
Балаларды қорғау күні қарсаңында, ағымдағы жылдың 29 мамырында, Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті Талдықорған қаласының бірқатар мамандандырылған балалар мекемелеріне барды. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» қағидаттарын іске асыру аясында өтті.
Департамент қызметкерлері Талдықорған қаласындағы Сәбилер үйінің, аутизм және басқа да психикалық бұзылыстары бар балаларға арналған күндізгі орталықтың және «Қамқор» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Талдықорған орталығының тәрбиеленушілеріне барды.
Сапар барысында бөбектер мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға сыйлықтар, спорттық құрал-жабдықтар және түрлі үстел ойындары дайындалып, табыс етілді.
Бұл бастама — жай ғана қайырымдылық емес, сонымен қатар қоғамға әрбір баланы қорғаудың және барлық балаларға бақытты, дені сау, тәрбиелі және жауапкершілігі мол адам болып өсуге мүмкіндік берудің маңыздылығын еске салу. Адалдық мәдениетін қалыптастыруда тәрбиенің үздіксіздігі табыстың кепілі болып табылады.
Бұл жұмыс, ең алдымен, көзқарастары мен пікірлері әлі қалыптасып жатқан өскелең ұрпаққа бағытталған. Балалар әділетсіздіктің кез келген көріністеріне өте сезімтал, өтірікті тез сезінеді және инстинктивті түрде адалдыққа ұмтылады. Сондықтан да кішкентай кезінен бастап адалдық идеологиясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыру қажет.