
31 наурызда Жетісу облысының қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелеріне, сондай-ақ заң мен тәртіптің сақталуына арналған кездесу өтті. Кездесуде Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілдері – А. Изгуттиева мен Г. Валиева сөз сөйледі.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық құралдар, 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылу барысы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер егжей-тегжейлі қаралды.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру, комплаенс-қызметтерді дамыту арқылы квазимемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ұйымдардың қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды ерікті түрде енгізу сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі тетіктерді түсіндіруге ерекше назар аударылды.
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері Тұжырымдамада қарастырылған адалдыққа тексеруді (integrity testing) енгізу туралы егжей-тегжейлі айтып берді, бұл адал емес қызметкерлерді уақтылы анықтауға және жұмыстан шығаруға мүмкіндік береді, осылайша олардың ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қоғамға келтірілетін зиянның алдын алады.
Іс-шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ Агенттіктің 1424 колл-орталығының жұмысы туралы толық ақпарат берілді.