Облыстық аурухана қызметкерлеріне онлайн-семинар өткізілді

Облыстық аурухана қызметкерлеріне онлайн-семинар өткізілді
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ЗАҢНАМА НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОНЛАЙН ФОРМАТТА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
 
Онлайн семинар барысында ІІО бойынша офицер Омирбеков Бахытжан қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді.
 
Сонымен қатар, кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдістері қарастырылды, олар: мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылық стандарттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға жауап беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет институты, ISO 37001 халықаралық стандарты.
 
Сондай-ақ, семинар соңында медицина қызметкерлерінен келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.