
13 мамырда Жетісу облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының аясында заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушы Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілі – Г. Валиева болды.
Кездесу барысында заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды қолданудың негізгі аспектілері, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру барысы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер жан-жақты талқыланды.
Келесідей маңызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді түсіндіруге ерекше назар аударылды:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі қатысушыларға Тұжырымдамада көзделген адалдыққа тексеруді (integrity testing) енгізу туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді. Бұл тетік жосықсыз мемлекеттік қызметшілерді уақытында анықтауға және қызметінен босатуға мүмкіндік береді, бұл олардың ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қоғамға келетін зиянның алдын алуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық колл-орталығы – 1424 жұмысы түсіндірілді, оның негізгі функциясы азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялық қолдау көрсету және телефон арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарламаларды жедел қабылдау болып табылады.