Алматы облысы жастарының арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында пікірталас өтті

Алматы облысы жастарының арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында пікірталас өтті

Ағымдағы жылдың 5 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өңірдің дебат клубтары арасында«Заң мен тәртіп» тақырыбында пікірсайыс ойынының жолдастық кездесуі өткізілді. Іс-шараның мақсаты –сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын талқылау және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Пікірсайысқа Алматы облысының білім беру мекемелерінен 8 команда қатысып, жемқорлықпен күресудің тиімді тетіктері мен оның алдын алу бағытындағы ұсыныстарды талқылады.

Ойын барысында әр команда сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі өз көзқарастарын ортаға салып, қоғамда бұл құбылыстың таралуына жол бермеу үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және елімізде жемқорлықтың деңгейін төмендету бағытындағы пікірлерін білдірді.

Жолдастық пікірсайыс ойындарының қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар арнайы грамота және сыйлықтармен марапатталды.

Аталған шара жемқорлықпен күрес мәселесіне жастардың назарын аударып, оларға мемлекеттік қызметтің этикалық нормалары мен заңға бағынудың маңыздылығын түсіндіруде маңызды қадам болды.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#АдалАзамат

#Әділдік 

#Заңүстемдігі

#Заңбәрінеортақ