2021 жылғы СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021 жылғы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы

2022 жыл

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе ……………………………………………………………………

3

Негізгі бөлім …………………………………………………………….......

4

         1.   Статистика ……………………………………………………………..

4

         2.   Саяси жаңғыру және қоғамдық бақылау ..........................…………

6

         3.   Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
жөніндегі комиссияның қызметі …………………………..................

 

 

10

         4.   Қоғамда парасаттылық жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ………………………......................

 

11

         5.   Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауы…..…………...

12

         6.   Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауы...…………………

16

         7.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы ………………...................................................................

 

 

17

         8.   Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы үлесі..........................................................................................................

 

 

19

         9.   Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау

23

      10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дамуы …………………..

24

      11. Халықаралық ынтымақтастық ………….............................................

26

      12. Сыбайлас жемқорлықты түйсіну …………………………………….

27

      13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру ……………

30

      14.Орта мерзімді перспективада шешуді талап ететін проблемалар ....

31

      15.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы ……............................................................

 

33

Қорытынды …………………………………………………………………

35

Тапсырмалар тізімі ………………………………………………………….

36

Қысқартулар тізімі ………………………………………………………......

37

Сілтемелер тізімі ……………………………………………………….........

39

 

 

КІРІСПЕ

 

Осы баяндама «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №154 Жарлығын орындау үшін дайындалды.

Құжаттың мақсаты қоғамды 2021 жылы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы хабардар ету болып табылады.

Уәкілетті органның, басқа да мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылдағы үлесі жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғаммен серіктестік, жауапкершіліктің болмай қалмайтындығы жөнінде қабылданған заңнамалық және тәжірибелік шаралар, сондай-ақ БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелерін, Еуропа Кеңесінің ГРЕКО басшылық қағидаттарын және ЭЫДҰ ұсынымдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар беріліп отыр.

Мемлекет басшысының «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты» қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жөніндегі орта мерзімді кезеңге арналған іс-қимыл бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты әзірлеу жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы ақпаратқа бөлек назар аударылды.

Сондай-ақ Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша күш-жігері, сонымен бірге елдегі және әлемдегі сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейін тәуелсіз бағалау қорытындылары көрініс тапты.

Құжат оқырмандардың кең ауқымы – мемлекеттік қызметшілерге, тәуелсіз сарапшыларға, рейтингтік агенттіктерге, қоғам қайраткерлеріне, ғалымдарға және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

  1. Статистика

 

Жүйелі алдын алу жұмысының, қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің нәтижесінде, Қазақстанда тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің саны 29%-ға азайды.

 

1-диаграмма. Сыбайлас жемқорлық қылмыстың динамикасы

 

 

1-кесте. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі (тіркелген қылмыстар саны)

 

Субъект

2020

2021

Динамика

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

1632

1037

-37%

Ішкі істер министрлігі

371

326

-12%

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

89

72

-19%

Прокуратура органдары

78

68

-13%

Экономикалық тергеу қызметі

21

53

+152%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте. Ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстар

 

Қылмыстың түрі

2020

2021

Динамика

Пара беру

625

568

-9%

Пара алу

570

449

-21%

Алаяқтық

316

160

-49%

Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету

268

116

-57%

Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану

193

123

-36%

Парақорлыққа делдал болу

42

36

-14%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 892 адам сотталды (2020 жылы – 1 021), олардың ішінде: ішкі істер органдарының – 207 (254), әкімдіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің – 150 (211), оның ішінде әкімдер – 5 (19), қаржы министрлігінің – 34 (67),
ауыл шаруашылығы министрлігінің – 19 (18), денсаулық сақтау министрлігінің – 16 (5), ұлттық қауіпсіздік органдарының – 10 (5), экономикалық тергеу қызметінің – 4 (7), прокуратураның – 3 (6) қызметшілері, судьялар – 3 (5) бар.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс құрылымында парақорлықтың үлесі жылдан–жылға өсуде (пара алу және беру, парақорлыққа делдал болу).
2015 жылы бұл әрбір үшінші қылмыс болса (2 733 жылғы 895), 2021 жылы –
67%-дан астам (1 557 жылғы 1 053). Бұл мемлекеттік аппараттың бюрократиямен және күрделі рәсімдермен байланысты жұмысында қауіпті аймақтардың бар екендігі туралы белгі беру.

Жалпы статистиканың төмендеуіне қарамастан, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың (10%-ға), ұсталғандардың (10%-ға, 216-дан 235-ке дейін), тұтқындалғандардың (13%-ға, 197-ден 223-ке дейін) және бас бостандығынан айыруға сотталғандардың (7%-ға, 269-дан 289-ға дейін) саны өсті.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі реформалардың арқасында, ақтайтын негіздер бойынша қысқартылған сыбайлас жемқорлық қылмыстық істердің үлесі 2021 жылы 30%-ға
(1576-дан 1096-ға дейін) төмендеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көп деңгейлі жүйелі сыбайлас жемқорлықты, заңдастырылған қылмыстық схемаларды және ірі жымқыруды анықтау және жолын кесу үшін терең әзірлемелер жүргізуге бағытталған.

Бизнеске заңсыз араласудың 91 жағдайының және көлеңкелі экономика субъектілеріне қамқоршылықтың 66 фактісінің жолы кесілді. Жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 82 фактісі анықталды. 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді (2020 жылы – 0).

Мысалға, елордада көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері 500 млн.теңгеге техникалық байқаудың 260 мыңнан астам жалған диагностикалық картасын беруді ұйымдастырды.

Шығыс Қазақстан облысында «Семей орманы» резерватының басшыларын қоса алғанда, 16 адамнан тұратын топ орманды санитариялық кесуге рұқсат бергені үшін, пара алды. Бірегей қарағайлы орманы жойылды.

Қостанайда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жүргізуші куәлігін алуға жүздеген емтихан нәтижелерін қолдан жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы, анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Есептік кезеңде осындай 71 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, олардың негізгі үлесін жымқыру (55%), парақорлық (23%) және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану (7%) фактілері құрайды.

Олардың ең көп саны Нұр-Сұлтан қаласында (11), Түркістан (8), Алматы (7), Ақмола (6), Қостанай (6) облыстарында және Алматы қаласында (6) анықталды.

Оқушыларды онлайн оқыту үшін компьютерлік техниканы сатып алуды тексеру шеңберінде анықталған заладың жалпы сомасы 15 млрд.теңгеден астам 12 қылмыс анықталды (Нұр-Сұлтан қаласы – 1, Алматы облысы – 4, Атырау – 1, Қостанай – 2, Маңғыстау – 1, Павлодар – 1, Солтүстік Қазақстан – 2).

Әшкереленген тұлғалардың қатарында 4 өңірдің (Нұр-Сұлтан қ., Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары) білім беру басқармаларының басшылары бар, олар бюджет қаражатын құнын көтеру және сапасы лайықсыз компьютерлік техниканы жеткізу жолымен жымқырған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет электрондық вакцина егудің жалған паспорттарын беру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдады.

Нәтижесінде, 12 сотқа дейінгі тергеу тіркелді (Нұр-Сұлтан қ. – 3, Алматы қ. – 1, Ақмола облысы – 1, Ақтөбе – 1, Алматы – 1, Шығыс Қазақстан – 1, Қостанай – 1, Павлодар – 1, Түркістан – 2).

Ақмола облысында Көкшетау қаласының орталық қалалық емханасы мен «Viamedis» ЖШС емханасының медбикелері жалған құжаттарды бірнеше рет өткізу және Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттық жүйесінің «Вакцинация» электрондық модуліне көрінеу жалған мәліметтер енгізу фактісі бойынша сотталды. Олар нақты инъекция енгізбестен азаматтардан ақшалай сыйақы (10 мыңнан 40 мың теңгеге дейін) алған.

Осы деректер негізінде, «egov.kz» электрондық үкімет порталында облыстың 15 тұрғынына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина егудің жалған электрондық паспорттары жасалды.

2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 20,4 млрд.теңгені немесе 86%-ын (23,8 млрд.теңгеге келтірілген залалдан) өтеуді қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
(бұдан әрі – Агенттік) қоғамдық қауіпті салдардың ерте алдын алуға басты назар аударады.

Осылайша мемлекеттік сатып алу мониторинг жүргізу арқылы,
46,6 млрд.теңге сомасындағы бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол берілмеді.

Осындай алдын алу тәсілі қылмыстық істер шеңберінде де қолданылады. Мысалға, Агенттік Солтүстік Қазақстан облысында көпір құрылысына бөлінген 18 млрд.теңгеден астам қаражатты жымқыруға жол берген жоқ.

 

  1. Саяси жаңғыру және қоғамдық бақылау

 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) – жариялы-құқықтық дауларды қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін енгізуге және қолдануға, сондай-ақ билік органдарының шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысуына кепілдік беруге бағытталған іргелі құқықтық акт қолданысқа енгізілді.[1] [3, 14-т.; 2, 4.8-бастама].

ӘРПК мен «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі пайдалануға енгізілді,
ол өтініштерді қарау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және оңтайландыруға, сервистік тәсілді арттыруға, сондай-ақ талдау үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.

Аталған тұжырымдамаға барлық орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қосылған.

186 мыңнан астам пайдаланушы тіркелді және жүйе іске қосылғаннан бері 667 мыңнан астам өтініш өңделді.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялағаннан кейін, өлім жазасын түпкілікті жою туралы заң қабылданды.[2]

Елді мекендер әкімдерінің тікелей сайлауы алғаш рет ауылдық өткізілді.

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың тізбесін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл толықтырды.[3]

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне, оның ішінде «адамға бағдарлану» қағидатына негізделген және нәтижеге бағытталған елеулі өзгерістер енгізілді.[4] [4, 3-тармақ]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде нақты нысаналы көрсеткіштер Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында, Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделген.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы стратегиялық мақсаттар 2025 жылдың қорытындысы бойынша Transparency International Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде 45 баллға, 2030 жылға қарай 55 баллға қол жеткізу болып айқындалды.

Мемлекеттік органдардың қызметіндегі жобалық басқарудың құқықтық мәртебесі бекітілді.[5] Арнайы құрылған Ұлттық жобалау кеңсесі «Easy project» жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде елдің стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізудің күн сайынғы мониторингін қамтамасыз етеді.

Осы ресурста жобалардың саны, сәйкестендірілген тәуекелдер, мемлекеттік органдар бөлінісінде бар ауытқулар, міндеттер мен нысаналы көрсеткіштер туралы ақпарат жүйелендірілген.

Ел дамуының стратегиялық бағыттарын реформалау бойынша нақты шараларды көздейтін бірқатар тұжырымдамалар мен ұлттық жобалар бекітілді.

Олардың сапалы іске асырылуын бақылау депутаттарға, тәуелсіз сарапшыларға жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беру арқылы қамтамасыз етіледі.

Қоғамдық кеңестер арқылы қоғамдық бақылауды дамыту жалғасуда. [7, 4.3 т.]

2021 жылдың соңына республикада 251 қоғамдық кеңес жұмыс істеді,
(3801 адам), оның ішінде республикалық деңгейде – 35, жергілікті деңгейде – 216 (облыстарда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында – 17, қала, аудан деңгейінде – 199).

Қадағалау органдары сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың 12 субъектісі жанынан құрылды. [4, 118 б.]

Азаматтық қоғамның пікірін қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша қоғамдық бақылаудың әртүрлі нысандары (қоғамдық тыңдаулар, қоғамдық мониторинг, қоғамдық сараптама, мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелері туралы есептерді тыңдау) арқылы білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.

Алайда 2021 жылғы әлеуметтанушылық сұрастыру нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің тек 29,5%-ы белгілі бір дәрежеде қоғамдық кеңестер жұмысының тиімділігін атап өтеді, ал аймақтарда бұл институтқа деген көзқарас біртекті емес.[6]

Өңірлер бөлінісіндегі тиімділік көрсеткіші Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы өте төмен хабардарлықты көрсетеді.

Респонденттер Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы қоғамдық кеңестерді неғұрлым тиімді деп санайды (республикалық тиімділік көрсеткіші – 50%-дан жоғары).

 

3-кесте. «Жалпы қоғамдық кеңестердің қызметін тиімді деп санайсыз ба?» деген сұраққа жауаптарды бөлу

 

Өңір

Иә, тиімді, қоғамдық кеңестер маңызды институт болып табылады

Дұрысы, тиімді, қоғамдық кеңестер пайдалы алаң болып табылады

Дұрысы, тиімсіз, өйткені олардың шешімдері ұсынымдық сипатта болады

Жоқ, тиімді емес, қоғамдық кеңестердің жұмысы формалды сипатқа ие

Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ештеңе білмеймін

Жауап беру қиын

Ақмола облысы

12%

14%

16%

10%

42%

6%

Ақтөбе облысы

3,5%

3,5%

12,3%

26,3%

43,9%

10,5%

Алматы облысы

10,3%

19,8%

10,3%

11,9%

46,8%

0,8%

Атырау облысы

15,4%

2,6%

0%

2,6%

79,5%

0%

Батыс Қазақстан облысы

20,5%

43,2%

15,9%

6,8%

9,1%

4,5%

Жамбыл облысы

4,5%

30,3%

9,1%

10,6%

43,9%

1,5%

Карағанды облысы

2,1%

5,3%

3,2%

6,4%

81,9%

1,1%

Қостанай облысы

0%

12,7%

9,5%

1,6%

76,2%

0%

Қызылорда облысы

50%

29,2%

14,6%

0%

4,2%

2,1%

Маңғыстау облысы

2,4%

7,3%

4,9%

12,2%

53,7%

19,5%

Түркістан облысы

38,2%

19,1%

13,6%

1,8%

17,3%

10%

Солтүстік Қазақстан облысы

5,1%

25,6%

15,4%

7,7%

41%

5,1%

Павлодар облысы

11,5%

11,5%

1,9%

3,8%

61,5%

9,6%

Шығыс Қазақстан облысы

9,5%

12,6%

8,4%

13,7%

47,4%

8,4%

Нұр-Сұлтан қаласы

20%

10,7%

5,3%

9,3%

50,7%

4%

Алматы қаласы

5,8%

15,9%

12,3%

4,3%

54,3%

7,2%

Шымкент қаласы

17,5%

17,5%

15,9%

4,8%

14,3%

30,2%

 

Сонымен қатар, қоғамдық кеңестердің сапалы құрамы мәселесі бойынша азаматтардың шағымдары бар, соның салдарынан билікпен нақты диалог үшін алаңдардың болмауы.

Әкімдіктердің жанындағы қоғамдық кеңестер мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде халықтың пікірін ескеретін және қоғамдық бақылайтын тиімді институттар бола алмады.

2021 жылғы жай-күйі бойынша қоғамдық кеңестердің қызметін қайта қарауды талап ететін үш теріс үрдіс орын алды.

Біріншіден, құрамды қалыптастыру кезінде транспаренттіліктің болмауы, осы органдардың құрамын, олардың дербестігі мен тәуелсіз болуын айқындау рәсімінің жеткіліксіз айқындығы.

Қоғамдық кеңестер құрамында (2/3 кем емес) азаматтық сектор лимитінің ресми сақталуына қарамастан, оны, көбінесе, өңір басшылығына ниеттестік білдіретін бұрынғы мемлекеттік қызметшілер, бұрынғы әкімдер, депутаттар, әлеуметтік объектілердің басшылары ұсынады. Әдетте, жергілікті биліктің ұстанымына қарсы тұратын қоғам өкілдері жоқ.

Адал белсенділерді таңдау тәжірибесі қоғамдық кеңестердің маңыздылығының «жойылуына» алып келеді. Оларда балама пікірлері бар ірі сарапшылар мен ғалымдар ұсынылмаған, жергілікті оппозиция өкілдері мен қоғамдық пікірдің нақты көшбасшылары жоқ.

Екіншіден, наразылықты азайтуға көңіл бөлінбейді. Жергілікті деңгейде оппозициялық және сыншыл қоғамшылдар өз талаптарын айта алатын және билікпен бірге көтерілген проблемалардың шешімін іздейтін алаңдар жоқ.

Осы тәрізді жағдай «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына қайшы келеді және қоғамдық тұрақсыздық қаупін арттырады.

Үшіншіден, қоғамдық кеңестердің қызметі тиімсіз. Халықтың пікірінше, олар жылына бірнеше рет жиналып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әкімдерді өңірлердің проблемалық мәселелерін көтермей және оларды шешу жолдарын ұсынбай, тыңдауларды өткізеді.

Қоғамдық кеңестердің қызметіне деген сенімді арттыру және азаматтардың тарапынан сын-пікірлер мен ұсыныстар жасау үшін нақты алаң қалыптастыру мақсатында, Мемлекет басшысы Үкіметке және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне, оның ішінде қоғамдық кеңестердің құрамына саяси партиялар, ҮЕҰ, азаматтық белсенділер, бейбіт митингілерге қатысушылар қатарынан сындарлы оппозиция өкілдерін қосу жөнінде, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінің санын азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Осымен қатар мемлекеттің қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін арттыру мақсатында, «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді. [4, т. 117]

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы 6 отырыс өткізіліп, онда 10 мәселе қаралды, оның ішінде:

1) Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру барысы туралы;

2) Мемлекет басшысының төрағалығымен 2020 жылы
19 тамызда өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы» кеңестің №20-01-7.19 хаттамасын іске асыру барысы туралы;

3) Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асырудың тиімділігі туралы;

4) басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін отставкаға шығу институтын құқықтық қолданудың және тәртіптік жауапкершілігінің проблемалық мәселелері;

5) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы;

6) кеден саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданылатын шаралар туралы;

7) коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимылға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінде 2020 жылы және 2021 жылдың 1-жартыжылдығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігі туралы;

8) Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы;

9) орта және жоғары білім беруді дамытуға бөлінген қаражат тиімділігінің мемлекеттік аудиті;

10) Комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Бейне-конференция байланысы бойынша отырыстарға Комиссия мүшелері, мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары қатысты.

Олардың нәтижелері бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдарға нақты ұсынымдар берілді, олардың орындалуы Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің бақылауында.[7]

Тізбеленген мәселелерді қарау туралы тиісті ақпараттық хабарламалар орналастырылып, Мемлекет басшысына баяндалды.

 

 

 

 

  1. Қоғамда парасаттылық жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүйелеу мақсатында, Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі Кешенді және Ведомствоаралық жоспарлар (ақпарат және қоғамдық даму, білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерімен бірлесіп) бекітілді.

Осы құжаттарды орындау үшін білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы 3 мыңға жуық іс-шара іске асырылды.
[6, т. 6; 7, т. 5]

Сонымен, барлық өңірлерде жастар ресурстық орталықтарының алаңдарында оқушылардың пір тұтынушыларымен 154 кездесу өткізілді
(TedX форматында). «Парасаттылық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы шеңберінде оқу орындарында 38 бейне-дәріс көрсетілді.

Еліміз бойынша 12 мыңнан астам отбасының қатысуымен «Парасатты отбасы» байқауы өтті.

Мәдениет және спорт министрлігінің үйлестіруімен республикалық театрлардың репертуарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы қойылымдар ұсынылды.

Дұрыс ұстанымдарды дәріптеу мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік бейнероликтер («Сыбайлас жемқорлық жақындарыңның өмірін бұзады», «Алушылар, тасушылар және жағымпаздар», «Дұрыс дамыңыз» және т.б.) шығару және трансляциялау жолға қойылды.

«Адал көмек» жобасы шеңберінде жетекші заңгер-волонтерлар 13 мыңнан астам онлайн-консультация және 740 кездесу өткізді. Азаматтардың 40 мың сұрағы бойынша түсіндірмелер берілді.

Қоғамдық орындарда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған бейне-роликтер көрсетіледі, онда сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимыл шаралары, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысу тетіктері туралы ақпарат мазмұнды ұсынылады.

