Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ағымдағы жылы 4 және 31 наурыз аралығында Энергетика министрлігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты n.tolybekov@anticorruption.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.