Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді

Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді

      Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы»» ММ басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

      Лауазымды тұлға қолма-қол ақшаға айналған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктенеді.

      Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Іле ауданының тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды.

     Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

     ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

     Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.