Сотталғандар жұмыс істеген мемлекеттік органдар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарының қатысуымен, сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша сот процестерінің 35 онлайн-көрсетілімі өткізілді.

«Antikor.Live» бағдарламасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контенттің үздіксіз көрсетілімі қамтамасыз етілді.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін нығайту мақсатында, жыл сайын насихаттық тарату материалдары әзірленеді. Өткен жылы олардың саны 100 мың кітапша мен 300-ден астам баннерді құрады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2021 жылы сәуір айынан бастап «Хабар 24» республикалық телеарнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы сарапшылардың түсіндірмелер мен сюжеттері көрсетілетін апта сайынғы «Antikor.kz» бағдарламасы жұмыс істейді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері «Ашық алаң», «Апта», «Сұхбат», «Үлкен апта», «Бүгін», «Халықтық бақылау», «Хабарлас» бағдарламалары шеңберінде, республикалық («Хабар 24», «Хабар», «Qazaqstan») және өңірлік («Ertis TV», «Qyzylorda», «Qyzyljar», «Jambyl», «Qostanai», «Kokshe», «Aqjaiyq», «Altai», «Semei», «Атырау», «Ақтөбе» арналарында «Ашық сөз», «Ақиқат алаңы», «Аdal Talk», «Адалдық алаңы», «Бірінші студия», «Заңға сүйене отырып», «Алтай таңы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру», «Antikor News» бағдарламалары жұмыс істейді) телеарналарында кең көрсетіледі.

Агенттік Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру ортасын құруда.

Мектеп жасына дейінгі балаларда парасаттылықты тәрбиелеуге бағытталған, балабақшаларға арналған «Адалдық әліппесі» дидактикалық ойындар жинағы әзірленді.

1-4 сыныптардың «Дүниетану», «Әдеби оқу», «Өзін-өзі тану», «Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы компонентпен жаңартылды.

Жоғары оқу орындарында Академиялық адалдық қағидаттарын енгізу, оның ішінде Академиялық адалдық лигасының құралдарын қолдану бойынша әдістемелік басшылық бекітілді. Атап айтқанда:

1) студенттермен өзара іс-қимыл рәсімдерін автоматтандыру (қабылдау, тіркеу, бағалау, емтихандар);

2) білім беру бағдарламаларының тізбесіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулін енгізу;

3) түлектің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы жұмыстары тақырыптарының тізбесін жаңғырту;

4) оқу орнында сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау үшін, студенттерге сұрастыру өткізу;

5) ISO 37001 және т.б. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу ұсынылды.

Кең ауқымды ағартушылық және түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, олардың Агенттікке және жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа деген сенімі артып келеді.

Соңғы бес жылда «1424» нөміріне жүгінулер саны 35%-ға өсті
(2017 жылы – 20 352, 2021 жылы – 27 425).

2021 жылы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін 46,5 млн. теңге сомасына 147 адам көтермеленді.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы

 

2021 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 145 сыртқы талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 2 628 ұсыным енгізілді. [4, т.116; 8]

Орталық деңгейде 7 талдау ұйымдастырылды (Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ИИДМ-нің Автомобиль жолдары комитеті, ауыл шаруашылығын субсидиялау және көліктік бақылау салалары).

Орындалған ұсынымдардың үлесі 80,5%-ды құрады (жоспар – 79,0%). [8]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу құралдарын күшейту мақсатында, бизнес-орта, азаматтық қоғам, мемлекеттік органдардың мамандарын кеңінен тарта отырып, проблемалық мәселелерді жан-жақты талдауға бағытталған интеграцияланған талдамалауды енгізу басталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді талдау жүргізді.

Бизнес-процестерде және субсидиялау жүйесін нормативтік реттеуде, оның ішінде лауазымды тұлғалардың өз қалауы бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кең дискрециялық өкілеттіктерімен байланысты көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Субсидиялаудың ақпараттық жүйелері жетілдірілмеген, рұқсатсыз қол жеткізуден қорғалмаған, олардың функционалында көптеген кемшіліктер анықталған, бұл деректер мен айла-шарғы жасауға мүмкіндік береді.

Тиімді бақылау жүйесінің, сондай-ақ субсидияларды тиімсіз және мақсатсыз пайдаланғаны үшін әкімдіктер мен бейінді министрліктің лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі болмауы жағдайды шиеленістіріліп отыр.

Мал шаруашылығы саласында «ИӨС» ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары деректерімен айла-шарғы жасаудың көптеген фактілері анықталды: жануарлардың жасын, жынысын өз бетінше түзету, олардың сәйкестендіру нөмірлерін қайталау.

Осы және басқа да айла-шарғылар жоқ малды, белгіленген критерийлерге жатпайтын ауыл шаруашылығы жануарларын субсидиялау, сол бір мал басын екі рет субсидиялау, субсидияланған малдың сақталуын және мақсатсыз пайдаланылуын қамтамасыз етпеу үшін жүргізілді.

Мысалға, Түркістан облысында шаруашылықтардың біреуінде ғана төлді қолдан жасалды көбейту және субсидия алу үшін, ересек сиырлардың жасын бұзау жасына түзетудің 400-ден астам фактісі анықталды.

Жамбыл облысында мал шаруашылығы бөлімінің басшысы жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, ол үлестес шаруа қожалығы үшін, іс жүзінде сатып алынбаған малға 33 млн.теңге субсидия алуды ұйымдастырды.

Инвестициялық субсидиялау саласында нормалардың қайшылығы мен екіұштылығына, инвестициялық субсидиялаудың әртүрлі паспорттары бойынша сатып алынатын ұқсас ауыл шаруашылығы техникасының құнындағы елеулі айырмашылыққа байланысты, көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Осының барлығы әкімдіктің жауапты тұлғасына өз қалауы бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жабдықтың бір бөлігі сәйкестік критерийлерін белгілемей және қандай да бір параметрлерді көрсетпей субсидияланады, бұл теріс пайдалану мен жымқыру үшін жағдай жасайды.

Жобалардың жекелеген паспорттары бойынша (35-тен 50%-ға дейін) жергілікті бюджет есебінен субсидиялау үлесін ұлғайтудың жетілдірілмеген тетігі де лауазымды адамдарға өз қалауы бойынша әрекет етуге мүмкіндік береді.

Мысалға, инвестициялық субсидиялаудың №4 паспорты бойынша (жайылымдарды суландыру) 5 жыл ішінде мемлекет 80 млрд.теңгеден астам қаражат бөлді, алайда мемлекеттік көмектің бұл түрі инвестициялық салымдарды өтеудің жоғары үлесі (80%) және бақылаудың толық болмауы есебінен қылмыстық байыту әдісіне айналды.

Бюджет қаражатын жымқыру схемасы ауыл шаруашылығы басқармаларының қызметкерлерімен үлестес компаниялардың жабдықтар құнын барынша көтеруі және сапасы төмен арзан техниканы одан әрі жеткізуі болды.

Басқа жағдайларда, жабдық мүлдем жеткізілмеді және орнатылмады,
ал ақша жалған актілер бойынша аударылды. Құдықтар мен ұңғымаларда да осыған ұқсас схема қолданылды.

Бұл ретте, субсидиялар алуға өтінімдер фермерлердің атынан олардың цифрлық қолтаңбалар арқылы алдау жолымен берілді.

Мәселен, Ақтөбе облысында Ұлттық аграрлық ғылыми орталықтың (АШМ) қызметкерлері қатарынан қылмыстық топ әшкереленді, ол 3 жыл бойы үлестес кәсіпорындар арқылы жүздеген шаруа қожалықтарына (400-ден астам) күн панельдерін жоғары бағамен жеткізіп, олардың атынан өтінім беріп, субсидияны өзіне алды.

Сондай-ақ, ғылыми орталықтың қызметкерлеріне қатысты Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстары бойынша департаменттер және Агенттіктің орталық аппарат қылмыстық істер қозғады.

Батыс Қазақстан облысында облыстық әкімдіктің ауыл шаруашылығы басқармасының Бөлім басшысы М. Әнуаров сотқа тартылды, ол басқа адамдармен топта алдау жолымен 120 фермердің атынан жалған құжаттарға қол қойды және олардың шоттары арқылы субсидиялар түрінде бөлінген бюджет қаражатын алды.

Өсімдік шаруашылығын субсидиялау саласында негізгі тәуекелдер жалған мәмілелер жасасу мүмкіндігімен, құжаттардың дұрыстығын тексеру тетіктерінің, субсидияланатын тауарды (тыңайтқыштарды, пестицидтерді, тұқымдарды және т.б.) нақты сатып алудың, сондай-ақ оны мақсатты пайдаланудың (мониторинг және әкімшілендіру рәсімдері жоқ) болмауымен байланысты.

Көрсетілген тәуекелдердің бірқатары қылмыстық істер мен прокурорлық тексерулер шеңберінде расталды, бұзушылықтардың, алаяқтықтың және субсидияларды жымқырудың көптеген фактілері анықталды.

Ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін кешенді талдау қорытындылары бойынша мынадай түйінді тұжырымдар жасалды:

1) саланы ұзақ мерзімге дамытудың бірыңғай тұжырымдамасының болмауына байланысты, субсидиялау саясаты мен критерийлері үнемі өзгеріп отырады. Фермерлерге жұмысты ұзақ мерзімге жоспарлау қиынға соғады, олар шығынға ұшырайды;

2) көптеген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмейді, өйткені агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік бағдарламалар соңғы он жылда, көбінесе, олардың тиімсіздігінің себептерін талдамай-ақ мерзімінен бұрын жойылуға қойылған;

3) субсидиялар алудың негізсіз көп бағыттары, түрлері, шарттары (12 бағыт, 50-ден астам субсидия түрі, олар, өз кезегінде, паспорттарға, өздерінің талаптары мен іріктеу критерийлері бар тармақтарға бөлінеді) фермерлер үшін басты әкімшілік кедергілер болып табылады;

4) ағымдағы жағдайдағы субсидиялар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін қалыптастыру және ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыру міндеттерін шешпейді;

5) субсидиялаудың қолданыстағы жүйесі лауазымды тұлғаларды және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сыбайлас жемқорлық қылмыстарға «итермелейді», бюджетті әділетсіз және ұтымсыз бөлуге мүмкіндік береді (лауазымды тұлғалардың кең дискрециялық өкілеттіктері, ақпараттық жүйелердің жетілдірілмеуі, бақылаудың тиімді жүйесінің болмауы және лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігі).

