіне және мемлекеттік қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына әкеледі.
Ағымдағы жылдың маусым айында Орталық органның және оның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен сыбайлас жемқорлық схемасы ашылды.
Осылайша, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары әшкереленді.
Ол денсаулық сақтау субъектісіне халыққа медициналық қызмет көрсету үшін бөлінген 400 млн теңгеденастам қаражатты жүйелі түрде ұрлады деп күдіктелуде.
Жымқыру медициналық ұйымның «Damumed» ақпараттық жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Өскемен қаласының тұрғындарына көрсетілген қызметтер туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен жасалды.
Іс жүзінде медициналық қызметтер көрсетілмеді, отыз мыңнан астам «тіркеулер» анықталды.
Сонымен қатар, ол жеке медициналық мекеменің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қатысып, Қордың жымқырған қаражатын, оның ішінде қымбат мүлікті сатып алу арқылы заңдастырды деп күдіктенеді.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда, шенеунік пен басқа адамдардың басқа қылмыстық эпизодтарға қатысуы тексеріледі.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Егер сіз өзіңіздің келісіміңізсіз медициналық қызмет көрсету үшін дербес деректерді заңсыз пайдалану туралы білсеңіз, бұл туралы 1424 нөмірі бойынша «Call-орталыққа» хабарлауыңызды сұраймыз.
ТЕЛЕАРНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/eB1onZWYiyP1aw
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
2025 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Еуропа Кеңесінің Экономикалық қылмысқа қарсы күрес және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Евгений Евгениев мырзамен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық саясатты жетілдіру, халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) ұсынымдарыніске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сол күні Astana International Forum алаңында Агенттік делегациясы Астана қаласында өткен 2024-2027 жылдарға арналған Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен тату көршілік жөніндегі ынтымақтастығының басымдықтары жөніндегі конференцияға қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаттары Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы болашақ өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын таныстыру, сондай-ақ бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыруүшін ресурстарды жұмылдыру мәселелерін талқылау болды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Ауыл шаруашылығы министрлігінің кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары Б. Жолтайға қатысты үкім шығарды.
Ол үлестес компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тарту арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 3,2 млн теңге сомасында залал келтірді.
Оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
ТЕЛЕАРНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/nda8vjRUOy1LMQ
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.«Заң мен тәртіп»тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылдың 30 мамырында Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Іс-шараға АгенттіктіңТөрағасы Асхат Жұмағали, Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов, қоғам өкілдері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ірі квазимемлекеттік компаниялардың, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылары қатысты.
Іс-шараның модераторы – Парламент Мәжілісінің депутаты, Қоғамдық кеңес Төрағасы Марат Башимов болды.
Өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын және «Бизнеске жол» жобасын іске асырудың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауының өзекті
мәселелері қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Асхат Жұмағали құттықтау сөзінде Агенттіктің тиімді жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде азаматтардың сенім деңгейі болып табылатынын және бұған қоғаммен белсенді өзара іс-қимыл арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.
Облыс тұрғындары ауызсу мен ауаның сапасын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту мәселелерін бірнеше рет көтерді.
Жолдардың жағдайы қоғамды алаңдататын мәселелердің бірі болып қала береді.
Мұндай жағдайдың мысалы ретінде елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуда шешуші рөл атқаратын«Атырау-Астрахань» автожолының алты жылға созылған жөндеуі болып табылады.
Агенттіктің қоғамдық кеңесінің мүшелері денсаулық сақтау және білім беру нысандарының жетіспеушілігіне, экологияның жай-күйіне, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне назар аударды.
Бұл мәселелердің барлығы, әдетте, сыбайлас жемқорлық факторларымен байланысты, бұл оларды жою үшін кешенді және жүйелі шараларды қабылдауды талап етеді.
Сондай-ақ, отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде квазимемлекеттік компаниялардың қызметіндегі жұмыстардың жеткіліксіздігі туралы айтылды.
Антикор басшысы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы - құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында ерте әрекет ету құралы ретінде қолданылуы қажет екенін атап өтті. Бұл механизмнің тиімділігі билік, қоғам және бизнес өкілдерінің ашық әрі сындарлы өзара іс-қимылына тікелей байланысты.
Бұдан басқа, өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесу өтті, онда кәсіпкерлердің мемлекеттікоргандардың қажетті шешімдер қабылдауын кешіктіруге, жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану салаларында түрлі рұқсаттар беруге байланысты мәселелері қаралды.
Іс-шаралардың қорытындысы бойынша жауапты орындаушыларға белгіленген мәселелерді шешу үшін жан-жақты шаралар қабылдау бойынша нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/OB7xk9hTimQL1w*
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің басшысы Д. Хамзинге және осы Департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К.Қашқынбаевқа қатысты үкім шығарды.
Хамзин Қазынашылық Департаментінің ғимаратын ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 1 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар ол Қашқынбаевпен бірге топта олармен үлестес тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 млн теңге жымқырды.
Хамзин мен Қашқынбаевқа тиісінше 55 млн теңге және 25,4 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сондай-ақ, оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.