Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер мен Көлік бақылау инспекциясы бірлесіп, жолаушылар тасымалдау ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында жолаушылар пойыздарына жүйелі түрде мониторинг жүргізуде.
Жыл басынан бері 247 жолаушылар вагонынан тұратын 18 жолаушылар пойызы мониторингпен қамтылды. Атап айтқанда, Қызылорда – Семей, Алматы – Өскемен, Ташкент – Новосібір, Бішкек – Новосібір, Алматы – Достық бағыттары бойынша қатынайтын пойыздар тексерілді.
Мониторинг барысында жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін тасымалдау ережелерінің талаптарын бұзушылықтар анықталды, олардың әрқайсысы бойынша тиісті актілер жасалды. Анықталған бұзушылықтардың арасында:
Анықталған бұзушылықтар бойынша Жетісу облысы бойынша Көлік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен 22 әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта 8 хаттама қаралды, олардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 273 274 теңгеге айыппұлдар салынды және өндірілді.