Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне қоғамдық бақылау жүргізілді

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне қоғамдық бақылау жүргізілді

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету – бүгінгі қоғам дамуының өзекті міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы бастамалардың бірі ретінде Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметіне қоғамдық бақылау жүргізді.

Қоғамдық бақылау барысында еріктілер ХҚКО-ның ішкі жұмыс тәртібімен, көрсетілетін қызмет түрлерімен, сондай-ақ қызметкерлердің күнделікті қызметі мен олар кездесетін түйткілді мәселелерімен егжей-тегжейлі танысты. Ерекше назар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайларға аударылды – ғимараттың қолжетімділігі, бағыттаушы белгілердің ыңғайлылығы және көрсетілетін қызметтің сапасы мұқият зерделенді.

Сыбайлас жемқорлықтың ықтимал тәуекелдерінің бірі – азаматтардың ХҚКО қызметкерлеріне жеке алғыс білдіруге деген ұмтылысын атап өтуге болады. Мұндай әрекеттер, тіпті жақсы ниетпен жасалса да, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасап, мемлекеттік қызметтерді алудағы теңдік пен ашықтық қағидаттарын бұзуы мүмкін. Осы орайда, қызметкерлерге заңсыз әрекеттерден туындайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.