Ағымдағы жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілерге арналған профилактикалық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт дәріс оқыды. Өз сөзінде ол әрбір мемлекеттік қызметші заңнаманы қатаң сақтап, заң мен тәртіп аясында әрекет етуге, жоғары құқықтық мәдениет көрсетіп, қызметінде кез келген жемқорлық көріністеріне жол бермеуге міндетті екенін атап өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшінің мемлекет өкілі және азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің кепілі ретіндегі рөлі, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Айдос Мамыт атап өткендей, мемлекеттік қызметтің алғашқы кезеңінен бастап мемлекеттік қызметшілерде дұрыс қағидаттар мен құндылықтарды қалыптастыру, жоғары жауапкершілік, адалдық және жемқорлыққа төзбеушілік сияқты қасиеттерді дамыту аса маңызды. Дәл осы қасиеттер мемлекеттік қызметте адал әрі тиімді жұмыс істеудің берік іргетасы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, заңдылық пен тәртіпті нығайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту бағытындағы профилактикалық іс-шараларды жалғастыра береді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#АдалАзамат
#Заңүстемдігі