
Ағымдағы жылдың 28 наурызында Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің өкілі Валиева Гүлмира сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп, облыс орталығындағы автомобиль жолдарының жай-күйіне мониторинг жүргізді.
Нәтижесінде маусымдық жауын-шашыннан кейін пайда болған жолдардың жекелеген учаскелерінде бірқатар ақаулар анықталды.
Анықталған ақауларды Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы ескеріп, жолдарды ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстары 2025 жылдың сәуір айының басына жоспарланғанын түсіндірді. Бірінші кезекте жөндеу жұмыстары автобус бағыттары өтетін қаланың орталық көшелерін, содан кейін екінші дәрежелі көшелерді және Өтенай мен Еркін қала маңындағы аудандарды қамтиды.
Қазіргі әлемде азаматтық белсенділер өткір әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Олардың қызметі қоғамдық өмірдің барлық саласында адалдық пен ашықтықты ілгерілетуге бағытталған, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өте маңызды.