Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті превентивті шаралар аясында Жамбыл ауданының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.
Іс-шара кәсіпкерлік ортадағы заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы ашық әрі сындарлы диалогты дамытуға бағытталған.
Кездесу барысында қатысушыларға жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормалары бойынша түсіндірмелер беріліп, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыс басымдықтары таныстырылды.
Сонымен қатар, шара аясында қолданыстағы құқықтық тетіктерге баса назар аударылды. Атап айтқанда, жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің рөлі, уәкілетті органдарға жүгіну тәртібі және қоғамдық бақылау механизмдерінің тиімділігі жан-жақты қарастырылды.
Сондай-ақ кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың практикалық мәселелері де талқыланды.
Талқылау барысында қосымша құқықтық бағалауды және құзыретті органдардың сүйемелдеуін талап ететін бірқатар өзекті мәселелер айқындалып, нақты түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.
Департамент кәсіпкерлік саласында заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғастыратын болады. Мұндай кездесулер облыстың басқа да аудандарында өткізу үшін жоспарланған.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік
#Заңүстемдігі