Табиғи монополияларды реттеу саласындағы қылмыстарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою идеясы қарастырылды.

Табиғи монополияларды реттеу саласындағы қылмыстарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою идеясы қарастырылды.

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы С.К. Ахметжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономка министрлігімен (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) бірлесіп ZOOM бейнебайланысы арқылы ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттерінің қатысуымен жиын өткізді.

Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Д.Ш. Нүсіп баяндама жасай отырып, ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - ТМРКД) басшысына және «Талдықорған акционерлік электржүйелерінің тасымалдау компаниясы» акционарлік қоғамының (бұдан әрі – «ТАЭТК» АҚ) басқарма төрағасына қатысты «ТАЭТК» АҚ-ның электр энергиясын беру қызметіне териф және тарифтік сметасының қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы бұйрықты кедергісіз және тез арада шығару үшін пара алу және беру дерегі бойынша қылмыстық істің тергеу нәтижелерімен таныстырды.

Мән-жайларды жою туралы енгізілген ұсыныс шеңберінде қатысушылардың назарына мұндай құқық бұзушылықтарға тікелей басшылар тарапынан тиісті ведомстволық бақылаудың болмауы, ТМРКД лауазымды адамдары мен «ТАЭТК» АҚ-ның өкілдерінің арасында сыбайлас жемқорлық сөз байласуға әкеп соғатын дискрециялық өкілеттіктердің және тікелей байланыс тәуекелінің болуы салдарынан жол берілгені жеткізілді.

Департаментпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша профилактикалық іс-шараларды тоқсан сайын өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізе отырып, комплаенс қызметтердің рөлін күшейту ұсынылды.

Іс-шара барысында жиынға қатысушылар 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі мақсаттары, міндеттері мен үрдістерімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы новеллалармен және қабылданып жатқан шаралармен танысты.