2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама

Қазақстан Республикасының

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

 

 

2022 жылғы

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама

 

 

 

Астана қаласы

2023 жыл

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе ……………………………………………………………………

3

Негізгі бөлім ……………………………………………………………........

4

         1.   Саяси жаңғырту және қоғамдық бақылау ……………………………

4

         2.   Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
жөніндегі комиссияның қызметі ……………………………………...

 

 

8

         3.   Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру ……………………...........

 

9

         4.   Кеден ісі, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау
салаларында жүйелі негіздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылдар жөніндегі кешенді жоспар ...............................................

 

 

12

         5.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дамыту …………................

15

         6.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ………….

18

         7.   Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы ………..........

19

         8.   Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі және сараптамасы ………….........

 

21

         9.   Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартылуы ...........................

 

23

      10.Бюрократиядан арылту, цифрландыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сатып алу …………….................................................

 

26

      11.Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту ………………………………………...

 

33

      12.Статистика ……………………………………………………………...

34

      13. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық деңгейдегі жай-күйі мен таралу үрдістері .......................................................................................

 

35

      14. Халықаралық ынтымақтастық ………...................................................

37

      15.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
зерттеулер мен рейтингтер ……………………………………………

 

39

Қорытынды ………………………………………………………………….

42

Тапсырмалар тізімі ………………………………………………………….

44

Қысқартулар тізімі ………………………………………………………......

45

Сілтемелер тізімі …………………………………………………………….

47

 

КІРІСПЕ

 

Осы баяндама «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабын орындау үшін, тиісті Қағидалардың талаптары сақтала отырып дайындалды.[1]

Құжаттың мақсаты – қоғамды Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын 2022 жылы іске асыру нәтижелері туралы ақпараттандыру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша заңнамалық және практикалық шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіру бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша күш-жігері, сонымен бірге елдегі және әлемдегі сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейін тәуелсіз бағалау қорытындылары бейнеленген.

Құжат оқырмандар – азаматтар, кәсіпкерлер, сарапшылар, ғалымдар, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де мүдделі тұлғалардың кең тобына арналған.

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

  1. Саяси жаңғырту және қоғамдық бақылау

 

2022 жыл Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев ұсынған шұғыл саяси өзгерістерімен, демократиялық реформалардың жеделдеуімен және кеңеюімен есте қалды.

Негізгі бастамалар пакеті ел халқына арналған 16 наурыздағы Жолдауда айтылды. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Конституциясына
56 түзету енгізілді.[2] [3]

Ата заңға өзгерістер алғаш рет бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылды. Референдумда азаматтардың көбісі саяси жаңару бағыты – басқарудың суперпрезиденттік формасынан ықпалды Парламенті бар президенттік республикаға біржола көшуді, билікті монополиядан арылтуға, мемлекетті басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейтуді және адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуді қолдады.

Парламент және жергілікті өкілдік органдар аралас сайлау жүйесіне өтті (Мәжіліс депутаттарының 30%-ы партиялық тізімдер бойынша емес, тікелей сайланады; ал облыстық мәслихаттарға  – 50%).

Партиялар арасында саяси бәсекелестік артты (партия құру шегі 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін төмендеді; өңірлік өкілдердің ең аз саны бойынша талаптар 600-ден 200 адамға дейін, ал бастамашылық топ – 1000 адамнан 700 адамға дейін қысқартылды).

Осымен қатар, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерін тағайындау рәсімдері айтарлықтай өзгерді (Президент, кемінде, екі үміткерді ұсынады, ал тиісті мәслихаттар депутаттары сайлайды).

Мемлекет басшысы 26 сәуірде «Amanat» партиясына төрағалық етуді тоқтататындығы және партиядан шығатындығы туралы шешім қабылдады. Кейіннен, Конституцияға Қазақстан Республикасы Президентінің өз өкілеттіктерін іске асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс екендігі туралы норма енгізілді (Конституцияның 43-бабы 3-тармағы).

Осылайша, ел басшысы партиялардың теңдік қағидатын іске асыруды практикада қамтамасыз ете отырып, партияда жоқ саяси тұлғаға айналды.

Сондай-ақ әкімдер мен олардың орынбасарлары да саяси партиялардың филиалдары мен өкілдіктерінде лауазымдар иеленуге құқылы емес.[3]

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының лауазымдарын атқара алмайды (Конституцияның 43-бабы
3-тармағы).

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша сондай-ақ Конституцияға маңызды демократиялық өзгерістер енгізілді [4], олар Қазақстан Республикасының Президентін қайта сайлану құқығынсыз жетіжылдық бір мерзімге сайлауды көздейді, бұл ретте аталған норма өзгертуге жатпайды (Конституцияның 41-бабы 1-тармағы, 42-бабы 5-тармағы, 91-бабы 2-тармағы).[4]

Осымен елдің жоғарғы басшылығының жүйелі түрде ауысып тұруы қамтамасыз етіледі, бұл барлық деңгейдегі билікті монополияландыру тәуекелдерін жоюға ықпал ететін болады.

Қ.К. Тоқаев жүйелі реформалар, барлық саяси жүйені және шешуші мемлекеттік институттарды түпкілікті қайта ретке келтіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресті жалғастыру көзделген өзінің Сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін қоғамның жаңа сенім мандатын ала отырып, 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауында сенімді жеңіске жетті (toqaev2022.kz/kk/programs).

Президенттің елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруды, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған активтерді анықтауды көздейтін жарлығы ұлықтау рәсімінен кейінгі алғашқы актілерінің бірі болды.[5]

Оны іске асыруға активтерді қайтаруды көздейтін заң жобасы әзірленді, ал құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың осы бағытта мамандандырылатын бөлімшелері айқындалды.

Бұдан басқа, осыдан бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия[6] құрылды, оның негізгі мақсаты – заңсыз алынған қаражат пен ресурстарды мемлекетке қайтару.

Елдің тағы бір мәселесі – экономиканы монополиядан арылту. Мәселен, монополияға қарсы органның жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне өткізген талдауы ел экономикасының бірқатар базалық салаларында нарық билігін шоғырландырудың жоғары деңгейі (бәсекелестіктің төменгі деңгейі) бар екендігін көрсетті.

Оны төмендету мақсатында, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің жанынан Экономиканы монополиядан арылту жөніндегі комиссия құрылды, ол телекоммуникация, темір жол инфрақұрылымы, медиаактивтер және басқа да салалардағы монополиядан арылту мәселесі бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.[7]

Оның жұмысы шеңберінде өнеркәсіп және энергетика, темір жол және телекоммуникациялық салаларда қызметтер көрсететін 11 шешуші компания, Астанадағы және Алматыдағы жылжымайтын мүліктің ірі объектілері,
100 млн. мөлшеріндегі АҚШ доллары және 2,5 млрд. теңге ақша қаражаты мемлекет меншігіне қайтарылды (Үкіметтің 2022 жылғы
29 желтоқсандағы ақпараты)
.

Қазақстан орта мерзімдік перспективада тауар нарықтарында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруға бағдарланған. Бұл үшін Бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында нақты мақсаттар, міндеттер мен іс-шаралар көзделген.[8]

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» құрылды, оған сыбайлас жемқорлықпен байланысты тергеп-тексерулер шеңберінде тәркіленгендерді қоса алғандағы қаражат келіп түсетін болады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қорда мектептер салуға арналған, шамамен, 120 млрд. теңге шоғырландырылған.[9] [4]

Адамның конституциялық құқықтарын қорғаудың құқықтық кепілдіктерін күшейту мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі, өкілеттіктері, тәуелсіздігінің кепілдіктері алғаш рет конституциялық заң деңгейінде бекітілді.[10] Бас Прокурордың құқық қорғау функциясы күшейтілді.[11]

Конституциялық Сот (Конституциялық Кеңестің орнына) қайта құрылды, оған кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру үшін жүгіне алады.[12]

Өлім жазасын жою бойынша бірізді қадамдардың қисынды аяқталуы (2004 жыл  – өлім жазасына мораторий; 2020 жыл – Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші факультативтік хаттамаға қосылу; 2021 жыл – ұлттық заңнамаға тиісті түзетулер) Конституцияға ерекше жазалау шарасын қолдануға тыйым салудың енгізілуі болды, бұл Қазақстанның адамның негізгі құқықтарын қорғауды сөзсіз ұстанатындығын көрсетеді.

Құқықтық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын[13] іске асыру шеңберінде тергеу органы, прокуратура және сот арасындағы жауапкершілік аумағының аражігін айқын жіктеумен, қылмыстық процестің жаңа үш буынды моделіне кезең-кезеңімен өту жалғастырылды.[14] [1; 2]

Бірінші кезеңде (2020 жылғы 31 желтоқсаннан) тергеу органдарының шешуші процестік шешімдерін прокурормен келісу институты енгізілді.

2 жылдың ішінде 840 мыңнан астам шешім прокурорлық сүзгіден өткізілді (2021 жылы – 419 808, 2022 жылы – 422 217). Күдіктілер мен жәбірленушілердің құқықтарын қозғайтын 81 мыңнан астам заңсыз процестік шешім қабылдаудың жолы кесілді (2021 жылы – 53 270, 2022 жылы – 28 180).

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап екінші кезең басталды – прокурорлар ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері аса ауыр, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер тұрғысынан қосылған қылмыстар бойынша тергейтін, айыптау актілерін жасау бөлігінде жаңа өкілеттіктерді іске асыруда.

2022 жылы прокурорлар аса ауыр қылмыстар туралы 1 185 іс бойынша айыптау актісін жасап, сотқа жолдады, бұл ретте процеске қатысушылар жасайтын шағымдар саны азайды, тергеу сапасы жақсарды: соттың істерді қайтару (62-ден 24-ке дейін) және тоқтату (5-тен 0-ге) саны азайды.

Бизнесті қорғау мәселелері ерекше бақылауда. Аталған бағытта бизнес ісіне ерікті түрде араласуға және қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

Бас прокуратура 2 қыркүйекте қылмыстық қудалау органдарына кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың барынша толық негіздемелерін қамтитын нұсқау берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітті, онда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған рәсімдерді регламенттеуге жеке назар аударылған.

Мәселен, кәсіпкерлердің қатысуымен тергеу амалдарын жүргізудің орындылығына және олардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ғимараттарына келуінің негізділігіне ведомстволық бақылаудың қадамдық алгоритмі енгізілді.

Сондай-ақ Агенттікте «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен бизнес субъектілерінің шағымдарын қарау жөніндегі арнайы топ құрылып, тұрақты жұмыс істеуде.

Жалпы, елде кәсіпкерлерге қатысты істерді тіркеу 4 есеге азайды,
31 іс бойынша бизнестің қызметіне заңсыз араласу фактілерінің жолы кесілді, прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тоқтатты.

Бақылау және қадағалау органдарының заңсыз әрекеттерінің жолын кесу мәселелерінде де жаңа тәсілдер енгізілуде. 2022 жылы бизнесті тексеру туралы 257-ден астам актіні тіркеуден бас тартылды, прокурорлар 1,3 млрд. теңге заңсыз айыппұлдардың күшін жойды.

Прокурорлар сондай-ақ 1 223 заңсыз тыйым салу мен шектеу шараларының күшін жойды, бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтардың жұмысы жалғастырылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту Мемлекет басшысының наурыздағы Жолдауында жарияланған реформалардың бірі болып табылады.

Бұл тұрғыда БАҚ туралы заңнама мемлекеттің мүдделері, қоғамның сұраныстары мен медиааумақты дамыту беталыстары ескеріле отырып, түбегейлі қайта қаралуда.

Тиісті заң жобасында журналистердің мәртебесін арттыру және оларды қорғаудың құқықтық кепілдіктерін күшейту, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және БАҚ-ты тіркеу қағидаттарын қайта қарау, өзін-өзі реттеу институттарын дамыту және басқасы көзделеді.

Заң жобасымен сөз бостандығы, пікірлер алуандығы және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілік құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шектеулер арасындағы теңгерім орнатылатын болады.

Сонымен бірге мемлекеттің қоғамдық ұйымдар мен сарапшыларды кеңінен тартуымен реформалар, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын ашық талқылаулар арқылы дайындауға және іске асыруға бағытталған азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын күшейту бойынша шаралар қабылданды.[15]

Қайырымдылық және еріктілер қызметін монетарлық және монетарлық емес тұрғыдан мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері кеңейтілді.[16]

Жалпыұлттық диалогтың жаңа институционалдық деңгейі – Ұлттық құрылтай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (бұдан әрі – ҰҚСК) құқықтық мирасқоры болды. Егер ҰҚСК биік дәрежеде мемлекетке реформалардың дұрыс бағдарын айқындауға көмектесетін сараптамалық алаң болған болса, ал Ұлттық құрылтай – осы реформалардың іс жүзінде жұмыс істеуін  қалайтын қоғамның әртүрлі топтары өкілдерінің жиналысы болып табылады (оның құрамына өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері кірді).[17]

2021 жылдан бері мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінде де жұмыс істейтін қоғамдық кеңестер институты қоғам өкілдерінің мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына қатысуының пәрменді тетігі болып отыр.[18]

Олардың мақсаты қоғамдық маңызы бар мәселелер жөніндегі азаматтық қоғамның пікірін әртүрлі бақылау формалары арқылы білдіруі болып табылады (қоғамдық тыңдалымдар, мониторинг, сараптама, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысы туралы есептерін тыңдау).

Мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын қарауға міндетті болуы осы құқықтық институттың қоғамдық бақылаудың тиімді құралы болуына септігін тигізеді.

2022 жылы қоғамдық кеңестердің құрамы 90%-ға жаңартылды. Азаматтық қоғамның өкілдігі 23,5%-ға ұлғайды және ол жалпы алғанда, кеңес мүшелерінің жалпы санының 86%-ын құрайды.

Агенттіктің бастамасы бойынша жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялар құрылған және жұмыс істейді, оларда жергілікті атқарушы органдардың басшылары жүйелі түрде тыңдалады.

Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтында жыл сайын орналастырылады. Қоғамдық кеңестердің қызметі, олардың құрамдары туралы ақпарат, талдамалық және өзге де материалдар, сондай-ақ өтініш қалдыру мүмкіндігі Kazkenes.kz арнайы сайтында да бар.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі 2022 жылы
7 желтоқсанда «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасын мақұлдады, оның қабылдануы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қоғамға ашықтығы мен есеп беруін арттырудағы маңызды қадам болады. [1]

«Ашық үкімет» порталдары жұмысын жалғастыруда, олар арқылы қоғам өкілдері нормативтік құқықтық актілер мен бюджеттік бағдарламалар жобаларына түсіндірмелер беру арқылы шешімдер қабылдауға қатысады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпаратына ашық деректер түрінде қол жеткізе алады.

Жалпы, 2022 жылы жүргізілген саяси және демократиялық реформалар мемлекет пен қоғамның әріптестігін, ұлттық кірісті бөлу кезіндегі әділдік пен тең құқылықты нығайтты, әлеуметтік теңсіздікпен күресті күшейтті, саяси бәсекелестікті қамтамасыз етті, бұл қоғамда сыбайлас жемқорлықты түйсінуге оң әсер етеді.

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның қызметі

 

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия 2022 жылы
3 отырыс өткізіп, онда 6 мәселені, оның ішінде:

  • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының іске асырылуын;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) ұсынымдарының қарастырылуын (шілде және қыркүйек айларында);
  • Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспардың іске асырылуын;
  • Кеден ісі, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың орындалуын;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бөлігінде іске асырылуын қарады.

Отырыстарға Комиссия мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары қатысты.

Олардың нәтижелері бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдарға нақты ұсынымдар берілді, Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі (Комиссияның жұмыс органы) олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етті.[19]

Тізімделген мәселелерді қарау туралы тиісті ақпараттық хабарламалар орналастырылып, Мемлекет басшысына баяндалды.

 

  1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру

 

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы
(бұдан әрі – Тұжырымдама, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы, Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары) оны іске асыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарымен қоса, 2022 жылы 2 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілді. Осы актімен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының күші жойылды деп танылды.[20] [2]

Жаңа стратегиялық құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, ол үшін жауапкершіліктің бұлтарпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбірінен өзгертуге бағдарланған.

Оны дайындау кезінде озық шетелдік тәжірибе және БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясында бекітілген,[21] сондай-ақ ГРЕКО, ЭЫДҰ, ФАТФ және басқа да беделді халықаралық ұйымдардың ұсынымдарында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар азаматтардың пікірлерімен қатар ескерілген.

Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде 2022 жылдың қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу арқылы, одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды заңнамалық түзетулер қабылданды.[22]

Негізгі новеллалардың бірі шенеуніктердің заңсыз байығаны үшін жауапкершілігін енгізу болып табылады.

Осындай алдын алу институты сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылдың барлық жүйесінің басты кедергісі болып табылады. Фискалдық және мансаптық санкциялар шенеуніктің шығыстары оның декларацияларын салыстырып-қарау қорытындылары бойынша кірістеріне сәйкес келмейтін жағдайда салынатын болады. Новеллаларды халықты жалпыға ортақ декларациялаумен толық ауқымда қамтуды ескере отырып енгізу мерзімі – 2027 жыл.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесі күшейтілді. [1] Жаңа заңнамалық нормалармен олардың құқықтарын қорғау кепілдіктері, олар туралы жасырын ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілік және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсеткен жәрдемі туралы көзделеді.

Мысалға, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам, осы хабарламаны қабылдаған күннен бастап үш жыл бойы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі міндетті түрде қатысатын тәртіптік комиссияның ұсынымдарынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартыла, лауазымынан босатыла немесе басқа лауазымға ауыстырыла алмайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алқалы органның шешімімен келіспейтін жағдайда, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не прокуратураға жұмыскердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы хабарлама жолдайтын болады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органы мен лауазымды тұлғаларының тәуелсіздігін, оның директорлар кеңесіне, қадағалау кеңесіне немесе өзге де тәуелсіз басқару органына есеп беруді көздейтін түзетулер күшіне енді.[23]

Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай саясатты қалыптастыру үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
комплаенс-қызметтердің жұмысын әдістемелік үйлестіру заңнамалық тұрғыдан Агенттікке жүктелген. Аталған құзыретті іске асыру үшін, Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже бекітілді.[24]

Агенттіктің және оның аумақтық органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілеріне қатысты, парасаттылыққа тексеру жөніндегі «Integrity Check» пилоттық жобасы 2022 жылы шілде айынан бастап іске асырылуда. 2022 жылы 500-ден астам тексеру іс-шарасы өткізілді.

Нәтижелері аталған құралдың жоғары превентивтік әлеуетін растап отыр: Агенттік қызметкерлерінің 83%-ы тексерістен өтті (544-тен 449-ы); бұл ретте тіпті тексеру іс-шаралары жүргізілмеген 54 қызметкер үшінші тұлғалар тарапынан жасалған заңсыз ұсыныстар туралы хабарлады (жобаны бастағанша мұндай хабарламалар келіп түспеген).

Тұжырымдаманың сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді болдырмау бойынша міндеттерін іске асыру тұрғысынан цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға бағытталған заңнамалық түзетулер пакеті,[25] оның ішінде Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары қабылданды.[26]

Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін кешенді саралау шеңберінде олардың цифрлық трансформациялануының стратегиялық бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан НҚА жобаларының сараптамасы көзделген. Бұл құжаттар әзірлеу сатысының өзінде шұбалаңқы және жеткілікті түрде айқын емес рәсімдерді жоюға, адами факторды мейлінше азайтуға мүмкіндік береді.

Басталған мемлекеттік басқаруды «цифрлық қайта ретке келтіру» барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 303 бизнес-процесі қайта жасалды, белсендірек форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 40-қа жетті (2021 жылы – 24), 698 (692) көрсетілетін мемлекеттік қызмет баламасыз негізге ауыстырылды, 17 (10) көрсетілетін мемлекеттік қызмет екінші деңгейлі банктердің сыртқы платформаларына шығарылды, Smart Data Ukimet (мемлекеттік органдардың деректерін жинауға, сақтауға және талдауға арналған платформа) арқылы проактивті көрсетілетін қызметтерді іске асыру бойынша жұмыс басталды.

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау үшін, ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану мәселелерін міндетті түрде зерделеу көзделген.[27]

Осымен қатар, қолма-қол ақшасыз төлемдер инфрақұрылымын кеңейту бойынша шаралар қабылдануда. 2022 жылы 8 маусымда Лездік төлемдер жүйесі (бұдан әрі – ЛТЖ) телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдар қызметімен өнеркәсіптік режимде іске қосылды.

ЛТЖ тәулігіне 24 сағатта, аптасына 7 күнде кез келген төлем құралын (банк шоты, электронды әмиян) пайдаланумен, банкаралық аударымдар мен төлемдерді онлайн режимде оңайлатылған деректемелер (телефон нөмірі, QR-код және басқа да сәйкестендіргіштер) бойынша тез жүргізуге арналған.

Банктерді ЛТЖ-ға қосу жүргізілуде – 10 банкпен қатысу шарттары жасалды, оның 7-еуі («First Heartland Jýsan Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ, «Центр Кредит Банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Bereke Bank» АҚ,
«Қазпошта» АҚ)
қосылды және өздерінің клиенттері үшін ЛТЖ сервисін ашты.

POS-терминалдар саны 2021 жылмен салыстырғанда, 831 780 данаға қол жеткізумен 63,4%-ға өсті, ал қолма-қол ақшасыз транзакциялар 73,1-ден
103,8 трлн. теңгеге немесе 42%-ға ұлғайған.

Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру желісі бойынша әртүрлі нысаналы топтармен (балалар мен жастар, мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметшілер, квазимемлекеттік ұйымдар жұмыскерлері, бизнес-қоғамдастық) ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралардың үкіметтік жоспары бекітілді. Бұл жұмыс алғаш рет елдік деңгейде регламенттелуде (бұрын жекелеген ведомствоаралық жоспарлар қабылданған).

Азаматтар мен кәсіпкерлерді олардың құқықтары туралы қолданыстағы құқықтық актілерді түсінікті әрі қысқа тілмен, сондай-ақ белгілі бір өмірлік жағдайлар мен заңи фактілер тұрғысынан цифрлық шешімдерді қолданумен түсіндіре отырып ақпараттандыру бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылданды.

Агенттік Іс-қимылдар жоспары шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындауға арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеп, оны мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жұмыста басшылыққа алу үшін жолдады.

Аталған іс-шара мемлекеттік қызметшілермен профилактикалық жұмысты ұйымдастырудағы бірінші кезең болып табылады. Одан әрі мемлекеттік органдар жүйелі профилактикалық шараларды мемлекеттік қызметшілердің осы санатымен әдеп жөніндегі уәкіл арқылы іске асыратын болады.

Агенттік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттеріне сапалы әрі уақтылы қол жеткізу мақсатында, оны іске асыруға тұрақты мониторингті жобалық тәсілді қолданумен және проблемалық мәселелерді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның қарауына шығарумен жүзеге асырады.

 

  1. Кеден ісі, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі негіздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар

 

Стратегиялық құжаттарды іске асырумен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне барынша шалдыққан нақты бағыттар бойынша жүйелі жұмыс қамтамасыз етіледі.

Мәселен, Мемлекет басшысының төрағалығымен 2022 жылы 1 ақпанда өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы» кеңейтілген кеңес шеңберінде Агенттіктің және басқа да мемлекеттік органдардың алдына міндеттер, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметінде және мемлекеттік-жекешелік әріптестікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік органдарды цифрландыру, баға белгілеу, кедендік және салықтық бақылау, мемлекеттік сатып алу, жеңілдіктер мен преференциялар беру процесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша міндеттер қойылды. [5]

Осымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кеден ісі, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі негіздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша кешенді жоспар (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді (Қаржымині, ҒБМ, ДСМ және ИИДМ-нің бірлескен бұйрығымен бекітілді)[28] [5], себебі осы салаларда азаматтар сыбайлас жемқорлық көріністеріне барынша жиі ұшырайды.

Мысалға, кеден саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері лауазымды тұлғалардың банк шоттарынан тыйым салуларды жедел алу, есептілікке түзетулер енгізу, жүк таситын автокөлік құралдарын кедендік тіркеуден кедергісіз өту, әкімшілік жауаптылыққа тартпау, жалпы қамқорлық жасау және басқалар үшін заңсыз сыйақылар алу мүмкіндігімен байланысты.

Осыған орай аталған салада сыбайлас жемқорлықты барынша азайту мақсатында, Тәуекелдерді басқару жүйесінде (бұдан әрі – ТБЖ) көшпелі кедендік тексерулер тағайындалған кездегі тәуекел дәрежесінің критерийлері жаңғыртылды. Аталған шара өздеріне қатысты кешенді тексеру тағайындалатын адамдарды айқындау кезінде адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді.

Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден заңсыз босатуды анықтау бөлігінде ТБЖ-ға тәуекелдердің автоматтандырылған пішіндері қабылданды, бұл кедендік төлемдерді төлеу және жеңілдігі бар тауарларды басқа адамдарға беру бойынша жеңілдіктерді заңсыз қолдануды анықтауға ықпал етеді.

Тауарға толтырылатын декларацияларды лауазымды тұлғалар арасында бөлу процесі автоматтандырылды, бұл кедендік операциялар және кедендік бақылау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды адамдарды тағайындау кезінде сенімсіздік тудыратын өкілеттіктерді болдырмайды.

Тауарларды шығарғаннан кейінгі бұзушылықтарды анықтау бойынша камералдық кедендік тексерістер өткізу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеттерін регламенттеу үшін тиісті тәртіп әзірленіп, бекітілді.

Құрылыс саласында сыбайлас жемқорлық көріністері мынадай
мән-жайлар:

кемшіліктері және шалағайлықтары бар жобалау-сметалық құжаттаманы пайдаланумен;

іс жүзінде орындалмаған жұмыс түрлері үшін бюджет қаражатының аударылуымен;

объектінің ағымдағы, орташа жөнделуі немесе құрылысы бойынша қызметтер көрсетуге өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттарының жылдың соңында (салқындаған уақытта) жасалуымен (бұл мердігер ұйымға белгілі бір құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға мүмкіндік бермейді, өйткені жергілікті атқарушы органның шартты іске асыруға көзделген бюджет қаражатын игеруі талап етіледі);

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін лицензиялау кезінде маңызды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын кемшіліктердің бар болуымен үйлестірілген.

Кешенді жоспар шеңберінде лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі үшін бірыңғай біліктілік талаптары лицензиаттардың ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуын (бағдарламалық қамтамасыз ету және техника) айқындау бөлігінде толықтырылды.

«Е-Qurylys» ақпараттық жүйесі енгізілді, онда лицензиаттар тізілімі құрылды және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшы аттестатын алуға арналған тестілеу орталықтандырылды.

Жоғары сұранысқа ие жер учаскелерін беру кезінде құрылыс компанияларының мүдделерін қолдауды болдырмайтын қала құрылысы жобаларына міндетті кешенді сараптама енгізілді.

Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен салынатын объектілер бойынша құрылыстың шекті құнының нормативтері бекітілді.

Сондай-ақ, құрылыс саласында бағаларды индекстеу, сонымен бірге құрылыс материалдарына, бұйымдар мен құрастырылымдарға арналған ағымдағы сметалық бағалар жинағы әзірленді және енгізілді.

Білім беру саласында сыбайлас жемқорлық, әдетте, еңбек мәселелерін шешу (жұмысқа орналасу, жалақы төлеу, артық жалақы немесе нақты жұмыс істемейтін адамдарға жалақы есептеу) және мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу кезінде парақорлықпен және бюджет қаражатын жымқырумен байланысты.

Жоспарды әзірлеу барысында Агенттік білім беру мекемелерінің бухгалтерияларын орталықтандыру бойынша іс-шараға бастамашылық етті, бұл заңсыз аударымдар мүмкіндігін техникалық тұрғыдан жояды.

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі лицензияларының жаңа қосымшаларына бес жылдық мерзімді және онлайн-оқытуды енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Аталған шара шағын жиынтықталған білім беру ұйымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін оңтайландыруға мүмкіндік берді.

ЖОО-ларды қаржыландырудың жаңа моделі қолданыла бастады, онда қаражат білім алушыға тікелей бөлінеді («Қаржы орталығы» АҚ арқылы).

«Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесін азаматтың әлеуметтік мәртебесін тексеру (Еңбекмині) және «электрондық үкімет» пен «Smart Data Ukimet» порталы (ЦДИАӨМ) арқылы, білім беру туралы мәліметтерді түзету бөлігінде басқа жүйелермен интеграциялау жүргізілді.

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет проактивті форматқа ауыстырылды (өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтамаларды талап етудің күшін жоюға мүмкіндік береді).

Ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру арқылы білім беру ұйымдарының тәуекел дәрежесін бағалау процесін автоматтандыру жөніндегі жоспардың тармақтары орындалу барысында. Аталған шараларды іске асыру тексерістер мен профилактикалық бақылау жүргізу графиктерін қалыптастыру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін, Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру қамтамасыз етілді (2022 жылы жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден астам медициналық техниканың 177 бірлігі жаңа қағидалар бойынша сатып алынды және өңірлерге бөліп беру нәтижесінде үнемдеу 3,1 млрд. теңгені құрады).

Тауарларды таңбалау және оның қозғалысының барлық кезеңдерінде (шеттен әкелу, өндіру, сату) қадағалау жүйесі нормативтік тұрғыдан енгізілді.

Жеке медициналық ұйымдар нарығына кіру үшін кедергілерді азайту мақсатында, денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық бұйымдармен жабдықтау стандарттарына қойылатын жалпы талаптар белгіленіп, онда алғашқы медициналық-санитариялық көмек және консультативтік-диагностикалық, хирургиялық және паллиативті көмек көрсету ұйымдарын жабдықтау нормативтері жеңілдетілді.

Төтенше жағдай кезінде дәрілік заттарды әкелуді негіздеуге қойылатын талаптар, оның ішінде бұрын берілген рұқсат беру құжаттарының күшін жою рәсімі заңнамалық регламенттелген.

Осымен қатар, дәрілік заттардың бағасын тіркеу кезінде кедергілер азайтылды, карантиндік және шектеу шараларын енгізу кезінде тексерілетін субъектілердің тәуекел дәрежелері айқындалды.

Кешенді жоспарды іске асыру жалғасуда, оның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия шеңберінде жүзеге асырылады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дамыту

 

Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ғана емес, сонымен қатар қызметтің барлық негізгі бағыттары бойынша өзіндік тәсілдерін де жетілдіруді жалғастыруда. Негізгі бағдар – сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын түбірімен жою арқылы, азаматтардың әл-ауқатын кешенді түрде қамтамасыз ету. Бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін бірқатар шаралар қабылданды.

Агенттікте лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартқаны үшін жылдар бойы қолданылып келген аумақтық департаменттерді ұпайлар берумен бағалаудың рейтингтік жүйесі жойылды. «Қатал тәртіп» жүйесі қызметкерлерді мемлекеттік қызметшілер мен бизнесті шектен тыс қылмыстық шеңберге тартуға итермеледі және процестік бұзушылықтардың жоғары тәуекелдеріне алып келді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмысын бағалаудың түбегейлі қайта қаралған қағидаттары статистикалық көрсеткіштер үшін жарысуды алып тастады және алдын алудың жаңа тәсілдеріне шоғырлануға мүмкіндік берді.

Әлеуметтанушылық зерттеулер, жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын, қылмыстық істер мен құқықтық статистиканы талдау нәтижелері негізінде әрбір өңір үшін әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің карталары басты құралға айналды. Бұл – процестердің айқын болмауы, әкімшілік кедергілер, шенеуніктердің былжырлығы немесе өктемдігі, заңнаманың жетілдірілмеуі себебінен шешімі табылмай отырған, адамдарды толғандыратын көкейкесті мәселелер тізбесі.

Агенттік басшылығының өңірлерге шыға отырып қатысуымен кеңінен түсіндіру жұмысы жүргізілді, онда әкімдермен және қоғам өкілдерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген мәселелерді бірлесе пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Маңызды өзгерістер бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану мониторингіне де қатысты болды.

«Сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесін пайдаланумен, сатып алу көлемдерін және жоспарлау сатысындағы бағалардың негізділігі тұрғысынан нақты уақыт режимінде оларды талдау бойынша жұмыс «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе жалғастырылды. 29 млрд. теңге сомасындағы бюджет қаражатын қисынсыз пайдалануға жол берілмеді (одан әрі мемлекеттік органдар 93%-ын тиісті талаптарды сақтай отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жолданды, ал 7%-ы бюджетке қайтарылды).

Сонымен бірге, бюджет қаражатын жымқырудың алдын алу бойынша олардың жасалуын күтуге қарсы, қылмыстарға жол бермеу тұрғысынан қабылданатын шаралар ауқымы кеңейтілді. 2022 жылы облыстардың әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларының атына бюджет қаражатын жымқырудың нақты тәуекелдері туралы 65 ақпараттық хат енгізілді. Осы жолмен жалпы сомасы 4,9 млрд. теңгені құрайтын бұзушылықтарға жол берілмеді.

Осымен қатар, Агенттік әкімшілік практиканы күшейтті. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізудің қадамдық алгоритмімен әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Нәтижесінде, әкімшілік іс жүргізулер саны 2,5 есеге өсті (2021 жылы – 103, 2022 жылы – 275).

Әкімшілік практика алдын алудың әсерінен басқа, құқық бұзушылар үшін ауырлығы азырақ санкцияларға алып келеді және елеулі бюджеттік, әкімшілік және адами ресурстарды үнемдейді.

Өзгерістердің басқа блогы бизнеске заңсыз араласудан қосымша қорғау тетіктерін әзірлеу мен қолдануға да қатысты болды.

Ведомстволық бақылау алгоритмі бекітілді. Өңірлер бизнес өкілдерінің қатысуымен болатын әрбір тергеу әрекетін орталық аппаратпен міндетті түрде келіседі. Нәтижесінде, кәсіпкерлер тергеуге зиян келтірмейтін, шамамен, 1 мыңдай қажеті  жоқ тергеу әрекеттерінен қорғалды.

Кәсіпкерлерді негізсіз шақырулардың жолы кесілуде. Шақыру негіздемесі және қызметкерлердің заңсыз әрекеттері туралы хабарламаларға арналған байланыс телефондары көрсетілген арнайы жадынама әзірленген.

Агенттік қызметкерлері мен «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатарынан арнайы және тұрақты жұмыс істейтін топ құрылған. Топтың басты міндеті – бизнестің шағымдары бойынша, оның ішінде кәсіпкерлерге қатысты мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы мәселелерді алқалы түрде қарау.

Жалпы, Агенттік жедел-тергеу желісі бойынша қылмыстық процесті ізгілендіру және цифрландыру қағидаттарын ұстанады.

Атап айтқанда, күзетпен ұстаумен байланысты емес оларға қатысты бұлтарпау шарасы таңдалған адамдарды қашықтан бақылауға арналған электрондық бақылау құралдарын (білезіктер) пайдалану қамтамасыз етілген. 2022 жылы білезіктер үйқамақта отырған 41 күдіктіге қатысты қолданылды (2020 жылы – 6, 2021 жылы – 27).

Бұл құрал оқиғалар тарихына қол жеткізумен минут сайын онлайн-бақылау жолымен белгіленген режимді бұзуға әрекет етуге жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ күдіктінің жеке өміріне араласуды болдырмайды (оның тұратын жері бойынша орналасқан орнын тұрақты тексерулер қажеттілігінің болмауы).

Электрондық бақылау құралдарын пайдалану кезінде органның күштері мен құралдары барынша ұтымды пайдаланылады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға тағы бір қадам – Қаржылық тергеулер, активтерді іздестіру және қайтару басқармасын құру. Бөлімшенің жұмысы қылмыстық ақшаны жылыстату белгілері бар қылмыстық әрекеттерді тергеуге және активтерді анықтау мен қайтару бойынша уақтылы шаралар қабылдауға бағдарланған.

Бұл үшін қаржылық барлау бөлімшелерімен өзара іс-қимыл бойынша сұрау салулар, құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тергеу тапсырмаларының тізбесі жүргізіледі, қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті сату мониторингі жүзеге асырылады.

Қызметкерлерді активтерді іздестіру және шетелден қайтару ерекшеліктеріне оқытуға жеке көңіл бөлінеді. Еуропа Кеңесінің және
БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының сарапшылары параллель қаржылық тергеулер жүргізу және активтерді қайтару мәселелері, шет мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерімен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау ерекшеліктері бойынша семинарлар мен тренингтер өткізеді.

Өңірлердегі жұмыстың белсенділігін арттыру үшін Еуропа, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің талаптарына сәйкес келетін, қажетті тергеу әрекеттерінің қадамдық алгоритмі мен оларды өткізу тәртібі жазылған қаржылық тергеулер стандарты әзірленіп, сұрау салулар (қаржылық барлау бөлімшелері мен шет мемлекеттердің құқықтық көмек көрсету туралы құзыретті органдарына) үлгілерімен бірге аумақтық департаменттерге жолданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл, экономиканы монополиядан арылту, сондай-ақ капиталды шетелден қайтаруды ынталандыру тетіктерін әзірлеу және ақшалай қаражаттың елден жылыстауына қарсы іс-қимыл жасау шараларын күшейту мәселелері бойынша комиссиялардың жұмысына, оның ішінде «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң жобасын әзірлеу шеңберінде қатысады.

Есептік кезеңде бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, шамамен, 653 млрд. теңге сомасындағы мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілді.

Қызметкерлердің әлеуетін күшейту кең ауқымда жүзеге асырылады. Кадр жұмысы дамудың жаңа буынына өтті – өз қатарымыздағы қызметкерлерді меритократия қағидаттары негізінде іріктеудің және жылжытудың айқын бағыты таңдалды.

Атап айтқанда, «орталықтан-өңірге» және «өңірден-орталыққа» бағыттары бойынша жоғары кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін көрсеткен 57 қызметкер басшы лауазымдарға жылжытылды. Орталық аппараттың және бірқатар аумақтық департаменттердің басшы құрамы айтарлықтай күшейтілді. Біліктілікті арттыру курстарынан 314 қызметкер өтті.

Кадрлардың кәсіби біліктіліктерін арттырудың өсуі заңдылықты, қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдеп нормаларын сақтау жөніндегі шаралармен сүйемелденеді.

300-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді, 383 өтініш қаралды, 157 қызметтік тергеп-тексеру жүргізілді, 80 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, теріс себептермен жұмыстан босатылғаны – 6, сотталғаны – 7.

Агенттікте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және азаптаулардың алдын алу мақсатында, орталық аппараттың және аумақтық бөлімшелердің әкімшілік ғимараттарының қызметтік және өзге де
үй-жайларында жаппай бейне-бақылау қамтамасыз етіледі (466 бейне-бақылау камерасы қосылған).

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

11 мыңнан астам ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қатысу тәсілдері азаматтардың назарына жеткізілді.

Қоғамдық пікір көшбасшылары әртүрлі нысаналы топтармен жүргізілетін жұмысқа тартылды, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары туралы бейнероликтерді және адалдық пен әділдік қағидаттарын сақтау туралы шақыруларды тарату жүргізіледі, үлестірілетін материалдар таратылады.

«Халық заңгері» дәстүрлі акциясы ауқымды жобалардың біріне айналды. Өңірлердің, шамамен, 9 мың азаматы мемлекеттік органдардың, заң консультанттарының өңірлік палаталарының, облыстық адвокаттар алқасының өкілдерінен, нотариустардан тегін құқықтық көмек алды.

Агенттік кәсіпкерлермен де осыған ұқсас жұмысты «Атамекен»
ҰКП-мен бірлесіп жүргізуде (20 мыңнан астам кәсіпкерлердің арасында ретімен 500 түсіндіру іс-шарасы, 1 150 ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен 116 кездесу).

Өскелең ұрпаққа ерекше назар аударылған. Оқу пәндерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өтпелі тақырыптар қамтылған. 2022-2023 оқу жылында 5-11 сыныптар үшін үлгілік оқу бағдарламаларына «Жаһандық құзыреттер» курсы өзгеріліп отыратын құраушы ретінде енгізілді. Курс оқушылардың құндылық бағдарларын, коммуникативті дағдыларын, әдеп нормалары мен мінез-құлық бағдарларын қалыптастыруға бағытталған.

«Парасаттылық сағаты» республикалық акциясын ұйымдастыру практикасы жалғасуда, мұнда әділеттілік, парасаттылық және отаншылдық құндылықтары ұлы ойшылдар еңбектерінің негізінде түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімін нығайту бойынша шаралар қабылдануда.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарының тақырыптары мен мазмұны жаңартылды. Аталған оқытудың практикаға бағдарлануы Агенттік қызметкерлерінің тренерлер ретінде қатысуымен күшейтілген.

Біліктілікті арттыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытудан 1 784 мемлекеттік қызметші өтті (ОМО – 1 225, ЖАО – 559).

Талдау жасау бағыты да дамуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру мақсатында жоғары оқу орындарымен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізілді.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы

 

Агенттік әзірлеген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына негізгі алдын алу құралдары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы арқылы пысықталған мәселелер енгізілді.

Мәселен, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы орталық және өңірлік деңгейлердегі 66 мемлекеттік органның қызметіне жүргізілді. 1165 ұсыным әзірленіп, оның 987-сі орындалды.

Орталық деңгейінде сыртқы талдаулар ИИДМ-нің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс және көлік комитеттерінде, қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінде өткізілді. Сыбайлас жемқорлықа қарсы қызметтің аумақтық департаменттерінің қатысуымен өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары (бұдан әрі – ӘКК), ІІМ көші-қон қызметі және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қамтылған.

Нәтижесінде, 78 млрд. теңгеден артық сомаға бюджет қаражатын игеру бойынша тәуекелдер анықталды. Мысалға, ӘКК қызметінде олар 47 млрд. теңгеден астам сома мөлшеріндегі қаржылық бұзушылықтарымен байланысты болған (активтердің құнын оларды сату кезінде төмендету, қайтарымсыз займдар беру, жеңілдікті несиелерді негізсіз беру, тұрақтылық қорларын өнімдермен жабдықтау бойынша шаралар қабылдамау, еңбекақы төлеу бойынша шығыстарды негізсіз көтеру және басқасы).

Жер телімдерін көп пәтерлі үйлер, мейрамханалар, көлік жуу орындарын және басқасын салуға арналған инвестициялық жобалар желеуімен конкурстан тыс беру фактілері анықталды.

Қазіргі уақытта заңсыз бөлінген жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда. «Көкше» ӘКК бойынша 12 жер телімі (жалпы ауданы – 493,4 га; кадастрлық құны – 78,8 млн. теңге), «Астана» ӘКК – 9 (7,7 га; 3,2 млн. теңге), «Жетісу» ӘКК – 6 (593,4 га; 825,7 млн. теңге) мемлекетке қайтарылды.

Үкімет ӘКК-ні кешенді реформалау мақсатында, квазимемлекеттік секторды дамыту мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеуде, онда басқалардың ішінде жер телімдерін ӘКК арқылы ұсынудың айқын тетігі регламенттелетін болады.

Талдау нәтижелері бойынша Ақтөбе облысында «Ақтөбе» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу тіркелді. 2018 жылдан бастап құрылысы өз уақытында аяқталмаған, «проблемалы» әлеуметтік объект анықталды (Мұғалжар ауданының Құмжарған ауылындағы мектеп). Агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде, мемлекетке 197 млн. теңге қайтарылып, мектеп құрылысын аяқтауға, сондай-ақ өңірдегі балалар спортын дамытуға бағытталды.

Көлік комитетінде бюджеттің жыл сайын 10 млрд. теңгеден астам сомаға ысырап болуына әкелетін сыбайлас жемқорлық схемалары анықталды (әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалардың жасалмауы; заңды тұлғалардың орнына жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту; асыра жүк тиеуге арнайы рұқсаттарды формалды түрде ресімдеу).

Аграрийлер үшін жеңілдікті дизель отынын бөлу процесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді қайтару қамтамасыз етілді.

Агенттіктің іске асырылып қойған ұсынымдары тұрғысынан ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыртқы талдау қорытындылары бойынша «СБМАЖ» бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін енгізуді атап айту керек.

Жүйенің атқарымы ресурстардың (жер, жұмыскерлер, сатып алынатын жабдық және басқасы) бар болуын растау кезінде адами факторды болдырмайды. Электрондық шот-фактураны кері қайтарып алу немесе қайта пайдалану техникалық тұрғыдан мүмкін (бұдан бұрын субсидиялауды мақұлдағаннан кейін шот-фактураны кері қайтарып алу фактілері болған, төлем келіп түспеген). Оның үстіне, жаңа жүйе аграрийлер үшін тегін болып табылады, бұл оларға ретімен 1,3 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорына заңсыз берілген 63 пәтер қайтарылды (Жетісу облысы – 48, Батыс Қазақстан – 9, Павлодар және Ақмола – 3-еуден).

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйді жалдау ақысы 2,5 есеге төмендеген (айына 1 м2 үшін 165-тен 65 теңгеге дейін), тұрғындар үшін үнемдеу
36 млн. теңгені құрады.

Шымкентте әкімдіктің қаулысынан баспананы жекешелендіру бойынша негізсіз талаптар алынып тасталды. Нәтижесінде, екі үйдің 120 тұрғыны пәтерлерін заңды негізде иеленді.

Агенттік Астанада, Шымкентте, Қарағанды, Қостанай және Маңғыстау облыстарында кәсіпкерлерге вагондар мен локомотивтерді бөлудің сыбайлас жемқорлық схемаларын ашты.

ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, ИИДМ-ның Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаулар жүргізілді.

Жер қойнауын пайдалану саласында ақпараттық жүйені уақтылы енгізбеу, атқарымның қайталануы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында жүйелердің талап етілмеуі және тиімсіз енгізілуі анықталды.

ИИДМ 2022 жылғы 1 қарашадан бастап ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, «Minerals.gov.kz» (KazNedra) жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы, Қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензиялар беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты. Аталған жүйеде қолданыстағы қағаз нұсқаға балама ретінде электрондық формада өтініштер беру мүмкіндігі бар.

Агенттіктің бастамасы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті жер телімдерін пайдаланғаны үшін жасалатын төлем бойынша 663 млн. теңгеден астам мөлшердегі міндеттемелерін орындамаған 518 жер қойнауын пайдаланушыны анықтады. Осымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылардың 550 млн. теңге сомасына қол қойылған бонустарды төлемеуімен байланысты төлемдер өндіріп алынды.

Бұдан бөлек, Агенттіктің бастамасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында, ИИДМ-нің алқалы органдарының (сараптамалық комиссия, жұмыс тобы, лицензиялық режимге өту және конкурстар өткізу комиссиялары) құрамына «Атамекен» ҰКП өкілдері және Парламент депутаттары енгізілді.

 

  1. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы

 

Бағынышты адамдардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігіне мониторинг жалғастырылды. 2022  жылы 6 мемлекеттік саяси қызметшінің отставкасы қабылданды. 211 мемлекеттік қызметші (оның 2-еуі саяси) және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының 26 жұмыскері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

7 983 нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілді, оның ішінде заң жобалары – 109 (1,4%), ОМО заңға тәуелді актілері – 2 954 (37%) және ЖАО – 4 920 (61,6%). Сыбайлас жемқорлықтың 17 170 тәуекелі анықталды. Қабылданған нормативтік құқықтық актілерде ескерілген ұсынымдардың үлесі 55,4%-ды құрады (Агенттіктің Даму жоспарының нысаналы индикаторы – 50%).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 226 мониторинг жүргізілді – 844 ұсыныс әзірленіп, мемлекеттік органдарға енгізілді, оның 579-ы іске асырылды.

Агенттіктің мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) саласындағы мониторинг нәтижелері бойынша Ұлттық экономика министрлігіне жіберген ұсыныстары ескеріліп, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңға түзетулер енгізілді.[29]

Мемлекеттік және жекешелік әріптестер арасында тәуекелдерді теңгерімделген бөлуді қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қоса қаржыландыру шегі – инвестициялардың болжамды мөлшерінің 30%-дан аспайтын мөлшерінде заңнамалық актімен белгіленді.

МЖӘ-нің жаңа қағидаты – ақпараттың айқындығы мен қолжетімділігі қағидаты енгізілді, ол бірыңғай ақпараттық жүйеде МЖӘ шартының негізгі баптарын және ол бойынша экономикалық қорытындыны ашық қолжетімділікте орналастыруды көздейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің автожолдар салу және жөндеу саласындағы мониторинг нәтижелері бойынша ұсынысы негізінде, әкімдіктер жолдардың орташа жөндеуінде 268,1 млн. теңге сомасындағы негізсіз шығындарды алып тастады (Шымкент қаласында – 234 млн. теңге, сметаға нормативтерде көзделмеген материалдар енгізілген; Жетісу облысында – 34,1 млн. теңге, сметаға заңнамада көзделмеген күтпеген шығындардың 2%-ы енгізілген).

Қостанай облысында 169,5 млн. теңге залалға жол берілмеді. Жолдарды жөндеу кезінде құрылыс нормативтерін сақтамау анықталды, кемшіліктер жұмыстарды аяқтағанға дейін жойылды.

Тұрғын үй қатынастары саласындағы тұрғын үй берудің барлық сатысында мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды: кезекте тұрғандарды есепке алу мен түгендеуді автоматтандырудың төмен деңгейі, мемлекеттік тұрғын үй қорын басқарудың айқын болмауы және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігінің «бұлыңғырлығы» белгілі болды.

Агенттіктің күшімен кезекте негізсіз тұрған 8 мыңнан астам адам есептен шығарылды, 125 азаматтың, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы адамдардың құқықтары қалпына келтірілді. Шамамен, жалға алу қарыздары және жекешелендірудің негізсіз төмендетілген қалдық құны бойынша бюджетке түспеген 87 млн. теңге өндіріп алынды.

Қарағанды облысында электрмен жабдықтау қызметтеріне баға белгілеуге мониторинг жүргізілді. Электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдарда өндірушіде бағаның өсуін растайтын шот-фактуралары болмады.

Уәкілетті органмен бірлесе қабылдаған шаралар нәтижелері бойынша, бағаның жобаланып отырған өсуі төмендетілді. Осылайша, облыс халқы
1 жылға есептегенде (2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы қазанға дейін) электр энергиясына тарифтен жоғары, шамамен, жалпы сомасы 2,5 млрд. теңге төлеуден қорғалды.

Балқаш қ. тұрғындары үшін тарифті негізсіз көтеру фактілері анықталғаннан кейін, жылумен жабдықтау қызметтеріне 133 млн. теңге, сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне 92 млн. теңге төмендетілген өтемақы тарифі енгізілді.

Үйірмелер мен секцияларды мемлекеттік қаржыландыру жолымен, бұқаралық балалар спорты мен шығармашылығын дамытуға бағытталған «Artsport» жобасы шеңберінде анықталған сыбайлас жемқорлық схемалары қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Жан басына шаққандағы қаржыландыруға, шамамен, 43 млрд. теңге бөлінді (2021 жылы – 5,8 млрд. теңге, 2022 жылы – 37 млрд. теңге). Бағдарламаны іске асырудың қысқа мерзімі ішінде 11 адамға қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді. 6 адам сотқа берілді, оның 4-еуі сотталды, 5-еуіне қатысты – қылмыстық қудалау ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері іс жүзінде бюджет қаражатын игерудің барлық кезеңінде анықталды.

Мониторинг жүргізу сәтінде қаржыландыру көлемінің болжамы болмады. Бюджеттің мерзімінен бұрын игерілуіне байланысты, жобаны іске асыру екі рет үзілді.

Сондай-ақ «ArtSport» электрондық платформасында құжаттарды беру және сабаққа қатысуды есепке алуды цифрландырудың жеткіліксіздігі анықталды. Жүйенің шалағайлығы «өмірде жоқ» жандарды енгізуге мүмкіндік береді.

Одан басқа, ата-аналар балалардың спорт секциясын немесе шығармашылық үйірмесін ауыстырғысы келетін кезде, оларда ваучерді алмастыру мүмкіндігі жоқ. Сабақтарды таңдаудың икемсіздігі және білім беру бағыттары бойынша қойылатын шектеулер ата-аналар мен жабдықтаушының арасында сабақ түрін ауыстыру және жалған актілерге қол қою бойынша сөз байласуға әкеп соғады.

 

  1. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартылуы

 

Агенттік өз талдамасын дамытумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа субъектілерінің алдын алу әлеуетін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауда.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бұл жұмыс сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға бағытталған жоспарлы және жоспардан тыс іс-шараларды іске асыру жолымен тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингпен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізумен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтаумен, мүдделер қақтығысын реттеумен, мемлекеттік сатып алумен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен, азаматтармен өзара
іс-қимылмен және басқаларымен байланысты.

Соңғы жылдары қабылданған шаралар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, оның ішінде өңірлік деңгейде тартылуын арттыруға мүмкіндік берді.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік жұмыскердің орналасқан жерін автоматты түрде тіркейтін және көрсетілетін қызметті алышуға көрсетілген қызметтер сапасын бағалау мүмкіндігін ұсынатын «Интерактивті платформа» мобильді қосымшасын әзірледі.

Осының арқасында 1 және 2-топтағы мүгедектер мен егде жастағы адамдарға арнайы қызметтер іс жүзінде көрсетілмейтін немесе тиісті түрде жүзеге асырылмау практикасы тоқтатылды.

Әзірлеушілер көрсетілетін қызметтерді алушыларды толық қамту мақсатында, мобильді қосымшаның интернетсіз жұмыс жасауын қамтамасыз етті, бұл, әсіресе, шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін өзекті.

Аталған цифрлық шешімді қоғам жоғары бағалады (8 мыңнан астам оң пікір алынды).

Қарағанды облысының әкімдігі «IQala» порталын іске қосты, оның міндеттері – қызметтер көрсету процесін автоматтандыру, қағазбастылықты, көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланысты және басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау (үш ірі монополист көрсететін
26 қалалық қызмет – «Қарағанды Жарық», «Теплотранзит-Қарағанды», «Қарағандыэнерго Саласы» автоматтандырылды, тізім кеңейтілуде)
.

Батыс Қазақстан облысында «E-sep.su» жобасы іске асырылды, оның шеңберінде ауыз су беруді есепке алу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау процестері автоматтандырылды және су тұтынудың айқын болуы қамтамасыз етілді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, 265  млн.  теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатын үнемдеуге және ауыз суды тұтынуды 20%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысының тапсырмалары мен құқықтық актілердің талаптарын орындау үшін, 2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жоспарлауда жаңа тәсіл белсенді түрде енгізілді.

Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында мемлекеттік құжаттар мен жобаларды іске асыру кезінде жобалық менеджментті енгізу мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы болатыны көзделген.

Сондықтан жыл сайынғы бақылауы бар дәстүрлі жоспарлардың орнына жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде күнделікті мониторингі бар жобалардың жарғылары енгізілді. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын іске асыруды қамтамасыз ететін 44 жобалық кеңсе жұмыс істейді (ОМО – 24, ЖАО – 20).

Осы жұмысты жүйелеу мақсатында, Агенттіктің жобалық кеңсесі мен превенция бөлімшелері мемлекеттік органдарда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» атты № 4 үлгілік базалық бағытты (бұдан әрі – ҮББ-4) енгізу бойынша үйлестіруші және әдіснамалық функцияларды жүзеге асыруда.[30]

ҮББ-4 жобалардың үш блогын қамтиды: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс.

ҮББ-4 бағытын сапалы іске асыру және тұрақты жетілдіру үшін Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінде жобаларға қатысатын мемлекеттік қызметшілердің жұмысын үйлестіретін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссарлар тағайындалды.

Жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдар 428 ведомствода сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізді, 4 486-ға жуық сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, оның 3 773-і жойылды.

Мысалға, Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы (Ұлттық киноны қолдау орталығы) киножоба продюсерінің ақылы қызмет көрсету шартын жұбайымен алдын ала жасасып, оны басты кейіпкерлердің рөліне бекіткен мүдделер қақтығысы фактісін анықтады.

Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы өзінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде Еңбек кодексінің
26-бабы 2-тармағының бұзушылықтарын анықтады және жойды (спорт мекемелерінің бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыстары, кісі өлтіру, зорлау, есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз сақтау және өткізу және басқа да ауыр қылмыстар үшін сотталған жұмыскерлері анықталды).[31]

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу жолымен, 11 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеудің сәті түсті.

