Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызмет туралы
Қызметі
Департамент туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
Жедел-іздестіру іс-әрекеті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
26 января 2026
Фармацевтика саласын сауықтыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі фармацевтика саласындағы қылмыстық схемаларды ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Медициналық бұйымдарды отандық өндіруді жалған көрсетуге негізделген ауқымды схема әшкереленіп, жолы кесілді.

«OrdaMed» АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісінің бар екені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін аса қажет 28 атаудағы медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференциялар алған.

      

 

Алайда іс жүзінде дайын медициналық жабдық шетелден жеткізілген.

Нәтижесінде мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.

Тінту шаралары барысында «OrdaMed» АҚ басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленді, «Interdentica», «Erkin Brand» және «OrdaMed» компанияларындағы қатысу үлестері тыйым салынған.

Сот санкциясымен «OrdaMed» АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Жедел-іздестіру іс-әрекеті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
12 января 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті.

Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен.

 

 

Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрдтеңгені құрады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
08 января 2026
ҰҚК қызметінің 2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізуде.

2025 жылы 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті.

1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданды.

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты.

Ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

ҰҚК баспасөз қызметі

02 декабря 2025
2025 жылғы қарашадағы ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы

Биыл қарашада Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 100 құқық бұзушылық тіркелді:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)8;

- 190-бап (алаяқтық) 15;

- 194-бап (қорқытып алу) 1;

- 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру)1;

- 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру)1;

- 249-бап (рейдерлiк)2;

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану)11;

- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану)4;

- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) 1;

- 366-бап (пара алу)17;

- 367-бап (пара беру)33;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу)2;

- 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау)1;

- 371-бап (салғырттық)1;

- 416-бап (дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау)1;

- 425-бап (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер)1.

 Сотқа келесі 24 қылмыстық іс жіберілді:

- 190-бап (алаяқтық)10;

- 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) - 1;

- 366-бап - (пара алу) - 3;

- 367-бап (пара беру)8;

- 385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу)2.

 Өтелінген залал (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 409,6 млн теңгені құрады.

Жұмыс жалғасуда.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Жедел-іздестіру іс-әрекеті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
03 ноября 2025
2025 жылғы қазандағы ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы

Қазан айында Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 83 құқық бұзушылықты тіркеді:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)12;

 - 190-бап (алаяқтық) 16;

- 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру)1;

- 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру)1;

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану)2;

- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану)3;

- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) 1;

- 366-бап (пара алу)26;

- 367-бап (пара беру)11;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу)4;

- 380-бап (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану)1;

- 394-бап (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру)2;

- 414-бап (көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау)1;

- 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру)2.

 

 Сотқа келесі 54 қылмыстық іс жіберілді:

- 147-бап (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) 1;

- 189-бап (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)1;

- 190-бап (алаяқтық)17;

- 366-бап (пара алу)19;

- 367-бап (пара беру)11;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу)5.

 

 Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

  

ҰҚК баспасөз қызметі

Жедел-іздестіру іс-әрекеті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
28 октября 2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысыныңбірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізуде.

Атап айтқанда, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңгебюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Ветеринариялық қызметі басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі тергелуде.

Соттың санкциясымен көрсетілген тұлғалар қамауда ұсталуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Жедел-іздестіру іс-әрекеті
02 октября 2025
2025 жылғы қыркүйектегі ҰҚК СЖҚҚ іс-қимыл нәтижелері туралы

Қыркүйек айында ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 13 құқық бұзушылықты тіркеді:

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 1;

- 366-бап (пара алу) - 5;

- 367-бап (пара беру) - 5;

- 234-бап (экономикалық контрабанда) - 1;

- 287-бап (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) - 1.

 Сотқа келесі 9 қылмыстық іс жіберілді:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 3;

- 190-бап (алаяқтық) - 1;

- 366-бап - (пара алу) - 3;

- 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) - 1;

- 385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) – 1

 Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

02 сентября 2025
2025 жылғы тамыздағы ҰҚК СЖҚҚ іс-қимыл нәтижелері туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес шеңберінде ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тамыз айында ҚР Қылмыстық кодексінің келесі:

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 4;

- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) - 1;

- 366-бап (пара алу) - 17;

- 367-бап (пара беру) - 18;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) - 3;

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 4;

- 190-бап (алаяқтық) - 2;

- 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) - 1;

- 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) – 1 баптары бойынша сараланатын 51 құқық бұзушылық фактісін тіркеді.

 

Сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 9;

- 190-бап (алаяқтық) - 6;

- 366-бап - (пара алу) - 6;

- 367-бап (пара беру) - 5;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) - 2;

- 365-бап (заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау) – 1 баптары бойынша 29 қылмыстық іс жіберілді.

 

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 730 мың теңгесомасында сыйақы берілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Жедел-іздестіру іс-әрекеті
04 августа 2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясымен қамауға алды.

 

 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

02 августа 2025
2025 жылғы шілдедегі ҰҚК СЖҚҚ іс-қимыл нәтижелері туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес шеңберінде ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі шілде айында ҚР Қылмыстық кодексінің келесі:

- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) - 3;

- 366-бап (пара алу) - 5;

- 367-бап (пара беру) - 4;

- 190-бап (алаяқтық) - 2;

- 147-бап (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) 1;

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 1;

- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1 баптары бойынша сараланатын 17 құқық бұзушылық фактісін тіркеді.

Сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің:

- 189-бап - 1 (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу);

- 190-бап - 6 (алаяқтық);

- 206-бап - 1 (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру);

- 218-бап - 1 (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату));

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 1;

- 366-бап - 2 (пара алу);

- 367-бап - 3 (пара беру);

- 433-бап – 1 (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) баптары бойынша 16 қылмыстық іс жіберілді.

Аяқталған істер бойынша мемлекетке жалпы сомасы 113,6 млн теңгеге келтірілген залал қайтарылған.

619,1 млн теңге мүлікке тыйым салынды.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 471,84 мың теңге сомасында сыйақы берілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Социальные сети
Instagram
Telegram
Facebook
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты