«Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен активтерді қайтару Алматы облысындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуде

«Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен активтерді қайтару Алматы облысындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуде

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.

Бұл жұмыс Мемлекет Басшысының «follow the money» қағидаты бойынша берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатыр және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытка дейін Агенттік мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 трлн 152 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақша қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті. Оның ішінде 329,4 млрд теңге қаражат тікелей бюджетке өтелді.

Сонымен қатар, аталған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арнайы шотына 153,3 млрд теңге аударылды.

Қор есебінен 9,8 млрд теңге Алматы облысындағы 7 жалпы білім беретін мектептердің құрылысына бөлінді. Іле ауданында үш мектеп, Қарасай ауданында екі мектеп, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында бір мектептен салынды.

Бөлінген қаражат мақсатты жұмсалуды бақылаудың белгіленген тәртібін қатаң сақтай отырып, толық көлемде игерілді.

Қазіргі уақытта 9600 оқу орнына есептелген мектептер пайдалануға беріліп, қажетті жабдықтармен, кадрлық құраммен және оқу процесін ұйымдастыруға заманауи жағдайлармен жарақтандырылды.

Бұл жобаны іске асыру аталған аудандарда үш ауысымдық оқыту режимін жоюға, жергілікті тұрғындар үшін білім берудің қолжетімділігін едәуір арттыруға және қолданыстағы білім беру мекемелеріне жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП