Әділетті Қазақстанның бағыт-бағдары

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысы 98 заңға, 344 жарлыққа, 91 өкімге қол қойды.

Президенттің тікелей бастамасы бойынша әзірленген және қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің бірі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін күшейтетін заң болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылау арқылы негізсіз байыту үшін жауапкершілік енгізілді.

Жалпы, осы Заң шеңберінде жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған 11 заңнамалық актіге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу, құқықтық олқылықтарды жою арқылы түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша жинақталған проблемаларға талдау жүргізіледі, соның негізінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тиісті шешімдер қабылданады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстарда әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысын ерекше бақылауға алды.

Әділетті Қазақстанның бағыт-бағдары
Дата публикации
28 декабря 2023