
27 наурызда Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің қызметкерлері Б.Римова атындағы театр ұжымын Халықаралық театр күнімен құттықтады!
Театр өнері мәдени-құқықтық қоғамды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ол азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді, әділдік пен теңдікке шақырады. Театр – біз өзекті мәселелерді шешу жолдарын бірге іздей алатын диалог алаңы.
Салатанатты жиында «Көке» сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы қойылымға қатысқан әртістерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сіздің шығармашылығыңыз бізді шабыттандырады, ойландырады және сезінуге мәжбүр етеді. Алғыс айтушы көрермендер саны үнемі өсе берсін!