СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ КӨКСУ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ КӨКСУ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ

2022 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Тимур Темірәлиев жұмыс сапарымен Көксу ауданына барды.

Кездесуге аудан әкімі М.К. Көлбаев, аудандық Қоғамдық кеңестің,                       "Әділдік жолы" РҚБ филиалының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ әкімдіктің аудандық бөлімдерінің, құқық қорғау органдарының басшылары және кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу аясында қатысушыларға Мемлекет басшысы мен Агенттік Төрағасының жұмысты қайта форматтау– акценттерді постфактумнан сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы мен алдын алуға бағдарлау туралы талаптары жеткізілді .

Осы мақсатта облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы және аудан картасы ұсынылды. Мемлекеттік қызметшілер мен қоғам өкілдерін облыс халқына сезімтал құқықтық қатынастардың түрлі салаларындағы келеңсіз алғышарттарды жоюға белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша орталықта жүргізіліп жатқан жұмыстар тыңдаушылардың назарына жеткізілді, тиісті Жоспарда белгіленген бірқатар іс-шаралар көрсетілді.

Спикер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға бір жолғы ақшалай сыйақы тағайындалғанын атап өтті.

Есепті кезеңде 500 мың теңгеден астам сомаға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен 3 адам көтермеленді.

Кездесу соңында Антикор өкілі негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен телефон хабарламаларына жедел ден қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау болып табылатын Агенттіктің 1424 Колл-орталығы жұмысының басымдығын атап өтті.