Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығы) іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 34-тармағына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидалары бекітілді (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығы, Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда № 31713 болып тіркелген).

Қағидаларда мыналар көзделген:

  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаттары;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі жылына кемінде, бір рет;
  • қоғамдық кеңестердің мүшелерін, мамандарды және сарапшыларды талдау жүргізу бойынша жұмыс тобының құрамына, анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі мониторингіне тарту;
  • талдау анықтамасына қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мониторингін жүргізу алгоритмі;
  • талдау нәтижелерін және ұсынымдардың орындалуы туралы ақпараттың мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастыру;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау кезінде жобалық басқару тәсілдері қолданылуы бойынша мүмкіндік;
  • ішкі талдаудың ұсынымдарын құқықтық мониторинг жүргізу кезінде қолдануы;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау (Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының
    7-тармағын орындау).

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою кезінде сапаны, толықтықты және бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілді (Агенттік Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығы).

Қағидаларға сілтеме –  http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031713

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Дата публикации
02 марта 2023