Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Еңбекшіқазақ ауданы әкімін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.
Мониторинг барысында әкімнің активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған маманды жұмысқа қабылдағаны анықталды. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген талаптарды бұзу болып табылады (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы).
Аталған тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Істі қарау барысында шенеунік кінәсін толық мойындады.
Нәтижесінде әкімге 50 МРП көлемінде айыппұл салынды.