Талдау барысында анықталған барлық фактілер бойынша 100 қылмыстық іс қозғалды.

Талдау қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүйелік проблемаларды кешенді жою бойынша нақты шаралармен, 170-тен астам ұсыным енгізілді.

АШМ жанынан Субсидиялау жүйесін, нормативтік-құқықтық базаны және ақпараттық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Осыған ұқсас өтпелі талдау көліктік бақылау саласында басталды, онда көптеген құқықтық және басқа да тәуекелдер анықталды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті қабылдап жатқан жүктердің жосықсыз автотасымалдаушыларымен күрес жөніндегі шаралар формалды және күтілетін нәтижелерге әкелмейді.

800 мыңнан астам көлік құралы ресми көліктік бақылаусыз қалып отыр, ал мемлекет жолдарды жөндеуге миллиардтап жұмсалған (жылына орта есеппен 60 млрд.теңге) шығынды көтереді.

Мысалға Шығыс Қазақстан облысында пара алғаны үшін, көлік құралдарының рұқсат етілген жүк нормасынан асып кетуін қамтамасыз еткен лауазымды тұлғалардың қылмыстық іс-әрекетінің жолы кесілді.

Алымдардың күнделікті сомасы, шамамен, 150-200 мың теңгені құрады.

9 жыл ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының жұмысы жолға қойылмаған.

Көлік комитеті жолдарда бақылауды жүзеге асыратын аумақтық инспекцияларға онлайн-бейне-мониторинг жүргізбейді, олардың бейне-жетондарды пайдалануы қамтамасыз етілмейді.

Көлік құралдарын техникалық тексеру саласында да елеулі кемшіліктер бар.

Агенттік 54 жалған техникалық байқау операторын анықтады, олар тек 2021 жылы 435 мың жалған диагностикалық карта берді.

Осылайша, Қазақстанның барлық автокөліктерінің 15%-ы азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жалпы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Алайда, көліктік бақылау органдары жалған техникалық байқау операторларымен қарсы күрестің орнына, олардың заңсыз қызметіне қамқорлық жасайды.

Жыл сайын Көлік комитеті халықаралық сауда қатынастарын дамыту мақсатында, шет мемлекеттермен рұқсат бланкілерімен тепе-тең негізде алмасуды жүргізеді.

Алайда, адал тасымалдаушыларға оларды алудан заңсыз бас тарту жолымен бланкілердің жасанды тапшылығы жиі жасалады. Олар көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен үлестес, жеке жүк көлігі жоқ компанияларға беріледі.

Талдау қорытындысы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті ұсынымдар берілетін болады.

Заң бойынша сыртқы талдау ұсынымдары міндетті емес, бұл олардың орындалмау қаупін арттырады.

Мысалға, 2020 жылы сәуір айында Энергетика министрлігіне сұйытылған газға берілген өтінімдерін қарау және көлемдерін бөлу рәсімін өзгерту жөнінде ұсыным енгізілді. Бұл ұсынымды елемеу Министрлік басқармасының басшысы Н. Амангелдіұлымен газ желісі ұйымдарының өкілдерінен 6,3 млн.теңге сомасында бірнеше рет пара алу арқылы сыбайлас жемқорлық қылмысты жасауға әкеп соқты (8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сапалы жою мақсатында, Агенттік әрбір талдау объектісі бойынша ұсынымдарды түпкілікті іске асырғанға дейін, олардың орындалуын сүйемелдеуді жалғастырады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы

 

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асыру тәсілдерін қайта қарау бойынша жүйелі шаралар қабылданды. [4, 116-т; 7, 4.1-т]

9 мыңнан астам құқықтық акттер мен жұмыс процестері зерделенді,
2 мың тәуекел анықталды (ОМО – 900, ЖАО – 865, КМС – 299).

Мемлекеттік органдардың қаржы-шаруашылық қызметі, реттеушілік және бақылау функциялары, кадр процестері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, бақылау-қадағалау функциялары, мүдделер қақтығысын реттеу және іс жүргізу тәжірибесі тәуекелдерге неғұрлым бейім.

Квазимемлекеттік секторға сатып алудың ашық еместігі, қаржылық рәсімдердің «жабықтығы», жеке пайда алу мақсатында лауазымдық жағдайды пайдалану тәуекелдері, сондай-ақ протекционизм және «ұнамды» адамдарды тағайындау тән.

Алайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау институтын күшейту жөніндегі бастамаларды барлығы бірдей қолдамады. «QazExpoCongress» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазгеология» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тәсілдемелерінен формализмді байқауға болады.

Квазимемлекеттік сектордағы мұндай жағдай комплаенс-бақылаудың болмауының не оның әлсіз ұйымдастырылуының салдары болып табылады.

Миллиардтаған бюджет сомаларын басқаратын ірі компаниялар ерекше алаңдаушылық тудырады.

Мұндай субъектілерге қатысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үйлестіру мен мониторингтің арнайы режимі талап етіледі.

Сондықтан Агенттік квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерін үйлестіру жөніндегі Агенттіктің құзыретін бекітуге қатысты заңнамалық түзетулерді әзірлеп, Президент Әкімшілігімен және Үкіметпен келісті.

Талдамалық құрамдастардың сапасын СІМ, МСМ, ҰЭМ, Еңбекмині, ЭМ, Шымкент қаласының, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкімдігі күшейтулері қажет.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы

 

2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 202 мониторинг жүргізілді, 880 ұсыныс енгізілді, оның 515-і іске асырылды. [4, 116 т.]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Сатып алудың бірыңғай терезесі» талдау жүйесін пайдалана отырып, сатып алу мониторингін жалғастырды. [4, 17-т]

Бұл жүйе нақты уақыт режимінде сатып алуды жоспарлау сатысында олардың көлемі мен бағасының негізділігі тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. [2, 4.17-бастама]

Мәселен Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ден қоюы нәтижесінде, 250 мың оқулық сатып алуға 501 млн. теңгенің орнына, 132,2 млн.теңге жұмсалды (үнем – 368,7 млн.теңге).

Алматы облысы әкімінің аппараты 100 млн. теңгеге 320 компьютер сатып алуды жоспарлады (жоспарланған баға нарықтық бағадан 21%-ға жоғары, бір данасына 190 мың теңгенің орнына 238 мың). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ден қоюйынан кейін, сатып алу тоқтатылды.

Шымкент қаласы Алатау ауданының әкімдігі 170,5 млн. теңгеге бір жылдық жасыл желектерді отырғызу және күтіп-ұстау қызметтерін сатып алу бойынша конкурс өткізуді жоспарлап отыр.

Жыл мезгілінің ауысуы кезінде көгалдандырудың тиімділігіне қол жеткізбеу тәуекелдерін ескере отырып, жүйе бағаның көтерілгені туралы сигнал бермегенімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімшінің атына хат жолдады және сатып алу тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен (2020 жылғы
25 мамырдағы №108)
барлық орталық, жергілікті мемлекеттік органдарға, ведомствоға бағынысты ұйымдарға 3 жылға қозғалтқышының көлемі
2 мың текше см-ден жоғары базалық жиынтықтан жоғары жеңіл көлік құралдарын сатып алуға тыйым салу белгіленген.

Бұл өкімнің мақсаты бюджет қаражатын үнемдеу режимін тиімді жұмсау және күшейту болды.

Алайда, әкімшілердің бір бөлігі тікелей тыйым салуды бұза отырып, мұндай сатып алу жоспарларын құруды жалғастырды.

Мәселен, Павлодар облысы әкімшілерінің бірі (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ертіс орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ) 33,9 млн. теңгеге 2 автомобиль сатып алуды жоспарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ден қоюйынан кейін, сатып алу тоқтатылды.

Мемлекеттік сатып алудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің нәтижелері бойынша 2021 жылы 46,6 млрд.теңге сомасында, ал «Сатып алудың бірыңғай терезесі» талдамалық жүйесін пайдалану басталғаннан бері – 69,4 млрд. теңге (2019 жылы – 800 млн. теңге, 2020 жылы –
22 млрд. теңге)
бюджет қаражатын ұтымсыз пайдаланудың алды алынды.

2021 жылы қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін, басшылардың жауапкершілігіне мониторинг жалғастырылды. [3, 19-т.; 6, 12-т.]

3 мемлекеттік саяси қызметшінің отставкасы қабылданды. Тәртіптік жауапкершілікке 5 мемлекеттік саяси қызметші, 155 бірінші басшы
(63 – мемлекеттік әкімшілік қызметші, 78 – құқық қорғау органдарының басшысы,
14 – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшысы)
тартылды.

Сонымен бірге, отставка институты ресми және ашық емес сипатқа ие болады. Бірыңғай объективті тәжірибе жоқ. БАҚ-тағы көптеген жарияланымдар мен азаматтардың сыни өтініштері тікелей бағыныстылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған басшыларға қатысты, неғұрлым қағидатты шараларды қолдануды талап етеді.

2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың үйлестірушісі болып белгіленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындысы бойынша
3669 нормативтік құқықтық акт қабылданды, онда әзірлеуші органдар сарапшылардың ұсынымдарының 54%-ын ескерді (10 589-дан 5 715). [8]

Талдау мемлекеттік органдардың норма-шығармашылық қызметінде құқықтық олқылықтар түріндегі тәуекелдер басым екенін көрсетті
(қате сілтемелік нормаларды қолданудың бірнеше рет орын алуы, құқық нормаларының коллизиясы, екіұшты тұжырымдар, жаңа ұғымдарды пайдалану, заңға тәуелді актілер арқылы заңнамалық олқылықтарды толтыру).

Сондай-ақ, нормаларда кең дискрециялық өкілеттіктердің факторлары, мемлекеттік қызметшілердің функциялары мен жауапкершілігінің дұрыс анықталмауы, бұзушылықтар үшін нақты жауапкершіліктің болмауы және лауазымды тұлғалардың міндеттемелерінің орнына құқықты белгілеу жиі кездеседі.