Осы өңірдің әкімдігі ротациядан уақтылы өтпеген мемлекеттік ұйымдардың 32 басшысын басқа лауазымдарға тағайындады, аттестаттаудан уақтылы өтпеген спорт саласының 329 жұмыскерін аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырды.

Қостанай облысында 1,3 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, бұл туралы облыстық басқарма басшылығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке материал жіберді. Нәтижесінде, айыптау үкімі шығарылды.

Қарағанды облысында жергілікті атқарушы органдардың мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу бойынша нақты көрсетілмеген қызметтер үшін жеткізушіге 1,4 млн. теңге сомасына заңсыз төлемдер төлеу фактілері талдау жүргізу барысында анықталды. Аталған факт бойынша экономикалық тергеу қызметінің жергілікті департаментінде қылмыстық іс тергелуде.

Тәуекелдер мен бұзушылықтарды мемлекеттік органдардың жұмыскерлері мен басшыларының өздері анықтайтынын атап өту маңызды. Бұл мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қағидатын іс жүзінде енгізу болып табылады.

Жобалық тәсіл жауапкершілікті дербестендіруге, нақты және өлшемді индикаторларды белгілеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ретке келтіруге және мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік берді.

ҮББ-4 жобасының екінші бағыты шеңберінде Агенттік әкімдіктермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады (мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, қоғамдық орындарда және өңірлік теледидарда әлеуметтік бейнероликтер көрсету, қаланың құрметті тұрғындарымен кездесулер, әділдік пен адалдық тақырыбында спектакльдер қою, балалар мен студенттерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектептер және басқасы).

ҮББ-4 жобаларының үшінші тобы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын енгізу жөнінде жұмыс жүргізілді. Комплаенс-қызметтер 6 118 (6 369-дан) квазимемлекеттік ұйымда құрылды.

Квазимемлекеттік сектордың 652 субъектісінде (ЖАО – 522, ОМО – 130) жобаны іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс құжаттары әзірленді. 19 субъект ISO 37001/ҚР СТ 3049-2017 стандартына сәйкестігін растады.

Жүйелік жұмысты құру өзінің оң нәтижелерін береді. Жекелеген комплаенс-қызметтер елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады.

Мәселен, «Астана РЭК» АҚ-ның комплаенс-офицері мемлекеттік сатып алу конкурстарының мониторингі кезінде топографиялық қызметтерге жоғары құны бойынша ақы төлеу фактілерін анықтады. Уақтылы ден қою нәтижесінде, 5 млн. теңгенің негізсіз сатып алуына жол берілмеді.

«Elorda Eco System» мемлекеттік кәсіпорнының комплаенс-офицері өрескел бұзушылықтармен (бір көзден, 30 рәсімдік бұзушылықпен және 4 жүйелі кемшілікпен) өткізілген 15 мемлекеттік сатып алу конкурсын анықтады.

«Самұрық-Қазына» АҚ квазимемлекеттік сектордағы өзгерістер драйвері болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін,
«Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалау мәселелері жөніндегі жол картасы (басқарманың 2022 жылғы 24 ақпандағы № 13/22 бетпе-бет отырысының хаттамасы) бекітілді, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және комплаенсқа жеке бөлім арналған.

Қордың реформалары шеңберінде бір көзден сатып алуды
комплаенс-тексеру енгізілді, жабдықтаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттемелерді бұзған жағдайда мәмілелерді біржақты бұзу көзделген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау тұрғысынан бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу күшейтілді.

Қордың электрондық сатып алу жүйесінде (zakup.sk.kz) контрагенттердің сенімділігін тексеруді автоматтандыру жүзеге асырылады, сондай-ақ мүдделер қақтығысын декларациялаудың электрондық форматы енгізілуде.

Құқық бұзушылықтармен күресудің тиімді құралы ретінде бастамашыл ақпараттандыру жүйесі (жедел желі) қолданылады.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының жұмыскерлері және қауымдастырылған кез келген басқа тұлғалар операторы тәуелсіз компания (KPMG) болып табылатын сенім телефонына қоңырау шала алады. Бастамашыл ақпараттандыру саясатымен өтініш берушілердің аты-жөндерін көрсетпеуге және қысым жасаудан қорғауға кепілдік беріледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін комплаенс-мамандарды даярлау/қайта даярлау жөніндегі жоба іске қосылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бірыңғай тәжірибесін дамыту мақсатында, «Самұрық-Қазына» АҚ-да Портфельдік компанияларда комплаенс функциясын енгізу бойынша үлгілік ұсынымдары, тәсілдері мен құралдары бар қосалқы кескіндегі модель бекітілді.

 

  1. Бюрократиядан арылту, цифрландыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік сатып алу

 

Мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдау тиімділігін арттыру, атқарушы билік қызметін шамадан тыс регламенттеуді болдырмау, құжат айналымын қысқарту, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен жеке жауапкершілігін арттыру мақсатында, Мемлекет басшысы «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.[32]

Бұл ретте, бюрократиялық іркілістерден құтылу және цифрлық технологияларды енгізу мемлекеттік аппараттың жұмысын жеңілдету үшін ғана емес, сонымен қатар, бірінші кезекте, азаматтардың өмір сүруін жақсарту мақсатында жүзеге асырылады.

Осы тұрғыдан алғанда, сот жүйесін дамыту бірінші кезектегі мәселе. Сот төрелігіне қол жеткізуді оңайлату және соттарда клиентке бағдарланған тәсілді енгізу жөніндегі шаралар тұрақты негізде қабылдануда.[33]

Сот ғимараттарында 265 фронт-офис жұмыс істейді. Халыққа кедергісіз қызмет көрсетудің қазіргі заманғы стандарттарын ескере отырып, олар ақпараттық орталығы, кіріс кеңсесі мен өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары, медиаторлар мен адвокаттардың жеке кабинеттері, сондай-ақ іс материалдарымен танысуға арналған кабинеттері бар кең залдармен қамтылған.

Сот ісін жүргізуді оңайлату, сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру, судьялар үшін зерделі көмекшілерді енгізу жөнінде шаралар қабылдануда.

Соттарға қол жеткізудің бірыңғай терезесі – «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі 2014 жылдан бастап, оның ішінде ол мобильді нұсқада жұмыс істейді. Пайдаланушылар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, сотқа электрондық форматта жүгіне, мемлекеттік бажды төлей, сот құжаттарымен таныса, сот отырысының хаттамасын беру туралы өтініш немесе сот отырысының хаттамасына және басқаларына ескерту бере алады.

Жүйеде сотқа дайын талап-арыз автоматты түрде берілетін атқарым енгізілді. Даулардың үш санаты (еңбек, мұрагерлік, некені бұзу, сатып алу-сату шарттары бойынша, жеткізу шарттары бойынша, қарыз шарттары бойынша, жалдау шарттары бойынша) бойынша өтініштердің онлайн-конструкторлары іске асырылды.

Сот отырысы басталғанға дейін, азаматтық іс тараптары арасында онлайн-әңгімелесу мүмкіндігі көзделген.

Елдегі барлық сот залдары сот отырысының барысын тіркеуді қамтамасыз ететін заманауи аудио, бейне-жазба жүйелерімен жабдықталған, олар сот процестерінің 96,8%-ы бойынша қолданылды.

Соттарда сот отырыстарының электрондық залдары жасалды. Судьяның және тараптардың әрқайсысының өздерінің автоматтандырылған жұмыс орындары бар. Олар арқылы өтініштер, «цифрланған» дәлелдемелер және басқа да құжаттармен өзара алмасу жүзеге асырылады. Артықшықшылықтары айқын – процестегі кедергілерді азайту, ақпаратты өңдеу жылдамдығын арттыру, процестердің ұзақтығын қысқарту.

Сот ісін жүргізуді цифрландыру шеңберінде «SMART – судьяның көмекшісі» IТ-өнімі жасалды. Судьяның қарауын талап етпейтін, даусыз істер бойынша сот актілерінің жобаларын бағдарламаның өзі дайындайды.

Мысалға, жүйе шығуға тыйым салу туралы, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы, санкция беру және тағы басқалар туралы сот актісінің жобасын тіркейді және дайындайды. Судьяның қатысуы тек құжатты тексеруді және оған электрондық қол қоюды білдіреді.

Сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз етумен қатар, барлық мемлекеттік органдардың айқындығы мен ашықтығы қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуінің жаңа форматы енгізілді. Осы өзгерістерге дейін кездесулер жылына бір рет және тек Астанада өткізілді. Енді министрлер өңірлерге тікелей – облыс орталықтарына ғана емес, сонымен қатар аудандарға да баратын болады.[34] Бұл қамтуды кеңейтуге және көптеген мәселелерді «орнында» шешуге мүмкіндік берді (2022 жылы министрлер халықпен 213 кездесу өткізді).

Әкімшілік-рәсімдік-процестік кодексті және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, «е-Otinish» ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді, ол өтініштерді қарау процесінің айқындығын қамтамасыз етуге және сервистік тәсілді арттыруға бағытталған (бүгінде 25 мыңнан астам әкімшілік органдар мен ведомстволық бағынысты және құрылымдық 26 мың бөлімшеде енгізілген).

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы – мемлекеттік басқарудың қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Үш негізгі вектор айқындалды: «істен шықпайтын рәсімдерге» көшу, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын дереу қалпына келтіру жүйесін орнату және көрсетілетін қызметтерді алуға алдын ала өтініш беруді енгізу.

Жұмыс Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шеңберінде жүзеге асырылады,[35] ол азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті мемлекеттік қызметтерге көшуді, адами факторды толық алып тастауды және қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуды, көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды көздейді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – МҚІА) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын олардың өтініштерін күтпестен, белсенді формада қашықтан мониторингтеу жолымен қалпына келтіру практикасын бастады. 149 негізсіз бас тарту және бас тарту себептерін толық көрсетпеу анықталды. 124 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды қамтамасыз ету шеңберінде 756 тексеру жүргізіліп, 46 мыңға жуық бұзушылық анықталды, қызмет көрсетушілердің 602 жұмыскері тәртіптік жауапкершілікке,
305 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу, айқындық пен есеп берушілікті күшейту мақсатында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу форматы қайта қаралды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер кіші түрлер бойынша бөлінді, бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің «жасырын» кіші түрлерін автоматтандырумен және оңтайландырумен қамтуға мүмкіндік береді.[36]

Мысалға, «Неке қиюды тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша барлық көрсетілетін қызмет электрондық түрде есепке алынады, дегенмен оның «Неке жасын төмендету кезінде некені тіркеу» және «Неке туралы куәлікке өзгерістер/толықтырулар енгізу» атты 2 кіші түрі қағаз түрінде. «Көлікті тіркеу» атты көрсетілетін қызмет бойынша бастапқы тіркеу бойынша кіші түрі электрондық, қалған жағдайларда қағаз нысанында көрсетіледі (тіркеуден шығару, уақытша тіркеу).

Бүгінгі күні Тізілімге мемлекеттік көрсетілетін 1 337 қызмет енгізілген, оның 1 245-і электрондық формада көрсетіледі, бұл 93%-ды құрайды.  

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистерді смартфондарда алу мүмкіндігі қамтамасыз етілді (EGOV Mobile мобильді қосымшасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 1 006 түрін алуға болады).

Электрондық құжаттар мен процестерге қол қою тәртібін жеңілдететін заң қабылданды, онда нәтиже ақпараттық жүйеде шенеуніктердің қатысуынсыз, автоматты түрде қалыптасады және беріледі.[37]

15 анықтаманың күшін жою және 19 анықтаманың цифрлық растауын енгізу қағаз айналымын 52,4 млн. құжатқа азайтуға мүмкіндік берді.

Сыбайлас жемқорлық факторы сияқты, бюрократияны азайтудың жарқын мысалы – мобильді қосымшаларда цифрлық құжаттарға (19 түріне) қолжетімділікті іске асыру болып табылады, оларды 10,62 млн. жуық пайдаланушы 12,8 млн-нан астам рет пайдаланды.

Мемлекет басшысының жер телімдерін жедел және айқын бөлу үшін пәрменді тәсілдерді әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрі» жүйесін
(бұдан әрі – ЖБМК) іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде.

ЖБМК-ні енгізу кезінде жер теліміне құқықтарды ресімдеу рәсімі жеңілдетіледі: көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру; бірқатар құжаттарды (жерге орналастыру жобасы, жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты) және жерге салынатын комиссияны алып тастау (келісулер саны азаяды); әртүрлі инстанциялардан өту кезінде құжаттарға онлайн жүргізілетін мониторинг; композиттік көрсетілетін қызметтерді енгізу (құқықтарды тіркей отырып, жер теліміне құжат алу); құжаттарды қарау және келісу ұзақтығын 1 жылдан
30 күнге дейін қысқарту.

ЖБМК-ні іске қосу шеңберінде Жария кадастрлық картасы (https://map.gov4c.kz/egkn/) әзірленді, онда жер, құқықтық, табиғи және өзге де кадастрлардың мәліметтері интерактивті форматта жазылған.

Аталған ресурс жылжымайтын мүлікпен және жермен жасалатын мәмілелерді автоматтандыру және оңайлату арқылы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтады.

ЖБМК жүйесі ақпараттық қауіпсіздікке сәйкестік тұрғысынан сынақтан сәтті өтті және тиісті заңнамалық түзетулер[38] күшіне енгеннен кейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізілетін болады (2023 жылы қыркүйек айында).

Әділет министрлігі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беруді, тіркеу ісінен құжаттардың көшірмелерін беруді және электрондық техникалық паспортты беруді толық автоматтандырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша «Отбасының цифрлық картасы» жұмыс істей бастады, оның негізгі мақсаты өтініш беруден мемлекеттік қызметтер көрсетудің анықтау форматына көшу және халықтың қажеттіліктерін уақтылы қанағаттандыру болып табылады (2022 жылы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрі бойынша 57 мың азамат мемлекеттік қызметтер көрсетуге келісім беру үшін SMS алды).

Оқу-ағарту саласында ата-аналардың 80%-ы балаларын
1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарын электрондық форматта тапсырды.

Білім беру ұйымдарында азаматтардың мектеп бюджеті туралы ақпаратқа толық қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін бұлтты технологияларды енгізу басталды, бұл бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады және алымдарды жояды.

