Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спорт саласындағы жемқорлықпен күресуде

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спорт саласындағы жемқорлықпен күресуде

Бүгін Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымның қатысуымен Қазақстандық спортшылар одағының өкілдері, оның ішінде Одақтың құрметті мүшелері, Олимпиада чемпиондары және ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері Серік Сәпиев және Ольга Шишигинамен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар, сондай-ақ спорт саласындағы Департамент жүзеге асырып жатқан сыртқы талдау аяқталғаннан кейін әзірленетін ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу жоспарлары талқыланды.

Кездесу барысында Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының м.у.а. Болат Жармаков жемқорлыққа қарсы күресте бірлескен күш-жігердің қажеттілігіне назар аударып, барлық мүдделі тараптардың осы процеске белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Ол, сондай-ақ, спорт өкілдерін аймақтағы спорт пен мәдениеттің дамуына үлес қосуға шақырды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым да адал және ашық спорт қоғамдастығын құруда күш-жігерді біріктіру қажеттігі туралы өз пікірін білдірді. Ол мұндай кездесулер мен талқылаулар жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Қазақстандық спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев спорт саласындағы жемқорлық спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ғана емес, жарыстың мәніне де елеулі қатер төндіретініне тоқталды.

«Жеңіс үшін әділ күрес және салауатты бәсекелестік – бұл сыбайлас жемқорлық тәжірибесіне берілмеуі керек спорттың негізгі қағидасы», - деп түйіндеді ол.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық Кеңесінің мүшесі Серік Сәпиев спорттағы жемқорлыққа қарсы күрес бастамасын қолдап, спортшылар жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатын жағдай жасау үшін әділ ойын мен қоғам тарапынан қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, олимпиада чемпионы Ольга Шишигина күресте жәрдемдесуге дайын екенін, сондай-ақ бөлінетін қаражатты игеру мен мақсатты тағайындауда ашықтықты құрудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу нәтижесінде қатысушылар спорт саласында жемқорлыққа қарсы шаралар тұрақты болып, осы саланы дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді деп үміт білдірді.