Құқықтық актілердің жобаларында азаматтардың құқықтарын іске асыру кезінде жасанды кедергілер қойылады (әкімшілік рәсімдердің болмауы немесе тиісінше реттелмеуі, азаматтардың құқықтарын негізсіз шектеу, жоғары талаптар, артық әкімшілік кедергілер, екі мағыналы тұжырымдамалар, конкурстық рәсімдердің болмауы немесе тиісінше реттелмеуі).

Мемлекеттік органдардың транспаренттілігіне байланысты тәуекелдер анықталады (айқындықтың жеткіліксіздігі, жалған мақсаттар мен басымдықтарды көрсету, ақпаратқа қол жеткізуді шектеу, бақылау тетіктерінің жеткіліксіздігі, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағым жасаудың әлсіз тетіктері).

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің үлесі

 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін,
Бас прокуратура 2021 жылғы 2 шілдеде әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. [3, 37-т; 4, 112-т]

Құқық қорғау органдары, прокуратура және соттың арасында өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарын бөле отырып, қылмыстық процесте үш буынды модельді енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. [4, 101-т]

2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап прокурорлар қылмыстық істер бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын негізгі процестік шешімдерді келіседі.

2021 жылы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының 419 818 негізгі процестік шешімдерінің 13%-ын келісуден немесе бекітуден бас тартты (53 271).

Күдікті деп тану туралы 2 134 және әрекетті саралау туралы 1 305 қаулы заңсыз деп танылды, бұл 4 мыңнан астам адамның қылмыстық процеске негізсіз тартылуына жол бермеді.

Еліміздің барлық өңірінде қасақана кісі өлтіру туралы қылмыстық істер бойынша прокурорлардың негізгі процестік шешімдер қабылдауы бойынша пилоттық жобаны сынап байқау аяқталды. Прокурорлар 334 адамға қатысты осындай 299 істі тергеді.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін арттыру, қылмыстық процесті оңтайландыру, әділ сот талқылауын қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарының, прокуратураның және соттың арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтары заңнамалық түрде ажыратылған, сондай–ақ қылмыстық істер бойынша айыптау актілерін дайындау бойынша прокурорлардың құзыретін
кезең–кезеңімен кеңейту көзделген (2022 жылдан бастап – бірқатар аса ауыр қылмыстар бойынша, 2023 жылдан бастап – сыбайлас жемқорлық бойынша, 2024 жылдан бастап қалған қылмыстар бойынша).[8]

Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен басқарушылық қателіктердің аражігін ажырату туралы тапсырмасын орындау шеңберінде, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз араласудың жолын кесуге, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуының заңдылығы мен негізділігін сақтауға бағдарланған. [7, 13.2-т.]

Электрондық форматта қылмыстық істердің 77%-ы тергелді (230 мыңның 178 мыңы).

«Адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестерін автоматтандыру» және
«е-Сараптама» (сот-медициналық сараптаманы тағайындауды автоматтандыру) пилоттық жобаларын іске асыру аяқталды.

Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінде (ӘӨБТ) электрондық хаттамалар мен ұйғарымдардың 89%-ы (7,8 млн.) жасалды.

Негізінен, ішкі істер органдары, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары істерді электрондық форматта жүргізеді.

Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі (ТСОБТ)
920-дан астам заңсыз тексерудің жолын кесуге мүмкіндік берді.

«Qamqor» мобильдік қосымшасының функционалы іске асырылды, онда 120 мыңнан астам кәсіпкер тексерудің нысанасы, мерзімі, құқықтық негіздері туралы хабарландыруды және оның нәтижелерін ала алады.

Жоғарғы Сотта «Сыбайлас жемқорлықсыз соттар» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы краудсорсингтік платформа әзірленді, онда азаматтар соттардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты шағымды, процестік емес байланыстарды және сот әдебі кодексін (фото, бейне және басқа да материалдарды қоса бере отырып) тез әрі оңай жолдай алады.

Экстерриториялық юрисдикция енгізілді: азаматтық істер автоматты түрде бір соттың ішінде емес, бүкіл елдегі соттар арасында олардың мамандануы мен жұмыс көлемін ескере отырып бөлінеді (мысалға, талап-арыз Шымкентте берілген, бірақ Петропавлда немесе Орал қаралатын болады).

Сынақтардың 96 %-ы онлайн режимде өткізілді.

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі заңнамалық тұрғыда ұлттық жария лауазымды тұлғалар (ҰЖЛТ) үшін тиісті тексерудің қосымша шараларын қолдануды көздейтін институтты (FATF 12 «Жария лауазымды тұлғалар» ұсынымы) енгізді, бұл лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып, заңсыз алынған кірістерді заңдастыру тәуекелдерін уақтылы анықтауға және оларды жою бойынша кешенді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. [9]

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының базасында докторантураға орталықтандырылған қабылдауды қамтамасыз етті.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасына қанағаттанушылықты сұрастыру респонденттердің 91%-ы ЖОО-да сыбайлас жемқорлықпен кездеспегенін көрсетті (2020 жылы 58%).

Барлық жазба жұмыстардың бірегейлігі «Антиплагиат», «Plagiat.pl», «Strikeplagiarism.com», «Turnitin» және «Unihub» қарыз алу жүйедері арқылы тексеріледі.

Қаржы министрлігі баға мен сапа критерийлерінің үйлесімімен, жабдықтаушыны автоматты түрде таңдауға мүмкіндік беретін рейтингтік-баллдық жүйе түріндегі бәсекелестік рәсімдерге жаңа тәсілді қарастырды.

Бір көзден алу тәсілімен сатып алу бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшысының жеке жауапкершілігі, тапсырыс берушінің конкурстық сатып алу әдістерін басымдықпен жүзеге асыруы туралы нормалар енгізілді.

Мемлекеттік сатып алудың жаңа әдісі ұсынылды – 1 күн ішінде конкурстық негізде тауарларды сатып алуға мүмкіндік беретін электрондық дүкен. [10]

Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану бұзушылықтарды анықтау тиімділігін 1,5 есеге арттыра отырып, кедендік тексерулердің санын екі есе қысқартты.

Тауарлардың кедендік құнына орталықтандырылған бақылауды
(61 кеден бекеті) тек электрондық түрде жүзеге асыратын Электрондық декларациялау орталығы құрылды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтік сараптаманың барлық бөлімшелерінде бейне-бақылау жүйесін енгізуді және азаматтардың әртүрлі органдарға жаяу баруын, құжат айналымы мен қызмет көрсетушілермен тікелей байланысын қоспағанда, мүгедектік белгілеу үшін оны қашықтан өткізу форматын қамтамасыз етті.

Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі, оның ішінде E-сертификаттау бойынша пилоттық жоба өнімді сертификаттау процестерін автоматтандыруға мүмкіндік берді.

Қорғаныс министрлігінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау қаупі жоғары лауазымдарға тағайындалған адамдарды полиграфологиялық тексеруден өткізу көзделген. Қатысқандардың
32%-ында (528-дің 172-сі) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға, қатысуға және жасыруға реакциясы анықталды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде автомобиль көлігімен тасымалдауға қатысты құжаттардың электрондық айналымына арналған көліктік құжат айналымының Бірыңғай жүйесі (esutd.gov.kz) пилоттық түрде енгізілді.

Интеллектуалды көлік жүйесі анықтайтын көлікті басқару бекеттерінде көлік құралдарын тоқтатудың нақты негіздері белгіленді.

Бүкіл құрылыс процесін онлайн режимінде (шұңқыр қазудан бастап іске қосуға дейін) бақылауға мүмкіндік беретін «Е-Құрылыс» ақпараттық жүйесі әзірленді.

Денсаулық сақтау министрлігі тендерлік рәсімдерді өткізу мерзімін, шамамен, 2 есеге қысқартты (45 күннен 25 күнге дейін), тендерлік құжаттаманың санын 3 есеге (15-тен 5-ке дейін) азайды.

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау қызметтерін сатып алу толығымен электрондық форматқа көшірілді.

Ішкі істер министрлігінің ұсыныстары бойынша «ӘІБТ» АЖ-да айыппұлды төлеуге арналған функцияға қолжетімділік полиция қызметкерлері үшін жауып тасталды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылданды. Енді жарты сағатта
(бұрын – 24 сағат) ЖСН-ді рәсімдеп, шетелдік азамат еңбек патентін алуға (бұрын – 5-7 күн), 1 сағатта – автокөлікті рәсімдеуге (бұрын – 2 сағат) немесе жүргізуші куәлігін ауыстыруға (бұрын - 1,5 сағат) болады.

«e-Qonaq» сервисінде қызметі қонақүйлерде, санаторийлерде және жатақханаларда тұратын шетелдіктердің келуі туралы хабарлама беру жеңілдетілді.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын әзірледі. [11]

Стратегиялық құжат бизнес-процестерді автоматтандыруды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды «цифрлық қайта жүктеуге» бағытталған.

Квазимемлекеттік сектордың 5800-ден астам субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі құрылды. «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында комплаенс қызметкерлері үшін 600-ден астам семинар өткізілді.

Алайда, комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлықты азайтуға нақты әсер ету үшін әлі жеткілікті түрде дамымаған.

Олардың алдын алу әлеуетін күшейту мақсатында заңнамалық норма қабылданды, оған сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызмет өз өкілеттіктерін атқарушы органға, квазимемлекеттік сектор субъектісінің лауазымды адамдарына тәуелсіз жүзеге асырады, директорлар кеңесіне есеп береді, қадағалау кеңесі (болған жағдайда) немесе өзге де дербес басқару органы және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады. [12]

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау

 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділік мониторингін стандарттау мақсатында Бас прокуратура Агенттікпен бірлесіп, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау жүйесін әзірледі. [7, 13-т]

Басшыларды сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша тиімді шараларды қабылдауға ынталандыруға бағытталған сандық және сапалық көрсеткіштерді (статистикадан әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелеріне дейін) есептеудің тиісті әдістемесі әзірленді.

