СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жетісу облысы бойынша басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі комиссияның сарапшысы А.Т.Жазықбаевтың қатысуымен облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерімен, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін атап өтті.

Тыңдаушылардың назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысындағы жаңа үрдістер – акценттерді постфактумнан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен сақтандыру жайлы ақпарат ұсынды – бұл бағыттағы негізгі күш-жігер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалатын халық үшін өзекті мәселелерді шешуге, сондай-ақ мемлекет бюджетінің шығынын болдырмауға бағытталған.

Осыған байланысты облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы ұсынылды және онда айқындалған сыбайлас жемқорлық салалары бойынша жүргізілетін жұмыс жария етілді.

Сонымен қатар, қолданыстағы құқықтық құралдар – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен оларды іске асыру тетігі де таныстырылды.

Қорытындылай келе, Тимур Темірәлиев әр азаматты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өзінен бастауға шақырды. Сондай-ақ, өз сөзінде осы әлеуметтік зұлымдықпен күресте жалпы күш-жігердің арқасында нақты жетістікке қол жеткізе алатынымызды атап өтті.