Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамдық бақылау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысына қатысты

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамдық бақылау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысына қатысты

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 5 маусымында Қарасай ауданында Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт қатысты.

Талқылау құқық үстемдігін қамтамасыз етуге, заңдылықты нығайтуға және мемлекеттік институттардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Заң және тәртіп» нарративін жүзеге асыру контекстінде өтті. Сондай-ақ, жемқорлықтың алдын алудың тиімді тетіктерінің бірі ретінде қоғамдық бақылауды дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Өз сөзінде Айдос Мамыт өңірлік деңгейдегі жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі басымдықтарын атап өтті. Ол жүйелі алдын алу шаралары, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, процестерді цифрландыру және адалдық мәдениетін дамыту жемқорлық көріністеріне қарсы тұрудың негізін құрайтынын баса айтты.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі маңызды міндеттердің бірі - халық пен мемлекеттік билік органдары арасында тұрақты өзара іс-қимыл орнату. Қоғамдық бақылау жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен азайтудың тиімді құралына айналуы тиіс», - деді Айдос Мамыт.

Талқылау қорытындысы бойынша жемқорлыққа қарсы саладағы бірлескен бастамаларды іске асыруды қосқанда бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті ашықтық қағидаттарына бейілділігін және мемлекеттік жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мен жергілікті жерлерде қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін растады.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#ҚұқықтықМәдениет

#Заңүстемдігі