Талдықорғандағы жылу желілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу

Талдықорғандағы жылу желілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу

Ағымдағы жылдың 28 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер Талдықорған қаласындағы Дарабозана, Абай, Гауһар ана, Қабанбай батыр және Балпық би көшелеріндегі жылу желілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізді. Ұзақ уақыт бойы жөндеу жұмыстары жүргізілген учаскеде асфальт жабыны жоқ. Бұл учаске қаланың орталығында қарқынды қозғалыспен орналасқан, бұл автокөлік жүргізушілеріне айтарлықтай қолайсыздықтар туғызады.

Мониторинг барысында Талдықорған қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Алмас Барлыбеков аталған көшелердегі жылу желілерінің учаскелерін қайта жаңарту жұмыстары 2023 жылдан бастап жұмыс кестесіне сәйкес басталғанын және жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта жылумен жабдықтаудың 1,8 км желісін төсеуді және жылу камераларын орнатуды қоса алғанда, жылу желілерін қайта жаңарту аяқталды. Алайда, Қабанбай батыр және Балпық би көшелеріндегі асфальт жабынын төсеу әлі аяқталған жоқ. Жұмыстарды қайта бастау сәуір айына жоспарланған және аяқтау - 2025 жылдың мамыр айының соңына дейін.