Бағалаудың 5 құраушы көзделген:

1) ұйымдастырушылық басқару (мемлекеттік органның ашықтығы, конкурстық рәсімдердің айқындығы, кадрлардың таза ауыспалығы, ақпараттық технологияларды пайдалану, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының даму бағдарламаларын тексеру нәтижелері бойынша бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзу[1]);

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылған мемлекеттік қызметшілер («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабында көзделген негіздер бойынша сыбайлас жемқорлық үшін сотталған, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны);

3) сыбайлас жемқорлық қылмыстар;

4) азаматтардың өтiнiштерiн қарауды қайталау;

5) әлеуметтанушылық зерттеулер.

Өткен жыл бойынша жүргізілген Пилоттық режимде бағалау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жеткілікті шараларды қабылдамайтын басшылары бар министрліктер мен әкімдіктер анықталды.

Бұл – индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы, энергетика министрліктері, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының және Маңғыстау облысының әкімдіктері.

 

 

 

2-диаграмма. Министрліктер мен әкімдіктердің жиынтық бағалауының пилоттық рейтингі

 

 

 

ТИІМДІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТИІМСІЗ

 

 

Әзірленген әдістеме Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың
2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру сапасын бағалау құралдарының біріне айналады және Оңтүстік Корея тәжірибесіне сәйкес үнемі жетілдіріліп отыратын болады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дамуы

 

Мемлекет басшысының уәкілетті органның алдына қойған міндеттерін тиімді жүзеге асыру мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымы қайта қаралды.

Қазақстан Президентінің Жарлығымен үш негізгі қызмет – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, анықтау және тергеу қызметі құрылды. [13]

Көтерме тіркеуден бас тартқан жаңа тәсілдер әзірлемелерге терең назар аударуға мүмкіндік берді. Қылмыстық схемалар мен жасырын жымқырулар тергеу объектісіне айналуда, жұмыстың сапасы мен мақсаттылы бағыты артып келеді.

Қылмыстық активтерді іздестіру және қайтару, сондай-ақ көлеңкелі экономикаға қамқорлық жасайтын лауазымды тұлғаларды әшкерелеуге бағытталған қаржылық тергеу бөлімшесі құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институтын жетілдіру шеңберінде Агенттіктің профилактикалық қызметінде тиісті мамандандырылған бөлімше құрылды.

Төрағаның бұйрығымен Агенттіктің жобалық кеңсесі құрылып, Агенттіктің жобаларын басқару туралы ереже бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіру әлеуеті әрбір мемлекеттік орган үшін (мемлекеттік органдардың қызметіне жобалық менеджментті енгізу шеңберінде) сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгілік базалық бағытты (ҮББ-4) енгізу арқылы күшейтілді.

Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектордың жұмысын ұйымдастыру сапасын арттырудың жаңа құралы.

Осы мақсатта Агенттік сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға бағытталған өлшенетін мақсатты индикаторлары мен міндеттері қамтылған барлығына ортақ жобаларды әзірледі.

ҮББ-4-ті тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті атқарушы органдар Агенттіктің аумақтық департаменттерінде Агенттік пен әкімдіктер арасында байланыстырушы рөл атқаратын превенция басқармасы басшысының орынбасары (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар) арнайы штат бірлігін құрды.

Оларға ҮББ-4-ті іске асыру кезінде әкімдіктерге үйлестіру, әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету бойынша өкілеттіктер берілген,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында тиісті оқытудан өткен.

Тәулік бойы автоматтандырылған мониторинг жүргізу мақсатында, электрондық бақылау құралдары 27 (5) адамға қатысты қолданылды. Аумақтық департаменттердің 85%-ы (Түркістан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын қоспағанда) қажетті жабдықпен толық қамтамасыз етілді. Жүйені жаңарту оның қауіпсіздік деңгейін және «білезіктер» жұмысының автономиясын арттыруға мүмкіндік берді.

Электрондық форматта 423 (2021 ж. – 121) қылмыстық іс тергелді.

Агенттік қызметінің айқындығын қамтамасыз ету, орталық аппараттың жедел-тергеу бөлімшелерінің және аумақтық департаменттердің қызметтік
үй-жайларында азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін бейне-бақылау орталықтандырыла отырып, 466 бейне-бақылау камерасы орнатылды. [4, 107-т]

Құпия іс жүргізудің орталықтандырылған жүйесінің бір бөлігі болып табылатын Qujat жобасы жедел-іздестіру қызметі желісі бойынша 55 мыңнан астам есептік мәліметтерден тұрады. Ол Бас прокуратура желісі бойынша жедел тексерулер істері жөніндегі есептілікті қалыптастыру үшін пайдаланылады.

Автоматтандыру қылмыстық істерді тергеу мерзімдерін қысқартуға, материалдарды ресімдеу шығындарын оңтайландыруға, қадағалау органына онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз етуге, ведомстволық бақылауды күшейтуге, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сараптамалар тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді.

Агенттіктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жаңартылды. Агенттіктің Antikor-HR, Antikor-Stat, Antikor-Prevent, Qujat, Antikor-Portal жобаларын іске асыру жалғасуда (дерекқорларды мәліметтермен толықтыру, функционалдық міндеттерді пысықтау және қызметкерлерді құзыреттеріне сәйкес оқыту бойынша іс-шаралар жүргізілуде).

Қоғамдық кеңестер туралы жаңартылған заңнамаға сәйкес, Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасының жобалары, Агенттік Төрағасының бірқатар бұйрықтары, сондай-ақ Агенттіктің
2021 жылғы жұмыс есебі қаралып, мақұлданған бойынша 6 отырыс өткізілді.

Агенттік жеке құрам тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау, сондай-ақ кінәлі адамдарды заңнамада белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша қажетті іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүргізеді.

Жалпы алғанда, бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдына қойылған сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою жөніндегі міндеттерді ескере отырып, Агенттіктің профилактикалық мүмкіндіктерін кеңейту талап етіледі.

Тек қылмыстық-құқықтық құралдардың көмегімен қоғамға зиян келтірудің алдын алу мүмкін емес. Үлкен талдауға, мемлекеттік қаржы ағындарына, фискалдық органдар жүйелеріне және басқа да деректер қорларына қолжетімділік қажет.

 

  1. Халықаралық ынтымастық

 

2021 жылы шетелдік компаниялармен және халықаралық серіктестермен белсенді өзара іс-қимыл жалғасты. [7, 7-т.]

Халықаралық ұйымдардың (Еуропа Кеңесі, ЕКПА, ЭЫДҰ, БҰҰДБ, БҰҰ ЕҚБ), рейтингтік агенттіктердің (Freedom House, IHS Markit, WJP, OGP, PRS Group, Бертельсман қоры) және шет елдердің (Өзбекстан, Франция, Иордания, Ресей, Тәжікстан, Эстония және т.б.) өкілдерімен 20 кездесу өткізілді.

Кездесулер қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде мемлекеттік қызметте әдеп және парасаттылық мәселелері бойынша, ақпарат берушілерді қорғау, мүдделер қақтығысы және қаржылық тергеу жүргізу мәселелері бойынша бірқатар оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Өзбекстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 2021 жылы маусымда қол қойылған меморандумды іске асыру үшін,
22-24 желтоқсанда осы орган делегациясының Қазақстанға ресми сапары өтті.

2021 жылдан бастап Қазақстан ГРЕКО тарапынан бағалаудан өтуде.
7-10 қыркүйекте өткен мониторингтік сапардың маңызы сарапшылардың еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін неғұрлым толық түсінуі және бағалау қорытындылары бойынша берілетін және 2022 жылғы наурыздағы кезекті жалпы отырыста бекітілетін ұсынымдардың дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда зор болды.

ЭЫДҰ-ның парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Драго Кошуге осы беделді құрылымға қосылуға елдік ниет жолданды.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тәжірибесі мен жетістіктері беделді халықаралық алаңдарда ұсынылды, оның ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясы, ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының басшылары кеңесінің отырысы, Конвенцияға қатысушы елдер конференциясының
9-сессиясы, сондай-ақ Қазақстан 2021 жылғы 8 қыркүйектен бастап төрағалық ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ТМД мемлекетаралық кеңесінің VI отырысы.

 

  1. Сыбайлас жемқорлықты түйсіну

 

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде ықтимал 100 баллдан 37 балл алып, 180 елдің арасында 102-орынды иеленді.

Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірінде (орташа көрсеткіш – 36 балл) 19 ел бағаланды. Қазақстан Грузия (55 балл), Армения (49), Черногория (46), Беларусь (41), Косово (39), Солтүстік Македония (39), Сербия (38) және Түркия (38) елдеріне жол бере отырып, 7-орынға орналасты.

ТМД елдері арасында Қазақстан 3-орынды иеленді.

 

3-диаграмма. Қазақстандағы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну  индексі

 

 

Баллдарды есептеу үшін, 9 ұйым бағаларының орташа мәні пайдаланылды.

Сараптамалық бағалау кезінде статистикаға, жаңалықтар ақпаратына ғана емес, сонымен қатар құқық қорғаушылар мен журналистердің пікіріне де назар аударылады. Есептерде саяси реформалар мен демократияландырудың призмасы, мемлекеттің экономиканы басқаруға қатысу деңгейі, саяси сыбайлас жемқорлық, непотизм мен бюрократияландыру, мүдделер қақтығысын реттеу және басқа да жайттар байқалады.

Осылайша, қаралатын мәселелер қолданыстағы заңнамада көзделген «сыбайлас жемқорлық» ұғымы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыреті шеңберінен шығады.

Transparency International баяндамасында «сыбайлас жемқорлықтың арқасында жинақталған елдің саяси элитасының байлығы» туралы проблематика, оффшорлық активтер туралы жарияланымдар бөлігінде шаралар қабылдамау, жемқор жоғары лауазымды шенеуніктерге қатысты қатаң шаралар және басқа да факторлар көрсетілген.