Сонымен қатар, колледждерге құжаттарды қабылдау автоматтандырылған және ол «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша шалдыққан, әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа ауыстырды.

Құқық қорғау саласын цифрландыру және оның айқындығын қамтамасыз ету жалғасуда.

Бас прокуратураның деректері бойынша 2022 жылы қылмыстық істердің 90,8%-ы (226 030 істің 205 270-і) электрондық форматта тергелді, 8,1 млн. электрондық хаттама мен нұсқама толтырылды, бұл әкімшілік материалдардың жалпы санының 88%-ын құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде жаппай
бейне
-бақылау енгізілуде. [1]

Бас прокуратура 2022 жылдың қорытындысы бойынша басқа құқық қорғау органдарымен (СЖҚІА, ҚМА, ІІМ) салыстырып-тексеру жүргізді және 26 386 камерадан 22 215 бейне-камераның нақты жұмыс істейтіні, сондай-ақ бейне-бақылау жүйелерімен қамтылмаған 1 483 «көрінбейтін аймақ» анықталды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдануда.

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржылық мониторинг субъектілері үшін бірыңғай портал енгізді, ол арқылы күдікті және шекті операциялар туралы хабарламалар жіберу, сондай-ақ КЖҚ/ТҚ саласындағы оқыту материалдарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында, «Экономикалық тергеу қызметі» АЖ-да «қолма-қол ақшаға айналдыру» фирмаларының контрагент-компаниялары басшыларының ғимаратқа кіруі туралы ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің, ҚМА тергеу департаментінің және аумақтық департаменттерінің басшылығын хабардар етудің автоматтандырылған тетігі іске асырылды.

Бизнестің адал субъектілерін қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартудан қорғау үшін «Бизнесті қорғау» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде ведомстволық бақылау күшейтілді, мүлікке барлық ауыртпалықтарды, тінту мен алуларды есепке алу цифрландырылды.

Талдамалық ІТ-құралдарының көмегімен құқыққа қарсы іс-әрекеттің өте жоғары тәуекелдері бар субъектілер ғана көзге түседі.

ІІМ-де жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді цифрлық шешім – «Қорғау» қосымшасы енгізілді, ол жалған нөмірлер тағылған, сақтандыру қағаздары жоқ, іздеуде жүрген не жол жүрісі ережелерін жүйелі түрде бұзатын және айыппұлдарды төлемейтін автомобиль иелерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бұрын мұндай бұзушылықтарды анықтау үшін барлық көлікті тоқтатып, құжаттарын тексеру қажет болатын, бұл заңға бағынатын азаматтар үшін қолайсыздықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырды. Енді жүйе көше камераларының деректеріне автоматты түрде талдау жасайды және «қауіпті» жүргізушінің жақын жерде екендігі туралы жақын маңдағы полицейдің планшетіне хабарлама жібереді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін шетелдіктердің уақытша тұруға рұқсат алуына құжаттарды қабылдау функциясы Ішкі істер министрлігінен  ХҚКО-ға берілді.

Қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық, көші-қон, жол қауіпсіздігі саласындағы процестерді талдауға мүмкіндік беретін Ахуалдық-талдау орталығы ашылды («Big Data» талдамалау құралдарын пайдалана отырып, барлық ведомстволық деректер базасы біріктірілді).

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың туыстарымен «виртуалды кездесулер» өткізу енгізілді және рұқсат етілген тауарларды онлайн-сатып алу үшін электрондық дүкендер (терминалдар) орнатылды.

Сондай-ақ ішкі істер органдарында негізгі кадрлық процестерді автоматтандыру жолымен әкімшілік кедергілер алып тасталды: кезекті атақтар беру (8 мыңнан астам қызметкер қағаздарды ресімдемей, автоматты түрде атақтар алған); еңбек сіңірген жылдары үшін дәрежелік медальдар беру және жыл сайынғы демалыс беру (демалысқа 4 117 бұйрық автоматты түрде жасалған).

Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған бірқатар заңнамалық шаралар қабылданды.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің нормаларына сәйкес келтіру мақсатында, Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.[39]

Атап айтқанда, шағымдарға жауап беру жобалары және бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жобалары бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды тыңдау енгізілді.

Олар тыңдау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдермен келіспеген жағдайда, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті келіп түскен шағымдар негізінде, әлеуетті жабдықтаушылардың барлық дәлелдері бойынша камералдық бақылау нәтижелерінің сапасына бақылау жүргізеді.

Бұл ретте, камералдық бақылау сапасын бақылау қорытындыларын орындаудың міндетті тәртібі белгіленген.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің Qlik Sense жаңа талдамалық құралына көшу шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін, 64 тәуекел индикаторы (қаржылық есептілік аудиті – 20, мемлекеттік сатып алу – 18, мемлекеттік мүлік – 26) айқындалды.

2022 жылдың соңында жасалған бақылаудан мемлекеттік органдардың 13 107 төлемінің 678-і ең қауіпті ретінде анықталғандығы көрінді. 2,1 млрд. теңге сомасындағы бұзушылықтар белгілі болды.

2022 жылы 1 шілдеден бастап сатып алудың жаңа тәсілі – «рейтингтік-баллдық жүйе қолданылып өткізілетін конкурс» енгізілді.[40] Мұндай тәсіл конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуын болғызбайды және баға мен сапа критерийлерін біріктіру арқылы, сатып алу жеңімпазын жабдықтаушылардың рейтингі негізінде автоматты түрде анықтайды.

Тауарларды конкурстық рәсімдерді өткізбестен сатып алудың айқындығын, автоматтандырылуын және мерзімдерінің қысқартылуын қамтамасыз ететін электрондық дүкен енгізілді.

Тұлғаның тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдағаны, ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауы үшін дербес жауапкершілігі белгіленген. Сондай-ақ тапсырыс берушінің сатып алудың бәсекелестік тәсілдерін басым жүзеге асыруы туралы норма көзделген.[41]

Осымен қатар, бәсекелестік ортаны кеңейту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жолымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында, тауарларды жеткізу және жекелеген қызметтерді көрсету (техникалық қадағалау жөніндегі қызметтерді қоспағанда) кезінде жұмыс тәжірибесінің бар болуы жөніндегі критерий алып тасталды.[42]

2022 жылы 1 қаңтардан бастап «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Заң күшіне енді, онда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды мемлекеттік сатып алуға ұқсастық бойынша жүзеге асыруының бірыңғай тәртібі көзделген.[43]

Аталған шаралар отандық бизнесті қолдауға, бәсекелестікті дамытуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, квазимемлекеттік сектордағы сатып алуды жеңілдетуге және оның айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Лауазымды тұлғалардың сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен физикалық байланысын болғызбау мақсатында, «Бас диспетчерлік басқарма» (МКК-нің «Ахуалдық орталық» және «Электрондық декларациялау орталығы» базасында) құрылды, ол тәулік бойы онлайн режимде инспекциялық-тексеру кешендерінің рентген-суреттерін талдау арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тексеруді бақылайды.[44]

2022 жылдан бастап кедендік тексеру кезінде нақты уақыт режимінде деректерді беру функциясы бар, алып жүруге ыңғайлы бейне-түсіргіштер қолданылады.

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» АЖ-ды жаңғырту шеңберінде кеден ісі саласында көрсетілетін тағы
6 мемлекеттік қызмет пайдалануға енгізілді (УСҚ, бос қоймалар, кеден қоймалары, өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің, сондай-ақ кеден өкілдері мен уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімдеріне енгізу). Құжаттарды беру уақыты екі есеге қысқарды.

Мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің кедендік тексерулерді (қарап-тексерулерді) жүргізуінің айқындығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында, «Астана-1» АЖ «Кедендік тексерудің
(қарап-тексерулердің) электрондық актісі» модулі енгізілді.

Айла-шарғыларды болғызбау және автокөлік құралдарының шекара арқылы өту процесін толық айқындау мақсатында, ЕЫДҰ-ның сыртқы шекарасында 6 автомобиль өткізу пунктінде электрондық кезек жүйесі енгізілді.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін 5 әлеуметтік сезімтал қызмет электрондық форматқа ауыстырылды («Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту»; «Санаториялық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру»; «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақша беру»; «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру»; «Тиісті фармацевтикалық практикалардың сәйкестігіне сертификаттар беру»).

Қоғамдық қатынастарды цифрландыру жөніндегі кешенді шаралардың нәтижесінде, Қазақстан 2022 жылдың қорытындысымен Электрондық үкіметтің даму индексі бойынша әлемдік рейтингте 28 және Онлайн көрсетілетін қызметтер индексінде 8-орынға ие болды, азаматтардың
81,2%-ы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанған
(2021 жылы – 75,4%).

 

  1. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту

 

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында МҚІА-ға толыққанды стратегиялық HR институты болуды тапсырды. [4]

Осы тапсырманы орындау үшін МҚІА-ға персоналды стратегиялық басқару, мемлекеттік органдардың кадр қызметтерін өзгерту және кадр процестерін саралау функцияларын беру тәсілдері пысықталуда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты конкурс нәтижелерін бағалау кезінде мемлекеттік қызметке іріктеудің адами факторын болғызбайтын (үміткерлерді дара биліктен айыру жолымен) жаңа алгоритмі әзірленді. Бұл ретте, тестілеу қағидаларын сақтау Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу барысында өзін оң жағынан көрсеткен прокторинг жүйесімен (конкурсқа қатысушыларды автоматты бақылау құралдарын қолданумен, қашықтан қадағалау рәсімі) қамтамасыз етілетін болады. Конкурстың жаңа рәсімі ең аз балл жинаған үміткерлерді автоматты түрде кезең-кезеңімен алып тастауды, ең жақсы нәтиже көрсеткен үш үміткерді әңгімелесу кезеңіне қорытынды рұқсатпен жіберуді көздейді.

Бұдан бөлек, жоғары үлгерім көрсеткен және жоғары оқу орындарының грант бойынша білім алған түлектерінің (аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға тікелей тағайындау), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқуды сәтті аяқтаған түлектерінің (өңірлік деңгейдегі лауазымдарға және «Б» корпусының жекелеген басшы лауазымдарына) мемлекеттік қызметке кіру тәртібі жеңілдетілді.

Мемлекеттік қызметшілерді сұрастырудан жаңа еңбекақы жүйесінің енгізілгеніне қарамастан, 11,8%-ы олардың жалақысының тек отбасын материалдық қамтамасыз ету үшін жеткілікті деп санайтындығы, 40%-ының жеке тұрғын үйінің жоқ екендігі көрінді. Несие алған мемлекеттік қызметшілердің көп екендігі байқалады.

Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында, «Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру» жобасы іске асырылуда, онда қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыруды күшейту және олардың еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар көзделетін болады.

Осымен қатар, қызметшілердің моральдық-әдеп келбетіне қойылатын талаптар да жоғарылауда. Әдеп кодексінің жаңа редакциясында мемлекеттік қызметтің қағидаттары мен стандарттары жаңартылды, әдеп жөніндегі кеңестер мен уәкілдердің қызметі бұзушылықтардың алдын алуға және оның профилактикасына бағдарланған.

Құқық қорғау қызметі мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде реформалауға түсті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған заңнамалық шаралардың бірі құқық қорғау органдарының кадрлық процестерін бірыңғай стандарттарға (конкурстық рәсімдер, көтермелеу, тәртіптік практика, аттестаттау және т.б.) сәйкес келтіру болды.[45]

Мемлекеттік қызметтің дамуы туралы толық ақпарат 2022 жылы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы Ұлттық баяндамада ұсынылды.

 

  1. Статистика

 

Профилактикамен қатар, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы қамтамасыз етіледі.

2022 жылы барлық құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар 1 724 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді (2021 жылы – 1 557).[46]

 

1-диаграмма. Сыбайлас жемқорлық қылмыс динамикасы

 

 

1-кесте. Ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстар

 

Қылмыс түрі

2021

2022

Пара беру

568

549

Пара алу

449

446

Алаяқтық

160

311

Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану

123

110

Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету

116

87

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 725 адам сотталды (2021 жылы 892 адам), олардың ішінде: ішкі істер органдарының қызметкерлері (жұмыскерлері) – 187 (207), әкімдік қызметкерлері – 143 (145), әкімдер – 7 (5), Қаржы министрлігі – 40 (34), Ауыл шаруашылығы министрлігі – 18 (19), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – 14 (5), Денсаулық сақтау министрлігі – 5 (16), Төтенше жағдайлар министрлігі – 5 (5), экономикалық тергеу қызметі – 5 (4), прокуратура – 5 (3), сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – 5 (2) адам, судьялар – 2 (3) және де басқа тұлғалар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1118 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді, 1016 адам әшкереленді.

Қылмыстық схемалардың және жоғары лауазымды адамдардың қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық «пирамидаларының» жолын кесуге баса назар аудару нәтижесінде, ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтау өсімі 13 %-ды (733-тен 827-ге дейін) құрады.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қозғайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 115 лауазымды тұлға әшкереленді. 73 лауазымды тұлға сотталды, шенеуніктердің озбырлығынан 106 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Сотқа дейінгі аяқталған тергеулер бойынша өтелген залал сомасы
108 млрд. теңгені құрады.

Жалпы, Агенттік 653 млрд. теңгеге жуық сомадағы мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.

Сотқа жіберілген және ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған әрбір қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы жүз пайыз ұсыныс енгізу қамтамасыз етілді (867 ұсыным, 665 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 314 басшы).

Сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы хабарлағаны үшін 134 адамға
40,6 млн. теңге сомасына сыйақы төленді, 7 мемлекеттік қызметші грамотамен марапатталды.

2022 жылы 83 адам іздестірілді. Қабылданған шаралар бойынша олардың саны 59-ға дейін азайды. Елдің шегінен тыс жерде 6 адам ұсталды, олардың біреуі 11 жылдан астам іздеуде болған.

 

  1. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық деңгейдегі жай-күйі мен таралу үрдістері

 

Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері әлемдік деңгейде өзектілігін сақтап қалды, бұл туралы мазмұнды халықаралық күн тәртібі куәландырады.

Коронавирустық инфекция (COVID-19) пандемиясының салдары әлемнің түкпір-түкпірінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жағдайына әсер еткені айдан анық. Атап айтқанда, БҰҰ сарапшылары көптеген елдер пандемия кезеңінде және дағдарыс құбылыстарын еңсеру кезеңінде ғана емес, сонымен қатар қалпына келтіру кезеңінде де сыбайлас жемқорлық көріністерінің өсуімен ұшырасқандығын айтып өтті.

