Алматы облысында Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Алматы облысында Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Кербұлақ ауданының полиция бөлімі бастығының өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021-2022 жылдар аралығында, жалпы сомасы 571 млн. теңге құрайтын шот-фактураларды жазып, қызмет көрсетіп, тауарларды жөнелту мақсатында облыс тұрғындарына шағын бизнес субъектілерін (ЖК) тіркеген», – деп хабарлады ведомсвоның баспасөз қызметі.

Антикоррупциялық қызметтің сөзінше, кінәсін мойындауына байланысты аталған тұлғаға қатысты іс жүргізу бойынша ұстау жүргізілген жоқ.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.