"Облыстық кардиологиялық орталық" ШЖҚ МКК Комплаенс-офицері жұмыстан босатылған қызметкерге сыйлықақыны заңсыз есептеу және ұйым қызметкерлерінің еңбек өтілін нақты есептемеу фактісін анықтады.
Орталық директоры анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша кадрлар жөніндегі аға инспектор және бас бухгалтерге ескертулер жариялады. Заңсыз төленген ақша ұйымның шотына қайтарылды.
Естеріңізге сала кетейік, комплаенс қызметтерінің басты міндеті қылмыстық істер мен имидждік шығындарды тіркеуге дейін жеткізбей, ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің уақтылы алдын алу болып табылады.