Тәуекел аймағында мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау және сатып алу жүйелері қалып отыр (БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы елдердің конференциясы, 2022 жылғы 7-11 қараша, Вена, Австрия).

Транспаренси Интернешнл трансұлттық сыбайлас жемқорлықпен күрес, клептократияға қарсы іс-қимыл, активтерді қайтару, ақпаратқа қол жеткізу, журналистер мен ақпарат берушілердің құқықтарын қорғау және басқа да мәселелеріне назар аударады (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық 20-конференция, Вашингтон қ., АҚШ, СЖТИ-2022 жыл сайынғы баяндамасы).
Сондай-ақ, олардың алаңдаушылығы газ және мұнай корпорацияларында мүдделік қолдау және сыбайлас жемқорлық тәжірибесімен, олардың «жасыл» энергетиканы Grand corruption and climate change policies», Транспаренси Интернешнлдің шолу баяндамасы) дамытуға кедергілер жасауымен байланысты.

Жаһандық назар алаңында сондай-ақ климаттың өзгеруіне байланысты проблемалар атап өтілуде. БҰҰ сарапшылары миллиардтаған адамдар азық-түлік пен судың жетіспеушілігіне, ауруға бейімділіктің жоғарылауына, тұрғын үй мен күнкөрістің көзінің болмауына және мәжбүрлі көші-қонға тап болатынын атап өтті. Осыған байланысты дамушы елдерде салдарларды жеңілдету үшін, бөлінетін қаражатты тиімді игеруде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету өте маңызды («Preventing and combating corruption as it relates to crimes that have an impact on the environment: An overview», UNODC).

Осымен қатар, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының спорт әлеміндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы жаһандық баяндамасында («Global Report on corruption in Sport», UNODC) спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда қылмыстық белсенділіктің өсуі байқалады, бұл жаһандану процестерімен, елеулі инвестициялармен және спорттық нәтижелерге әсер ететін технологиялық жаңалықтармен байланысты.

Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттер тобы (бұдан әрі – ГРЕКО, Қазақстан 2021 жылдан бастап толыққанды қатысушы болып табылатын Еуропа Кеңесінің бөлімшесі) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартудың, жұртшылықтың, әсіресе, балалар мен жастардың сыбайлас жемқорлықтың адамдардың өмірі мен құқық үстемдігі үшін зиянды салдары туралы хабардарлығын арттырудағы рөлін ілгерілетуді жалғастыруда.

ГРЕКО қатысушы елдерде жария ашықтықты қамтамасыз ету және қоғамды заң шығару процесінің барлық кезеңдерінде (бастамадан бастап қабылдауға дейін) тарту үшін тиісті тетіктер құру қажеттігін атап көрсетеді.
Кешірек кезеңдерінде мерзімдерді қысқарту немесе заң жобаларын жұртшылыққа ұсыну үрдісі байқалады, бұл азаматтардың қатысуын айтарлықтай шектейді (ГРЕКО Төрағасы М. Мрчелдің Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай сөз сөйлеуі).

ЭЫДҰ күн тәртібінде мемлекеттік саяси қызметшілер қатарында парасаттылық стандарттарын күшейту, азаматтардың сенімін арттыру және инфрақұрылымдық инвестициялар мен табиғи ресурстарды жеткізу тізбектеріндегі алдын алу тәсілдерін дамыту маңызды орын алады.

Сондай-ақ трансұлттық сыбайлас жемқорлыққа журналистік тергеу призмасы, ақпарат берушілерді қорғау және корпоративтік сәйкестік арқылы назар аударылады (ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жыл сайынғы форумы – «OECD Anti-Corruption & Integrity Forum», 2022 жылғы 30 наурыз – 1 сәуір, Париж, Франция – виртуалды).

Дүниежүзілік банк бюджеттерді игерудегі айқындықты арттыру, мемлекеттік органдардың есептілігін арттыру үшін талдамалық деректердің мүмкіндіктерін пайдалану және заңның үстемдігін нығайту қажеттілігіне назар аударады. Азаматтық қоғам үшін құрал ретінде сатып алу туралы ауқымды деректерді қамтитын ProACT (Procurement Anticorruption and Transparency) платформасы (Дүниежүзілік банк тобының президенті Д. Малпасстың Транспаренси Интернешнлдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық
20-конференциясында сөйлеген сөзі, Вашингтон, АҚШ)
ілгерілеуде.

2022 жылы «Жиырмалық тобы» елдері басшыларының саммитімен (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте аудиттің рөлін күшейту бойынша G20 жоғары деңгейінің қағидаттары мақұлданды) қатар, бірқатар өңірлік халықаралық
іс-шаралар
өткізілді: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы араб конвенциясына қатысушы елдер конференциясының 4-сессиясы (Конвенцияны іске асыру мониторингінің тетігі айқындалды); Америкааралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциялар (Конвенцияны имплементациялау барысы туралы Панама, Чили және Сальвадордың елдік баяндамалары қабылданды); Африка елдерінде сыбайлас жемқорлықты дұрыс басқару және онымен күрес қағидаттарын енгізу мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі конференция (Африка одағы қызметінің стратегиясы және Африка елдеріндегі сыбайлас жемқорлықты дұрыс басқару және онымен күрес мәселелері бойынша Халықаралық валюта қорының негіздемелік бағдарламасы ұсынылған).

Халықаралық кітапхана бірқатар талдамалық басылымдармен толықтырылды – Сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігі және Еуропалық Одақ елдерінде құқық үстемдігі қағидаттарын сақтау (rule of Law Report), Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі тиісті басқару (report on Good Governance in Southeast Europe), ЭЫДҰ-ның Шетелдік лауазымды тұлғаларға пара беруге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының ережелерін сақтау (Report on the implementation of the OECD Anti-Bribery Convention) және көптеген тақырыптық жарияланымдар («Жоғары экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы порталы, anticor.hse.ru).

Жаһандық сын-қатерлердің елдің дамуына әсерін барынша азайту мақсатында, Қазақстан ұлттық құқықтық жүйенің ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде халықаралық интеграция жөнінде жан-жақты шаралар қабылдауға ұмтылады.

 

  1. Халықаралық ынтымақтастық

 

Қазақстанның шетелдік сыбайлас жемқорлықпен күрес алаңдарындағы жұмысы жандандырылды.

Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының 2022 жылғы наурыздағы жалпы 90-отырысында Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесі бойынша бағалау есебі қаралды (Еуропа Кеңесінің және Агенттіктің сайттарында әртүрлі тілдерде – ағылшын, қазақ, орыс, француз тілдерінде қолжетімді).

Қазақстан қазіргі уақытта ГРЕКО бағалауының бірлескен 1 және
2-раундтарынан өтуде, осы ұйымның сарапшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру үшін 27 ұсынымды бекітті. Олар Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциялармен және басқа да құқықтық құралдарымен белгіленген стандарттарына негізделген.

ГРЕКО стандарттарын енгізу Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйесінің жаңа деңгейге ауысуына ықпал етеді деп күтілуде.

Мысалға, № 11 ұсынымды іске асыру шеңберінде 2022 жылы шілде айында «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.[47]

Жаңа нормалар заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерін, меншігі мен басқару құрылымын белгілеу міндеттілігін, сондай-ақ олар ұсынатын деректердің дұрыстығына бақылауды күшейтуді көздейді.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) тәуекел деңгейіне байланысты, заңда бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген және оңайлатылған шаралары көзделеді.

Қазақстан 2022 жылы 1 шілдеде Еуропа Кеңесінің Министрлер комитетінен Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясына қосылуға ресми шақыру алды.

Еуропа Кеңесінің және Еуропалық Одақтың «Орталық Азиядағы құқық үстемдігі» бағдарламасымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық саласындағы активтерді қайтару және қаржылық тергеу мәселелері бойынша практикалық өңірлік семинарлар ұйымдастырылды.

Франция, Швейцария және басқа елдердің жетекші сарапшылары
(300-ден астам сарапшы) Орталық Азия елдері мен Қазақстанда осы институттарды қолданудың құқықтық негіздері мен тетіктерін, осы саладағы озық тәжірибе мен әлемдік тәжірибені талқылады.

Қазақстан мен Францияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары арасында екіжақты диалог орнатылды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде өзара іс-қимыл жасау туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан 2022 жылы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі – GlobE Network-тің 60-қатысушысы болды және оның практикалық қызметіне белсенді түрде қатысуда.

Астанада 14 қазанда Мемлекет басшысының төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.

Агенттіктің Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі және Парасаттылыққа шолу шеңберінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимылы жалғасуда.

Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Украинадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды қолдайтын, Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі желінің қосалқы өңірлік бастамасы – Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспарына (бұдан әрі – ЫІҚЖ) Қазақстан белсенді түрде тартылды.

Аталған өзара іс қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен қылмыстық заңнамасы да халықаралық стандарттарға сәйкестігі бойынша сараптамалық бағалауға түседі.

Қазақстан 2007-2021 жылдар аралығында ЫІҚЖ ұсынымдарын орындау мониторингінің төрт раундынан өтті және бесінші раундтың орындалуын бастады, ол жекелеген бағыттар (сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ол үшін қылмыстық жауаптылықты қолдану) бойынша сараптамалық бағалау және өңірлік диалог үшін негіз ретінде, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша тиімділік индикаторларын енгізуді көздейді.

Қазақстан үшін мониторингтің 5-раундынан өту 2024 жылғы қараша айына көзделген, ал бағалау кезеңі ретінде күнтізбелік жыл болып табылады.

Осымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ «Парасаттылық бойынша шолу» бірлескен жобасын іске асыруда.

Шолудан сәтті өту Қазақстанның ЭЫДҰ-ның Жария парасаттылық (Recommendation on Public Integrity) жөніндегі ұсынымына (Стандартқа) қосылуға дайындығы жөніндегі міндеттердің бірі болып табылады, бұл ЭЫДҰ-ға кіру кезіндегі міндетті критерий болып табылады.

2022 жылы ЭЫДҰ сарапшылар тобы мемлекеттік органдардың (БП, МҚІА, АҚДМ, СЖжРА, МСМ, ҒЖБМ, ОАМ, ЦДИАӨМ, Қаржымині, Әділетмині, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Астана қ. бойынша Ревизиялық комиссия, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы), азаматтық сектордың (Агенттіктің Қоғамдық кеңесі, «Әділдік жолы» РҚБ, «Integrity Astana» ЖМ, «PaperLab» ҚҚ), «Атамекен» ҰКП және кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Делегация құрамына ЭЫДҰ басқармасы басшысының мемлекеттік сектордың парасаттылығы мәселелері жөніндегі орынбасары (Шана Кришнан) және саяси талдаушылар (Сантьяго Вортман Джофре және Полин Бертран) кірді.

Кездесулер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және бағалау, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара
іс-қимылы, қоғамдық кеңестердің қызметі, мемлекеттік қызмет реформалары және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы зерттеулер мен рейтингтер

 

2022 жылы «Аманат» ЗҚО» ЖШС үш нысаналы топ (халық, бизнес, студент жастар) арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті анықтау бойынша әлеуметтанушылық зерттеу жүргізді (еліміздің барлық өңірінен 8 мың респондент қатысқан).

Зерттеу нәтижелері бойынша «сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге жеке үлесін қосуға дайын екендігін білдірген азаматтардың үлесі» 64,9%-ды құрады.

Бұл ретте, жастар тобы респонденттерінің 88,7%-ы кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарасын білдірді, әрбір екінші азамат (55,5%) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға қатысуға дайын екендігін білдірді.

Сұрастырылған кәсіпкерлердің 69%-ы өз бизнесін пара бермей-ақ дамыту мүмкіндігін атап өтті. Сонымен қатар, Шымкент қаласының (49,9%), Шығыс Қазақстан (53,4%) және Түркістан (46,1%) облыстарының әрбір екінші кәсіпкері бұл пікірді қолдамады.

Бизнесті дамытудағы негізгі кедергі (72,1%), олардың пікірінше, тиісті рұқсат құжаттарын беретін қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа шалдыққандығы, оларды беруді негізсіз созуы болып табылады.

Сұрастырылған бизнесмендердің 5%-ы мемлекеттік органдарда мәселелерді бейресми түрде шешу қажеттілігіне тап болған. Жағдайдың
40%-ында олардың өздері сыбайлас жемқорлық жағдайының бастамашысы болды. Мұның себептерін шарасыздық (32%), алғыс білдіруге деген ұмтылыс (25,3%), мәселені шешуді жеделдетуге деген ұмтылыс (20,9%) және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға деген ұмтылыс (14,5%) деп атайды.

Кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған мемлекеттік органдардың қатарына мемлекеттік кірістер, көліктік бақылау органдары, әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелері және құқық қорғау органдары жатады.

Жалпы, респонденттердің жартысынан көбі (57,5%) соңғы үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеу динамикасын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділік көрсеткіштерінің бірі мемлекеттік органдардың нәтижелілігін бағалау шеңберінде, Президент Әкімшілігі өлшемдейтін Агенттікке деген сенім деңгейі (2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлыққа сәйкес) болып табылады, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенім 1,5 бірлікке өсті және 64,1%-ды құрады.

Жаһандық ахуал бөлігінде Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде (бұдан әрі – СЖТИ) Қазақстан 36 балл алды, бұл СЖТИ-дің
2021 жылғы нәтижесінен бір баллға төмен.

36 ұпайы бар 9 ел (Қазақстан, Албания, Панама, Перу, Сербия, Тайланд, Түркия, Шри-Ланка, Эквадор) 101-орын, ал 34 ұпайы бар 6 ел 110-орын алғанын және 35 ұпайды бірде-бір ел алмағанын атап өту қажет.

Көшбасшылар Дания (90 ұпай), Финляндия және Жаңа Зеландия (әрқайсысы 87) болып, Оңтүстік Судан (13), Сирия (13) және Сомали (12) соңғы орындарды алады.

Елдердің үштен екісі 50-ден аз ұпай алды, ал әлемдегі орташа нәтиже – 43 болды. Өңірлер бөлінісінде Батыс Еуропа мен Еуропалық Одақ елдері үздік болып шықты, онда орташа ұпай 66 баллды құрады. Ең аз нәтиже беретін аймақ – Сахараның оңтүстігіндегі Африка (32).

Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі 19 елдің орташа ұпайы 35  баллды құрады. Бірінші позицияда – Грузия (56 балл). Молдова (39) және Өзбекстан (31), екі – Косово (41), бір – Албания (36), Солтүстік Македония (40) және Украина (33) үш ұпайға өсті.

1 ұпайға төмендеу Боснияда (34), Ресей Федерациясында (28), Черногорияда (45) байқалады. Беларусь (39), Сербия және Түркия (36) 2 ұпай жоғалтты. Әзірбайжан 7 ұпайға төмендеді (30-дан 23-ке дейін).

Transparency International Қазақстанға қатысты баллдарды есептеу үшін әртүрлі әдіснамаларды қолданатын 9 ұйым (кәсіпкерлерді сұрастыру, сараптамалық бағалау, БАҚ материалдарын талдау және басқасы) зерттеулерін бағалаудың орташа мәнін пайдаланды. Бұл ретте, зерттеулердің өзі сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтауға емес, оны кәсіпкерлердің көзімен және сарапшылардың белгілі бір тобымен түйсінуге бағытталған.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлер арасында жүргізілген сұрастыруларды (WEF, IMD) қоспағанда, рейтингтер сыбайлас жемқорлықты саяси реформалар мен демократияландыру (оның ішінде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі, Парламенттің айқындығы, сот жүйесінің, мемлекеттік аудит органдарының толыққанды тәуелсіздігі, БАҚ бостандығы, қоғамдық бақылау, саяси партияларды қаржыландыру), мемлекеттің экономиканы басқаруға қатысуы (оның ішінде бюджеттік жоспарлау және қаражатты игеру жүйелері), тамыр-таныстық және бюрократияландыру (оның ішінде әкімшілік қысым көрсету) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мүдделер қақтығысын реттеу және басқа да мәселелер призмалары арқылы түйсінуді бағалайды.

Осылайша, СЖТИ баллдардың өсуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыретінен тыс көрсетілген бағыттардың және жалпы алғанда, ұлттық заңнамада көзделген «сыбайлас жемқорлық» ұғымының сапалы жақсаруына тікелей байланысты болып отыр.

СЖТИ позициялардың төмендеуінің және ілгерілеуінің болмау себептерінің бірі Қазақстан бойынша пайдаланылған деректердің бір бөлігі тек 2021 жылды (FH, V-DEM, WJP, IHS), екіншісі – 2022 жылдың басын (IMD, WEF, PRS, EIU) қамтитыны және Бертельсман Қорының (BTI) қорытындылары
2019-2020 жылдардағы деректерге негізделген факт болып табылады.

Сонымен қатар, жүйелі реформалардың арқасында Қазақстан 10 жыл ішінде СЖТИ-дағы өз позициясын 10 баллға (26-дан 36-ға дейін) жақсартты,
ал Заң Үстемдігі индексінде (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл желісі бойынша) – 12 позицияға (74-тен 62-орынға) көтерілді.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік Банктің зерттеуі Сыбайлас жемқорлықты бақылау индексіндегі Қазақстан көрсеткішінің 5,8 бірлікке (42,3-тен
48,1 процентильге дейін)
, ал 2017 жылдан бері (20,2) екі еседен астам жақсарғанын көрсетті.

Бұл нәтижелер әлемде он бірінші жыл қатарынан сыбайлас жемқорлық деңгейінің тоқырауы байқалады. Бұл ретте, 2017 жылдан бастап елдердің
95%-ы оң динамиканы көрсетпейді.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасы бойынша 2022 жылы жүргізілген ауқымды конституциялық реформа азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, қоғамда әділдік пен тең құқықты қамтамасыз етуге бағытталған демократиялық және экономикалық шұғыл өзгерістер негізін қалады.

Мемлекет басшысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың
2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына қол қоюы сыбайлас жемқорлықты жоюға жаңа серпін берді. Стратегиялық құжатта көзделген мақсаттар мен міндеттер орта мерзімді перспективада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн тәртібінің басты бағдары болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші жылында ұлттық заңнамаға шенеуніктердің заңсыз байығаны үшін жауапкершілігі енгізілді; сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау тетіктері кеңейтілді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің тәуелсіздігін күшейту туралы нормалар күшіне енді; парасаттылыққа тексеру («Integrity Check») бойынша пилоттық жобаны  іске асыру басталды.

Осымен қатар, қоғамдық қатынастарды кешенді цифрландыру «адамға бағдарлану» қағидаты негізінде жалғастырылды (сот процестерін, құқық қорғау қызметін цифрландыру, «Отбасының цифрлық картасын» енгізу, қолма-қол ақшасыз төлемдер инфрақұрылымын кеңейту және басқасы).

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту бойынша шаралар қабылданды (кадрлық процестерді саралау, үміткерлерді іріктеу кезінде адами факторды болдырмау, қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз етуді күшейту, мемлекеттік қызметтің әдеп стандарттарын жаңғырту және басқасы).

Халықаралық ықпалдасу шеңберінде ГРЕКО ұсынымдарын орындау жалғасуда (бағалаудың 1 және 2-раундтары шеңберінде). Еуропа Кеңесі Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту туралы конвенцияға қосылуға берілген өтінімді мақұлдады. Қазақстан Жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы GlobE желісінің 60-қатысушысы болды.

Аталған бастамалар елдің инвестициялық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ активтерді қайтару және сыбайлас жемқорларды беру бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Жалпы, 2022 жылы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар белгілі бір дәрежеде әлеуметтік-экономикалық жағдайға оң әсер етті, бұған заңсыз алынған жер учаскелерін, өнеркәсіп, энергетика, темір жол және телекоммуникация қызметтерін, активтерді, сондай-ақ 653 млрд. теңгеге жуық сомадағы ақшалай қаражатты мемлекетке қайтарудың, оның
120 млрд. теңге астамын мектеп салуға; ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы тегін ақпараттық жүйе есебінен аграрийлер үшін 1,3 млрд. теңгені үнемдеуге; есепке заңсыз қойылған 8 мың адамды тұрғын үй кезегінен шығаруға; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің проактивті форматын кеңейтуге және т.б. бағыттаудың осындай фактілері дәлел ретінде келтірілуі мүмкін.

Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтегі және квазимемлекеттік сектордағы мүдделер қақтығысын реттеуді бұдан әрі жетілдіруді; параға уәде беру/ұсынуды қылмыс деп тануды; заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейтуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және басқа да шаралар жүйесіне сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізуді көздейтін заң жобасын Парламентке енгізу жоспарланып отыр.

Алдағы кезеңге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттары әлеуметтік-сезімтал салалардағы (білім беру, денсаулық сақтау, жер қатынастары, құрылыс, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік сатып алу, бақылау-рұқсат беру қызметі, құқық қорғау қызметі және т.б.) сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою; бизнесті сыбайлас жемқорлықтан қорғау; заңсыз шығарылған активтерді қайтару; қоғамдық қатынастарды сапалы цифрландыру; ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы болып айқындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның заңмен бекітілген үйлестіруші рөлі сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын, оның ішінде жобалық басқарудың тиімді құралдары арқылы жоюға, мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететін болады.

Демократия призмасы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысынан сот жүйесінің тәуелсіздігін, күштік органдардың сатылмауын, азаматтардың ақпаратқа қол жеткізуін, мемлекеттік аудит органдарының тиімділігі мен тәуелсіздігін, бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын, бюджеттік процестің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар Қазақстан үшін өзекті болып қалады.

 

 

 

Тапсырмалар тізімі:

 

  1. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
  2. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
  3. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
  4. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен 2022 жылы 1 ақпанда өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы» кеңестің хаттамасы.

 

Ескертпе: стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпаратты енгізу туралы талапты орындау үшін (Қазақстан Республикасының Президентіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы дайындау, енгізу және оны жариялау қағидаларының 8-тармағы), баяндама мәтінінде жоғарыда көрсетілген тапсырмалардың тармақтарына сілтемелер беріледі.

 

 

 

Қысқартулар тізімі:

 

ҰҚП

ұлттық кәсіпкерлер палатасы

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

ҰҚСК

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі

ГРЕКО

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттер тобы

БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымы

ЭЫДҰ

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

ФАТФ

Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес қаржылық шараларын әзірлеу тобы

НҚА

ЛТЖ

АҚ

Қаржымині

БҒМ

ДСМ

ИИДМ

ТБЖ

ЕжХӘҚМ

ЦДИАӨМ

 

ЖШС

ҮЕҰ

ОМО

ЖАО

ӘКК

ІІМ

ҰК

МЖӘ

ТБН-4

 

МҚІА

ЖМБМК

Агенттік

ҚМА

ҚІҚ/ТҚ

 

 

АЖ

ЖЖҚ

ХҚКО

МКК

ЕАЭО

СЖТИ

 

ТМД

ЫІҚЖ

 

БП

СЖжРА

МСМ

ҒжЖБМ

ОАМ

Әділетмині

 

 

 

 

 

 

нормативтік құқықтық акт

лездік төлемдер жүйесі

акционерлік қоғам

ҚР Қаржы министрлігі

ҚР Білім және ғылым министрлігі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

тәуекелдерді басқару жүйесі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

жауапкершілігі шектеулі серіктестік

үкіметтік емес ұйым

орталық мемлекеттік орган

жергілікті атқарушы орган

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

ҚР Ішкі істер министрлігі

ұлттық компания

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы
іс-қимыл жөніндегі үлгілік базалық бағыт

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрі

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл

ақпараттық жүйе

Жол жүрісі қағидалары

халыққа қызмет көрсету орталығы

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Еуразиялық экономикалық одақ

Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі» (CPI TI)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ЭЫДҰ-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі» Ыстамбұл іс-қимыл жоспары (Istanbul Action Plan, OECD)

ҚР Бас прокуратурасы

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Әділет министрлігі

РҚБ

ЖМ

ҚҚ

ЗҚО

республикалық қоғамдық бірлестік

жеке мекеме

қоғамдық қор

Зерттеу қызметтерінің орталығы

 

Рейтингтік ұйымдардың қысқартылған атаулары:

 

BTI (Bertelsmann Transformation Index) – Дамушы елдердің және өтпелі экономикасы бар елдердің демократиялық институттарды қалыптастыру бойынша тиімділігін бағалайтын «Бертельсманның өзгермелілік индексі», («Бертельсманн қоры», Германия)

EIU (Economist Intelligence Unit) – британдық «Economist Group» басылым тобының елдік тәуекелдердің сараптамалық бағалауын жүзеге асыратын талдамалау бөлімшесі

FH (Freedom House) – саяси және азаматтық құқық, демократияны қорғау саласындағы зерттеуді жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйым (АҚШ), («Әлемдегі бостандық», «Өтпелі кезең елдері» және басқасы)

IHS (S&P Global) – елдік тәуекелдерді сараптамалық бағалау есептерін қалыптастыратын халықаралық талдамалау компаниясы

IMD (International Institute for Management Development) – Жаһандық бәсекеге қабілеттілік («World Competitiveness Ranking») индексін және басқасын қалыптастыратын тәуелсіз бизнес-мектеп («Халықаралық менеджментті дамыту институты», Швейцария)

PRS Group (Political Risks Services) – инвестициялар саласындағы елдік тәуекелдерді сараптамалық бағалауды жүзеге асыратын талдамалық компания (АҚШ)

V-DEM (Varieties of Democracy) – демократия институттарын өлшеуді жүзеге асыратын халықаралық зерттеу жобасы («Демократияның әралуандығы», Швеция)

WEF (World Economic Forum) – Давосс форумын өткізумен әйгілі үкіметтік емес ұйым («Дүниежүзілік экономикалық форум», Швейцария); «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін» («Global Competitiveness Index») қалыптастырады

WJP (World Justice Project) – құқық үстемдігі қағидаттарын ілгерілететін және «Құқық үстемдігі индексін» («Rule of Law Index») қалыптастыратын үкіметтік емес ұйым («Дүниежүзілік сот төрелігі жобасы», АҚШ)

 

Сілтемелер тізімі:

 

[1] Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығы;

[2] «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2022 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (2022 жылы 5 маусымда республикалық референдумда қабылданды);

[3]  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы № 157-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[4] «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2022 жылғы 17 қыркүйектегi № 142-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[5]  Қазақстан Республикасы Президентінің «Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 26 қарашадағы № 3 Жарлығы;

[6] Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» 2022 жылғы 5 маусымдағы № 908 Жарлығы

[7]  «Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкімі;

[8]  Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» 2022 жылғы 22 маусымдағы № 938 Жарлығы;

[9] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 177-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы; «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығы;

[10] «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы № 154-VII ҚР Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;

[11] «Прокуратура туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы № 155-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;

[12] «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» 2022  жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;

[13]  Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығы;

[14] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021  жылғы 27 желтоқсандағы № 88-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[15] «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы;

[16] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 4 шiлдедегi
№ 134-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[17] Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» 2022 жылғы 14 маусымдағы № 930 Жарлығы;

[18] «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[19] Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығы;

[20]  Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы;

[21] «Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» 2008 жылғы 4 мамырдағы № 31-IV Қазақстан Республикасының Заңы;

[22]  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 3 қаңтардағы № 188-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[23] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы № 48-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[24]  «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығы;

[25] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 141-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[26]  «Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 881 қаулысы;

[27]  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығы;

[28]  «Кеден ісі, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі негіздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 540, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы
31 мамырдағы № 250, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 403 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 309 бірлескен бұйрығы;

[29]  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 177-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[30] «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысы;

[31] Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі;

[32] Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы
13 сәуірдегі № 872 Жарлығы;

[33] Қазақстан Республикасы Президентінің «Сот әкімшілігін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 1002 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы
Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығы;

[34]  Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 863 Жарлығы;

[35]  Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығы;

[36] «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы;

[37] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 141-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[38] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 221-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[39]  «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 454 бұйрығы;

[40] «Рейтингтік-баллдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 бұйрығы;

[41] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 15 қарашадағы № 72-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[42]  «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 35 бұйрығы;

[43]  «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[44] «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 130 қаулысы;

[45] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 136-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

[46]  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес;

[47]  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 1 шiлдедегi № 131-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы.

2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама
Дата публикации
14 июля 2023