Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтардың ерлігі мен бірлігін бейнелейтін айтулы күн – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында, 9 мамырда Жетісу облысының әкімі Б. Исабаевтың, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы С. Ахметжановтың, облыстың құқық қорғау органдарының басшыларының, тыл ардагерлерінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жетісу облысы бойынша ардагерлерінің, облыстық және қалалық ардагерлер кеңестерінің мүшелерінің, Ауған соғысы мен Семей-Чернобыль апатының ардагерлерінің қатысуымен Даңқ обелискіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Жеңіс күні әрқайсымыз үшін зор маңызға ие. Бұл күн бізге Ұлы Отан соғысы кезіндегі солдаттар мен халықтың ерлігін еске салады және қатал шайқаста бейбітшілікті қорғағандардың жадының символы болып табылады. Ұлы Жеңіс әркімнің жүрегі мен жадында болуы тиіс.