Антикор қызметі қымбат сыйлық жиынтығын сатып алуға қызығушылық танытты

Антикор қызметі қымбат сыйлық жиынтығын сатып алуға қызығушылық танытты

Мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу шеңберінде Алматы облысының ішкі саясат басқармасының сатып алу жоспары зерделенді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызығушылығын 1 бірлікке 18,4 млн теңгеге азық-түлік емес сыйлық жиынтығын сатып алу бойынша лот тудырды.

«Бірыңғай сатып алу терезесі» ақпараттық жүйесі сәйкес ұқсас жиынтықтардың орташа нарықтық құны небәрі 3 500 теңгені құрайды, яғни баға 525 373% - ға жоғары көрсетілген.

Антикор араласқаннан кейін, сатып алу жоспары нарықтық бағаға сәйкес келтірілді.

Осылайша, 18,4 млн теңгені ұтымсыз пайдалануға жол берілмеді.

Естеріңізге салсақ, жыл басынан бері Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  тарапынан өңірдің мемлекеттік органдарының сатып алу порталының мониторингі шеңберінде 800 млн.теңгені мақсатсыз пайдалануға жол берілмеді.