Алматы облысында спорт саласында жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде

Алматы облысында спорт саласында жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.

Талдау шеңберінде облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне талдау жасалынады.

Бұдан бөлек, спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады.

Талдау Департаменттің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізіледі.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады.

Егер Сізде жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе спортты қаржыландыру саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды almobl.prevent@antikor.gov.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.