«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ

«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысы білім басқармасымен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Адал ұрпақ"ерікті мектеп клубтарының слетін ұйымдастырды.

Бүгін Оқушылар сарайының алаңында "Адал ұрпақ"мектеп клубтарының облыстық слетін марапаттау рәсімі өтті.

Слетке ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жумабаев Жандос, Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Адамбекова Айжан Маманова, сондай-ақ команда капитандары мен клуб қатысушылары қатысты.

Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.

Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы атап өткендей «Біздің баршамыздың парызымыз-өз халқының мүддесін өзінен жоғары қоятын, адалдық, бауырластық, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіре білген ұрпақты тәрбиелеу. Біз болашақ ұрпағымызды тек тәрбие мен білімге ғана емес, адал еңбекке де үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық өз еліне адал қызмет етуден және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуы үшін мектеп қабырғасынан бастап осы бағытта тәрбие беру маңызды».

Жемқорлыққа қарсылық білім берудің барлық сатысында жүргізілуге тиісті және мемлекеттік білім стандарттары аясында, жалпы білім беру бағдарламаларына негізделген, қоғам мен мемлекеттің, жеке тұлғаның мүдделеріне ыңғайластырылған білім беру мен тәрбиелеудің мақсатты үдерісі ретінде ел игілігіне қызмет етуге міндетті. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын осы тұрғыда оқушылар бойында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыратын, құқықтық сана мен мәдениеттің деңгейін арттыратын ерікті бірлестік ретінде қабылдауға болады. Бұл қозғалыс мектептердегі жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, құқықтық білімді де кеңінен насихаттайды. Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті нығайту жөніндегі бастамалар мен  жемқорлыққа қарсы шараларға белсене қатысу лайықты түрде марапатталады. 

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Гран при - Іле ауданы;

І орын - Панфилов ауданы;

ІІ орын - Көксу ауданы;

ІІІ орын - Еңбекшіқазақ ауданы.

Жоғарыда аталған командалар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, слетке әр аудан мен қаланың "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының үздік командаларының 20 капитаны қатысты. Команда капитандары аудан оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өз жобаларын қорғап, үздік әндерді орындады.