
Ағымдағы жылдың 28 мамырында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы С.К. Ахметжанов проблемалық құрылыс нысандарының бірі – «Алакөл ауданы, Лепсинск ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» нысанына барды.
Көшпелі мониторингке Жетісу облысы Құрылыс басқарма басшысы, Алакөл ауданының әкімі, Үшарал өңірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімнің басшысы қатысты.
Жоба ауыл тұрғындарының, атап айтқанда жастардың, спортпен бұқаралық шұғылдануына жағдай жасауға арналған және өңірдің спорттық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Құрылыс басқармасы басшысының хабарлауынша, жобаға түзетулер енгізуге және оған 240 орындық жатақхана құрылысын қосуға байланысты жұмыстар бұған дейін тоқтатылған болатын.
Нысанды тексеру барысында орындалып жатқан жұмыстардың сапасына қатысты жекелеген ескертулер анықталды, сондай-ақ туындаған проблемаларды шешудің ықтимал жолдары талқыланды.
Департамент басшысы мемлекеттік құрылыс жобаларын іске асыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етудің және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеудің маңыздылығын атап өтті. Дәл осы қағидаттар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының негізін қалайды, сол арқылы құрылыс саласындағы мемлекеттік бастамаларға деген әділдікті, есептілікті және сенімді қамтамасыз етеді.
Сапар қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдарға құрылысты белгіленген кестеге сәйкес аяқтау, анықталған кемшіліктерді жою, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды күшейту бойынша шұғыл шаралар қабылдау туралы ұсынымдар берілді.