Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен профилактикалық кездесу

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен профилактикалық кездесу
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Аманжол Жазықбаев Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша кездесу өткізді.
 
Семинар барысында алдын алу шараларын қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді. Кездесуге қатысушыларға департаментпен іске асырып жатқан "Жетісу адалдық алаңы" жобалары, "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы", ISO 37001 платформасының мүмкіндіктері, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының жұмысы туралы ақпарат берілді.
 
Сонымен қатар, облыстық төтенше жағдайлар департаменті базасында "Жетісу-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің фронт – офисі ашылды.
 
Сөз сөйлеу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетіліп, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.