TEDx форматында жастармен кездесу

TEDx форматында жастармен кездесу

16 сәуірде Талдықорған қаласындағы Достық үйінде Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жастармен TEDx форматында кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Тимур Темиралиев, сондай-ақ журналист, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Идигов Атсалим Саламович «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында қатысты.

Журналист және қоғам қайраткері Атсалим Идигов өз білімі мен тәжірибесімен бөлісіп, жемқорлықтың тамырларын талдап, жалпыадамзаттық құндылықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға қалай ықпал ететінін көрсетті. Спикер жас ұрпақтың бойында жауапкершілік сезімін, азаматтық ұстанымын және жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Т. Темиралиев тыңдаушыларды өмірдің түрлі салаларындағы жемқорлықтың ерекшеліктерімен, оның себептері мен теріс салдарын таныстырды. Жастар арасында жемқорлыққа нөлдік төзімділік мәдениетін тәрбиелеу Қазақстанның стратегиялық дамуының негізгі бағыты болып табылатыны атап өтілді.

Сондай-ақ, аудиторияға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа форматы – факті бойынша әрекет етуден алдын алу мен ескертуге басымдық беру жеткізілді. Жастар өңір халқы үшін өзекті мәселелердің теріс алғышарттарын жоюға белсенді қатысуға шақырылды.

Бұдан басқа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен жастар арасында «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобалары іске асырылуда, сонымен қатар түрлі челлендждер мен акциялар өткізілуде. Барлық іс-шаралар жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және адалдық қағидаттарын тәрбиелеуге бағытталған.

Интерактивті пікірталас форматында оқушылар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, өз ойларымен бөлісті.