ҚАРАТАЛ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАРАТАЛ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2022 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев жұмыс сапарымен Қаратал ауданына барды.

Кездесуге аудан әкімі Е.Ш. Исабеков, аудандық Қоғамдық кеңестің, «Әділдік жолы» РҚБ филиалының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ әкімдіктің аудандық бөлімдерінің, құқық қорғау органдарының басшылары, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері мен журналистер қатысты.

Кездесу аясында қатысушыларға облыс пен ауданның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің карталары ұсынылды. Жетісу облысы бойынша Қаратал ауданының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдар және т. б. салалары белгіленген.

Тыңдаушылардың назарына 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша орталықта жүргізіліп жатқан жұмыстар жеткізілді, тиісті Жоспарда белгіленген бірқатар іс-шаралар түсіндірілді.

Сонымен қатар, спикер БАҚ өкілдерінің сұрауы бойынша қылмыстық-құқықтық статистиканы жария етті. Ол ағымдағы жылдың 7 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың нақты өскенін атап өтті (100/66). Сонымен қатар, цифрлық деректер нақты көріністі бермейтіні де аталды: Сонымен қатар, цифрлық деректер нақты көріністі бермейтіні де аталды: "...әр санды түсіну керек. Мысалы, өсу қандай да бір дәрежеде көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аясында қызметіне жол берілмеген пара алу фактілерімен байланысты. Яғни, осы мәселедегі жағдайдың объективтілігі үшін тартылған субъектілердің санын басшылыққа алу керек".

 Кездесу соңында Антикор өкілі басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі туралы еске салып, негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен телефон хабарламаларына жедел ден қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау болып табылатын Агенттіктің 1424 Колл-орталығының жұмыс принципін атап өтті.