Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және кәсіби қызметте «Заң мен тәртіпті» ілгерілетуге бағытталған кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында ТЖД қызметкерлеріне жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау тетіктері және ықтимал құқық бұзушылықтарды анықтау кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін орындау барысында әдептілік нормалары мен парасаттылық қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кішігірім бұзушылықтардың өзі азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне және олардың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін еске салды.
Бұдан бөлек, жиынға қатысушыларға жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесінен мысалдар келтіріліп, жемқорлық құқық бұзушылықтарға әкелетін типтік қателер талданып, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының өкілдері мұндай кездесулер қоғамда жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және заңдылық қағидаттарын нығайту бойынша жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі екенін атап өтті.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Заңбәрінеортақ