ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АНТИКОР ҚЫЗМЕТІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУДЫ БАСТАДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АНТИКОР ҚЫЗМЕТІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУДЫ БАСТАДЫ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облыс бойынша департаменті ағымдағы жылдың 27 сәуірінен бастап мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

Департамент пен Білім басқарма басшылардың бірлескен бұйрығына қол қойылды.

Осы мәселе бойынша жұмыс тобына қоғам және бірқатар басқа органдарының өкілдері қосылды.

Егер Сізде білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты ақпарат болса, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42 мекенжайы бойынша орналасқан Антикор орталығына, жеке парақшаға немесе электрондық мекенжайға хабарласуға болады upk_almobl@mail.ru.

Құрметті облыс тұрғындары, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін әрбір азаматтың пікірі маңызды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда белсенділік танытуға және өз үлесін қосуға шақырамыз.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефонына хабарласуларыңызға болады: 8-7282-609-836,            8-705-871-87-87.