Жетісу облысы әкімінің аппаратында заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған маңызды семинар өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауы аясында ұйымдастырылды.
Семинарға облыстық басқармалардың, Жетісу облысы әкімі аппаратының, сондай-ақ аудандық әкімдіктердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Негізгі мақсат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы іс-қимыл жасау және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін мүлтіксіз орындау мәселелерін жан-жақты талқылау болды.
Баяндамамен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Асқар Арыстан сөз сөйледі.
Өз баяндамасында ол ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын 2022-2026 жылдарға арналған кезеңде іске асырудың айрықша маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы новеллалар мен өзгерістер туралы түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңының негізгі аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін қоғамда сақтауға және нығайтуға бағытталған іс-шара ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Спикер Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың стратегиялық рөлі туралы толық айтып берді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және алдын алу шараларына ерекше назар аударылды:
Семинар Жетісу облысының мемлекеттік қызметшілері арасында тәжірибе алмасу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды нығайту үшін маңызды алаң болды.