Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шараларын іске асыру шеңберінде және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желінің Алматы бөлімшесі» қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Темір жол саласы жүк және жолаушылар тасымалының тұрақты көлік байланысын және логистикасын қамтамасыз ететін экономиканың стратегиялық маңызды саласы. Осыған байланысты, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басым бағыттарының бірі жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, қызметкерлердің құқықтық санасын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді тетіктерін енгізу болып қала береді.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлеріне жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, оның ішінде лауазымдық міндеттерін орындаудағы заңдылық, адалдық және ашықтық қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы нормаларды бұзғаны үшін дербес жауапкершілік мәселелеріне, жемқорлық фактілері туралы адал хабарлайтын қызметкерлерді қорғау тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері этикалық нормаларды қатаң сақтау, ішкі бақылаудың заманауи құралдарын енгізу және жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын қауіпсіз жұмыс ортасын құру қажеттігін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экономиканың стратегиялық маңызды салаларында жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша кешенді жұмысын жалғастыруда. Бұл қызметтің маңызды элементі жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға және кәсіби ортада адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған профилактика болып қала береді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Заңбәрінеортақ