
Ағымдағы жылдың 19 наурызында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру шеңберінде Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Гүлмира Валиева Агроөнеркәсптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Ашық диалог форматында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың сәтті мысалдарымен бөлісті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың нақты жағдайларын қарастырды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жолдары зерттелді. Кездесу соңында қатысушыларға оқыту бейнематериалдары көрсетілді және консультациялар мен сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары туралы хабарламалар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 колл-орталығы туралы еске салынды. Мұндай іс-шаралар ашықтық, заңдылық қағидаттарын нығайтуға және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына деген сенімді арттыруға ықпал етеді.