Денсаулық сақтау және жалпы мемлекеттік басқару жүйесіндегі бірқатар проблемаларды ашқан COVID-19 пандемиясының әсерін атап өткен жөн.

Өкпені жасанды желдету аппараттарының, дәрілердің жетіспеушілігі, вакцина егу паспорттарын сату, медицина қызметкерлеріне арналған үстемеақыны жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істер туралы жарияланымдар мен әлеуметтік желілердегі жаппай талқылаулар мемлекеттің имиджін нашарлатты.

Локдаун кезеңінде және санитариялық шектеулерге байланысты табыстарының одан әрі төмендеуі кезінде қиындықтарға тап болған азаматтардың ғана емес, шағын және орта бизнестің де көзімен сыбайлас жемқорлықты қабылдау шиеленісе түсті деп күтіліп отыр.

IHS Markit аналитикалық компаниясы 2020 жылы елдік тәуекелдер деңгейін арттырды, бұл тиісті баллды 47-ден 35-ке дейін төмендетуге әсер етті.

Сын факторларының арасында мыналар бар:

1) биліктің жоғары эшелондарындағы «айқын» сыбайлас жемқорлық («blatant corruption among leading officials», «high-level bribery, which is widespread across state institutions»);

2) жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы прогреске қарамастан, оны сақтау тәуекелдері («high-level corruption in government likely to persist despite progress achieved in reducing it across Kazakhstan’s state institutions», «recently strengthened anti-corruption measures are unlikely to mitigate high-level bribery»);

3) сыбайлас жемқорлықпен күрестің түбегейлі шараларының жеткіліксіздігі – мысалға, бірыңғай декларациялаудың орнына жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу (сарапшының ойы бойыншабұл активтері заңды кірістерден асатын шенеуніктерге қарсы негізгі шара болар еді);

4) байлықты әділетсіз бөлу («a failure to distribute the country’s wealth more equally»);

5) ірі бизнестің олигархтармен және жоғары лауазымды тұлғалармен байланысы («most of Kazakhstan’s large enterprises are politically tied to the country’s oligarchs and high-ranking officials»);

6) сот билігіндегі жемқорлық («corruption is widespread in the court system, which tends to favour domestic over foreign companies in commercial disputes»).

Дүниежүзілік экономикалық форумды зерттеу шеңберінде кәсіпкерлерді сұрастыру нәтижелері бойынша бағалау 47 баллдан 33 баллға дейін төмендетілді.

Компания басшыларынан импорт-экспорт, коммуникациялық инфрақұрылым, салық салу, лицензия беру, сот шешімдеріне қатысты мәселелерді шешу тұрғысынан бизнес тарапынан пара алу тәжірибесі туралы сұралды.

Сондай-ақ, ДЭФ-ті мемлекеттік тапсырыс/тендерлерді бөлу кезіндегі әділдік пен адалдық мәселесі де қызықтырды.

Сыбайлас жемқорлық бөлігінде Заңның үстемдігі индексі желісі бойынша баллдар өсуінің болмауына жеке назар аудару қажет.

Бұл жерде сұрастырылған қазақстандық сарапшылардың, заңгерлердің және құқық қорғаушылардың заң шығару билігіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне қатысты қабылдауы алаңдаушылық туғызады (көрсеткіш 1-ден
0,36-
ға, соттарда 0,58-ге, күштік блокта 0,56-ға және атқарушы билікте 0,46-ға қарсы).

Рейтингтік дереккөздерді талдау «тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесімен» бірге «сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе» Агенттік қызметінің шеңберінен әлдеқайда асып түсетінін көрсетті. Ол прокуратура органдарының құзыретіне, соттар мен аудит органдарының тәуелсіздігі мәселелеріне де қатысты.

Басқаша айтқанда, Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының тиімділігін ғана емес, жалпы алғанда, мемлекеттік басқарудың сапасы мен тазалығын да көрсетеді.

Бизнес-омбудсмен кеңсесінің тапсырысы бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде бизнестің сыбайлас жемқорлыққа тартылуын зерделеу бойынша әлеуметтанушылық зерттеу жүргізілді (елдің 17 өңірінде 5 884 респондент).

Кәсіпкерлердің пікірінше, 2021 жылы (2019 жылмен салыстырғанда) мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы ақпаратпен (26% қарсы 33%) кездесе бастаған.

Өңірлер бөлінісінде сыбайлас жемқорлық факторының бизнестің дамуына әсерінің едәуір төмендеуі Алматы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.

Бұл ретте бизнеске сыбайлас жемқорлық қысымының артқанын Алматы және Шымкент қалаларында, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында атап өтуде.

Кәсіпкерлердің карантиндік шектеулер жағдайында мәселені сыбайлас жемқорлық арқылы шешу арқылы кәсіпорын шығындарын азайтуға деген қызығушылығының артуы байқалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау мақсатында, Агенттіктің тапсырысы бойынша «Deltaplan» ЖШС еліміздің барлық өңірінде (8 мың респондент) әлеуметтанушылық зерттеу жүргізді. [8]

Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 63,5%-ы бизнесті пара бермей дамыту мүмкін деп санайды.

Сұралғандардың 86,3%-ы соңғы 12 айда күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық жағдайларына тап болмаған, 69%-ы түбегейлі пара бермейді, 64%-ы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге жеке үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүргізген сұрастыру қорытындысы бойынша (23 817 респондент) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 75,4%-ды құрады (2020 ж. – 75,1%).

 

 

 

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру

 

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына сүйене отырып, ұлттық практика мен шетелдік озық тәжірибені ескере отырып, үнемі жетілдіріліп отырады.

Бұл бағытта жүйелі және кешенді тәсіл Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру арқылы қамтамасыз етілген. [14] [1]

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін ескере отырып әзірленген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі алдын алу құралдарының басымдығымен құрылды. [15]

Сыбайлас жемқорлықпен күреске сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту арқылы және оның кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік ауаны құру арқылы азаматтық қоғам белсенді түрде тартылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі Тәуелсіз уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құрылды.[16]

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңмен мемлекеттік қызметтің «мансаптық» моделіне көшу қамтамасыз етілді, ашық конкурстық іріктеу, құзыреттілік негізінде ілгерілету тетіктері арқылы меритократия қағидаттары енгізілді.[17]

Қаржылық бақылау шаралары жетілдірілді. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде өздерінің барлық активтерін тіркеп, «кіріс» декларацияларын ұсынды.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қолданылады, жергілікті және орталық мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкілдер институты құрылды. Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс істейді.[18]

Мемлекеттік қызметшілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған басқа да тұлғарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне қызметтік міндеттемелерін атқаруына байланысты, сыйлықтар алуға және сыйға тартуға толық тыйым салу көзделген.

Аталған адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен және жекжаттарымен бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу туралы нормалар күшейтілді. Мемлекеттік лауазымға кандидаттар мемлекеттік ұйымда жұмыс істейтін туыстары туралы хабардар етуге міндетті.[19]

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қоғам алдында есеп беретін және транспарентті мемлекетті қалыптастыру үшін негіздер қаланған. [20]

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойына тыйым салынады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, судьялар, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін санкциялар қатаңдатылды.

Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мүмкіндігі алынып тасталды.[21]

2021 жылы Агенттік сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру бойынша, сондай-ақ негізсіз баю үшін жауапкершілікті белгілей отырып, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар шығыстарының олардың табыстарына сәйкестігіне бақылау енгізу бойынша маңызды түзетулерді көздейтін заң жобасын әзірледі.

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия сыбайлас жемқорлықты одан әрі жою үшін, ұйымдық-құқықтық негізді қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Оны іске асыруға 3 іс-шара жоспары қабылданды (2015-2017,
2018-2020 және 2021-2023 жылдарға арналған)
.

Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік тобы атап өткендей, мемлекеттік органдар жоспарлы іс-шараларды әзірлеу кезінде, әдетте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескермей, өздері үшін «ыңғайлы» міндеттерді көздеді.

Нашар жоспарлаудың себебі – ведомстволық мүдделер және қоғамның бұл процеске әлсіз қатысуы.

Сондықтан қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін елеулі түрде төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін теріс факторлар әлі де орын алып отыр.

 

  1. Орта мерзімді перспективада шешуді талап ететін проблемалар

 

Әкімшілік кедергілер, екі мағыналы және дискрециялық нормалар, мемлекеттік органдардың жеткіліксіз ашықтығы, мемлекеттік басқарудың бизнес-процестерін автоматтандырудағы олқылықтар сақталуда, нақты жағдайларды, өңірлік, салалық және өзге де ерекшеліктерді негізге ала отырып, әртүрлі әлеуметтік топтарға олардың құқықтарын, міндеттері мен рәсімдерін қолжетімді және түсінікті түсіндіру стандарттары жоқ.

Мұның бәрі азаматтар мен кәсіпкерлердің күнделікті өмірде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимылына байланысты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты тудырады.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің енжарлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың толықсыз тиімсізділігінің себептерінің бірі ретінде қалып отыр.

Бұдан басқа, тәуекелдер қатарында корпоративтік сектормен салыстырғанда, мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің бәсекеге қабілетсіз деңгейі, мемлекеттік функцияларды орындау кезінде мүдделер қақтығысының алдын алудың тиімді тетігінің және шығыстар мен кірістердің Елеулі алшақтығына ден қою құралдарының болмауы байқалады.

Алдын алу шаралары, негізінен, мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың тиімділігін мұндай болып табылмайтын, бірақ бұл ретте азаматтардың сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауына жоғары әсер ететін адамдар тарапынан төмендетеді.

Бюджет қаражатын қалыптастыру/жұмсау туралы ақпараттың айқындығының және азаматтардың қолжетімділігінің жеткіліксіздігі, осы процестердің өзара байланысының болмауы, тиімсіз жоспарлау мемлекеттік қаржыны басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелін арттырады.

Кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік қолдауды (субсидиялар, гранттар, кепілдік беру, жеңілдікпен несие беру) бөлу тетіктері оның тиімсіз және мақсатсыз пайдаланылуына жол береді.

Бір-бірін едәуір дәрежеде қайталайтын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының төрт буынды жүйесі бюджет процесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Құқықтық базаның, әртүрлі платформалар мен сатып алу сайттарының бытыраңқылығы, сондай-ақ бір көзден алу тәсілімен тікелей сатып алу үлесінің жоғары болуы байқалады (орташа алғанда 2018-2020 жылдарға 61%).

Экономикаға мемлекеттің қатысуының елеулі үлесі (үлес салмағы
60-80%-ға жетеді)
және мемлекеттік кәсіпорындардың ресурстарға артықшылықты қолжетімділігі Экономикалық қызмет субъектілері арасындағы бәсекелестікті тежейді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайды.

Сонымен қатар, жекешелендіру мен активтерді бәсекелес ортаға берудің қолданыстағы тетігі жеткілікті түрде жабық, мүдделер қақтығысын жоққа шығармайды және объектілерді нарықтық құнға сәйкес келмейтін бағаға сатып алуға жол береді.

Қоғамдық бақылау институтының жеткілікті құқықтық регламенттелуінің болмауы және деректердің жабықтығы азаматтардың шешім қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігін шектейді.

Олардың сыбайлас жемқорлықты анықтау мен әшкерелеудегі белсенділігі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жүйесінің болмауын төмендетеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағымдағы ахуалды талдау, жалпы алғанда, қоғамның әділдікті, баршаның заң алдындағы теңдігін және жауаптылықтың болмай қалмайтындығын қамтамасыз етуге деген жоғары сұрау салуы сақталып отырғанын көрсетеді.

Сондықтан Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «тұрмыстық» құжатты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан әрі тиімді күрес үшін жаңа стратегиялық құжат әзірлеуді тапсырды. [5, 88-т]

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы

 

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың
2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді. Осы актімен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы күшін жойды.[22]

Жаңа стратегиялық құжат салдарлармен күрестен гөрі сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге көшуге бағытталған.

Оны дайындау кезінде азаматтардың пікірімен қатар алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибе, халықаралық стандарттар және өзіндік практика ескерілді.

Негізгі бастамалар арасында негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу, қаржылық тергеу институтын (follow the money) енгізу, пара уәдесін/ұсынысын қылмыстандыру, парасаттылыққа тексеруді енгізу тетігін пысықтау (integrity check), бюджет процесінің, сатып алудың ашықтығын арттыру, мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту жөніндегі жүйелі шаралар, сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың ұлттық индексін қалыптастыру, Еуропа Кеңесінің (сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы) және ЭЫДҰ (халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі) конвенцияларына қосылу бар.

Қоғамдық қатынастардың барлық саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін тиімді төмендету мақсатында, құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық субъектісіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дербес сәйкестендіруге және жоюға мүмкіндік беретін жүйені қалыптастыруға назар аударылған.

Бұған сыбайлас жемқорлықтың ықтимал осалдығы туралы сигнал беретін индикаторлары бар салалық картограммаларды әзірлеу және енгізу ықпал ететін болады. Тәуекелдердің мұндай бейіндері сыбайлас жемқорлықтың жалпы көрінісін нәтижесіз талқылаудан алып, азаматтар үшін барынша сезімтал салалардағы нақты алдын алу шаралары үшін негіз болады.

Бұл тәсілдің негізіне Дүниежүзілік Банктің егжей-тегжейлі маршруттық карталарды енгізу туралы ұсынымдары алынды («көп қырлы сыбайлас жемқорлық: экономика және мемлекеттік басқару секторлары деңгейіндегі осал жерлерді анықтау» кітабы).

Картограммалар әлеуметтанушылық зерттеулерді қоса алғанда, дәйекті деректер негізінде ел бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің толық көрінісін жасауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, Тұжырымдамада азаматтар мен кәсіпкерлердің пікірін өлшеуді сыбайлас жемқорлықты түйсінудің Ұлттық индексі шеңберінде барлық өңірде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Азаматтар қандай салада немесе органда сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі байқалатынын және тиісінше оны жою үшін күштер мен құралдар нақты қайда бағытталатынын өздері айқындайтын болады.

Тұжырымдаманың қоғамдық мониторингі мемлекеттік органдардың жобалық кеңселері, қоғамдық кеңестер және басқа да тәуелсіз алаңдар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Тұжырымдамада көзделген шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайтуға және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тұжырымдар

 

Қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, азаматтардың, бизнес және мемлекеттің арасындағы қатынастарда сыбайлас жемқорлық аясы сақталуда, сондықтан сыбайлас жемқорлықты жою бойынша батыл реформалар талап етіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті сайлауалды бағдарламадан бастап, көптеген сөз сөйлеулер мен құжаттарда осыған ерекше назар аударады.

Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге айтарлықтай үлес қосты, бірақ қоғамның сұраныстары мен жаңа сын-қатерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қайта жандандыруды талап етеді.

Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша
2022-2026 жылдарға арналған жаңа стратегиялық құжат әзірленді.

Онда негізі қаланған реформалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн тәртібінің орта мерзімді перспективадағы басты бағдары болып табылады.

Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде (2022 жылы 25 қаңтарда жарияланған) Қазақстанның позициясының төмендеуі бұл көрсеткіш сыбайлас жемқорлыққа қарсы «классикалық» шаралардың ғана емес, сонымен қатар саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалардың да бағасын көрсететінін көрсетті.

 

         Ұсыныстар

        

Адам құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық деңгейін нақты төмендету мақсатында:

1) ГРЕКО ұсынымдарын іске асыруда мемлекет пен қоғамның
күш-жігерін шоғырландыру (бағалаудың 1-2-раундының қорытындылары бойынша 2022 жылғы наурызда күтіледі);

2) жұртшылықты көзделген реформаларды пысықтауға және мониторингтеуге барынша тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын сапалы іске асыруды қамтамасыз ету;

3) тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының міндеттері мен нысаналы көрсеткіштерін декомпозициялау кезінде
2022 жылғы қаңтарда жарияланған Transparency International халықаралық ұйымының ұсынымдарына назар аударылу ұсынылады.

 

 

2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты орындауға негізделген тапсырмалары бар құжаттар тізімі:

 

  1. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген; Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен күшін жойды).
  2. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген).
  3. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы
    10 қыркүйектегі № 152 Жарлығымен бекітілген).
  4. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген).
  5. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген).
  6. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен 2019 жылы 20 мамырда өткен кеңестің № 19-01-7.14 хаттамасы.
  7. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен 2020 жылы 19 тамызда өткен кеңестің № 20-01-7.19 хаттамасы.
  8. Қазақстан Республикасы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспары (Агенттік төрағасының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 443 бұйрығымен бекітілген).

 

Ескертпе: стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпаратты енгізу туралы талапты орындау үшін (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларының 8-тармағы), жоғарыда көрсетілген тапсырмалардың тармақтарына баяндама мәтінінде сілтемелер жасалады.

 

 

 

Қысқартулар тізімі:

 

БҰҰ

Біріккен Ұлттар ұйымы

ГРЕКО

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттер тобы

ЭЫДҰ

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

ЖШС

жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ӘРПК

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

ҮЕҰ

Үкіметтік емес ұйымдар

ИИДМ

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

АШЖИ

ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау

АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

ОМО

орталық мемлекеттік органдар

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

КМС

квазимемлекеттік сектор

АҚ

акционерлік қоғам

ҰК

ұлттық компания

СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

МСМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЕХӘҚМ

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

ҰКП

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

РММ

Республикалық мемлекеттік мекеме

ӘӨБТ

әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі

ТСОБТ

тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі

ҰЖЛТ

ұлттық жария лауазымды тұлғалар

АЖҚТ

Ақшаны жылыстатумен қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы

АЖ

ақпараттық жүйе

ЖСН

жеке сәйкестендіру нөмірі

БҚО

Батыс Қазақстан облысы

СҚО

Солтүстік Қазақстан облысы

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы

ӘМ

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

АҚДМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық министрлігі

СИМ

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

ЦДАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ҚМ

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

БҒМ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ЭГТРМ

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ҮББ-4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі үлгілі базалық бағыт

ЕКПА

Европа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы

БҰҰДБ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

БҰҰЕҚБ

БҰҰ-ның Есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасы

ТМД

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

СЖТИ

Сыбайлас Жемқорлықты түйсіну индексі

ДЭМ

Дүниежүзілік экономикалық форум

 

 

 

 

Сілтемелер тізбесі:

 

[1] Министрліктерге қатысты «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының даму бағдарламаларын тексеру нәтижелері бойынша бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзуы» туралы кіші компонент қолданылмайды.

 

[1] Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI кодексі)

[2] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 89-VII Қазақстан Республикасының Заңы

[3] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы
29 желтоқсандағы № 91-VII Қазақстан Республикасының Заңы

[4] «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
29 қарашадағы № 790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 99 қаулысы

[5] Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысы); Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекіту туралы (ҰЭМ-нің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 57 бұйрығы; Ұлттық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу офисін құру туралы
(ҚР Премьер-Министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 37-ө өкімі)

[6] Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің 2021 жылғы қызметі туралы ұлттық баяндама («Рухани жаңғыру» өазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ)

[7] «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығы

[8] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 88-VII Қазақстан Республикасының Заңы

[9] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 18 қарашадағы № 73-VII Қазақстан Республикасының Заңы

10 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 15 қарашадағы № 72-VII Қазақстан Республикасының Заңы

11 «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы (ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысы)

12 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2021 жылғы 8 маусымдағы № 48-VII Қазақстан Республикасының Заңы

13 «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 605 Жарлығы

14 Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген; Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен күшін жойды)

15 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңы

16 «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 12 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығы

17 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Қазақстан Республикасының Заңы

18 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 шілдедегі № 153 Жарлығы

19 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы № 365-VI
Қазақстан Республикасының Заңы

20 «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Қазақстан Республикасының Заңы

21 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы19 желтоқсандағы № 384-VI Қазақстан Республикасының Заңы

22 «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы
2 ақпандағы № 802 Жарлығы.

 

 

2021 жылғы СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
Дата публикации
24 марта 2022