TED-x форматындағы кездесу: «Заң және тәртіп» - жастармен құқықтық мәдениет және жемқорлыққа қарсы құндылықтар туралы диалог

TED-x форматындағы кездесу: «Заң және тәртіп» - жастармен құқықтық мәдениет және жемқорлыққа қарсы құндылықтар туралы диалог

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ жастар арасында жемқорлықтан бас тарту тұрақты мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сананы арттыру мақсатында Талғар политехникалық колледжінің студенттерімен TED-x форматында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу білім беру ортасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру аясында өтті. Қатысушылар жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелерін, әділ және ашық қоғамды қалыптастырудағы жастардың рөлін, сондай-ақ адалдық, жауапкершілік және азаматтық белсенділік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын талқылады.

Спикерлер ретінде Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және педагогикалық қоғамдастықтың өкілдері, құқықтық мемлекет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құндылықтарын ұстанатын белсенді студенттер сөз сөйледі.

Іс-шара форматы ашық және сындарлы пікірталасты қамтамасыз етіп, қатысушыларға қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша түсініктемелер алуға ғана емес, сонымен қатар оқушы жастар арасында жемқорлыққа қарсы тәрбиенің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен бөлісуге мүмкіндік берді. Ерекше назар білім беру мекемелерінде жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырудың практикалық мысалдарын қарастыруға аударылды.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған Департаменттің дәйекті және жүйелі профилактикалық қызметінің құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#АдалАзамат

#Әділдік 

#Заңүстемдігі

#Заңбәрінеортақ