Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескен адамдар ақшалай көтермеленді

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескен адамдар ақшалай көтермеленді
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев Antikor Ortalygy алаңында өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдар қалай ынталандырылатыны туралы айтып берді.
Жандос Жұмабаев бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жұмыстың пәрменді тетіктерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу болып табылатынын атап өтті.
Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу:
1) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау;
2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру болып табылады;
3) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.
2020 жылғы 15 ақпаннан бастап сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін сыйақының сараланған жүйесі жұмыс істейді.
Спикердің айтуынша, 2020 жылы Алматы облысының 13 тұрғыны 2 328 280 теңге көлемінде сыйақы алды.
2021 жылдың басынан бері3 адам 612 570 теңге көлемінде сыйақы алды.
Талдау көрсеткендей, негізінен азаматтар парақорлық, ұрлау және билікті теріс пайдалану фактілері туралы хабарлайды.
Ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органға тиісті өтініш береді және ол үшін грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түрінде көтермелеу белгіленуі мүмкін.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерімен немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпараттың бар болуы кезінде барлық азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің "1424" телефоны бойынша CALL-орталығына хабарлауды немесе Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 36/42 мекенжайы бойынша орналасқан Алматы облысы бойынша Департаментке жүгінуді сұраймыз. Анонимділікке кепілдік берілетіні атап өтті.