Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызмет органдарында заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің алдын алу шараларына бастамашылық етті

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызмет органдарында заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің алдын алу шараларына бастамашылық етті

Ағымдағы жылдың 19 маусымында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлеріне профилактикалық дәріс өткізді. Іс-шара мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылық пен тәртіпті нығайтуға және жеке құрам арасында жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Дәріс барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың негізгі нормалары түсіндіріліп, қызметтік практикадағы ықтимал тәуекелдерге ұшырайтын неғұрлым осал аймақтар белгіленді.

Кездесу аясында қызмет барысында туындайтын жемқорлық факторларын уақтылы анықтау және алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ оларды жоюдың тиімді тетіктеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысушылардың назарын қызметтік жағдайды заңсыз пайдалануға, мүдделер қақтығысының көріністеріне жол бермеуге және жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларына аударды.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік аппаратта жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастыруға, жеке жауапкершілік деңгейін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет органдарының жұмысында заңдылық, ашықтық және есеп беру қағидаттарын нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#ҚұқықтықМәдениет

#Заңүстемдігі