Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қарасай ауданы әкімін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.
Мониторинг барысында әкімнің активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсынбаған үміткерді Қарасай ауданы Кәсіпкерлік бөлімі басшысының м.а. лауазымына тағайындағаны анықталды.
Бөлім басшысы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға. Сондықтан бұл ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген талаптарды бұзу болып табылады (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы).
Аталған тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Істі қарау барысында әкім кінәсін толық мойындады.
Нәтижесінде әкімге 50 МРП көлемінде айыппұл салынды.